Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)



бет21/29
Дата17.10.2023
өлшемі220,31 Kb.
#186057
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары-emirsaba.org

69. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС).
Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат Адамзат өзінің тарихи эволюциялық даму барысында мәжбүрлеудің тек екі балама жүйесін қалыптастырды. Біріншісі — адам еркіне әкімшілік ықпал ету және екіншісі — өндірушінің құқықтық еркіндігіне кепілдік бере отырып экономикалық мәжбүрлеу жүйесі. Олардың қатар өмір сүруі іс жүзінде мүмкін емес, өйткені әкімшілік жүйе мәжбүрлеудің экономикалық мүддесінің әсерін әлсіретіп шектейді, және керісінше оған экономикалық құралдарды енгізу әкімшілік жүйені билігіне нұқсан келтіреді.
«Әскери коммунизм үшін» саясаты өзінің меншік қатынастары құрылымдарын мемлекет қарауына орталықтандыру және экономиканы іс жүзінде, тіпті, милитарланған директивалық басқару сияқты негізгі принииптері арқылы мәжбүрлеулін басты үлгісін ұстанғанын білдірді. Мұны мемлекеттің бүкіл саясатының арқауына айналдыру халық шаруашылығының босансуы мен тоқырауына әкеп соқтырды.
Дағдарысты жағдайда большевиктер революциялық рухтағы романтиканың утопиялық догмаларынан амалсыз бас тартты. Ленин, партия басшыларының едәуір бөлігінің қарсы тұруына қарамастан, тарихи келісімге барды. Оның астарында меншіктін әр түрлі нысандарына қатысты барынша шыдамды саясат және тауар-ақша, нарықтық қатынастар факторлары мен басқа да экономикалық стимулдарды одан әрі мойындамаудын мүмкін еместігін сезіну бар еді. Қазақстандағы орын алған жағдай бүкіл елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың сыңайын танытты. Барлық жердегі сияқты Қазақстанда да халық шаруашылығын жүргізу саясатының мүлдем жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын байқалды. Оның негізгі арқауы — «тауарсыздық» утопиясынан — нарықтық-экономикалық, тауарлық-ақшалай қатынасқа көшу идеясы еді.
Кооперация туралы айтқанда мемлекет айтарлықтай қулыққа барды, бұл шын мәнінде еркіндік принципі немесе кооперациялаудың кез келген нысанының императивті жағдайы толықтай ескерілмеген, қайсыбір мемлекет иелігіне алынған құрылымдар болды.
Жалған кооперация осылайша жеке меншік нарық айналымы стихиясын мемлекеттік реттеу мен тежеу құралына айналады деп есептелінді. Бұлай болуы әбден мүмкін еді, оған Ленин күдік келтірген жоқ. Партияның X съезінде ол былай деді: «Біз пролетариаттың саяси өкіметін әлсіретпей, қайта нығайта отырып, жергілікті еркін тауар айналымына едәуір дәрежеде жол бере аламыз. Мұны қалай істеу керек — бұл практикаға байланысты іс. Менің міндетім — теория жағынан мұның жүзеге асыруға болатын нәрсе екенін сіздерге дәлелдеп беру».[2].
Алайда бұл идеяның мүлдем жарамсыз екенін практиканың өзі көрсетті. Қазақстанда 15 млн сом алтын ақша және 1921 жылғы ақшаның 14 млрд сомасында тауар айналым қоры (мануфактура, бақалшық, металл бұйымдары, ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары, тұрмыстық заттар, махорка, керосин, сіріңке және т.б.) құрылды.[3]. Алайда белгіленген көлемдегі астық өнімдерінің тек 37%-ын және ет өнімдерінің 26%-ын ғана дайындауға қол жетті.[2].
Болшевиктердің Т — А — Т формуласымен өмір сүре бастауы
Тап сол кезде, большевиктер мұны қалады ма, жоқ па, қоғам тауар-ақша қатынастарының ақиқаттығын сезіне келе, Т — А — Т формуласы бойынша кең ауқымда және сеніммен өмір сүре бастады. Оның қызметін жеке меншік-капиталистік (мемлекет меншігінде жоқ шағын және ұсақ кәсіпорындар, сауда-саттық, ірі шаруа қожалықтары және т.б.), мемлекеттік-капиталистік (жеке тұлғаларға жалға немесе концессияға берілген өнеркәсіп орындары) және ұсақ тауарлы (нарыққа жұмыс істейтін шаруашылықтар) құрылыстар (құрылымдар) табиғи түрде және бірден игеріп әкетті.
ЖЭС жылдарында Қазақстанның экономикалық кеңістігінде (бүкіл елдегі сияқты) үш бағыт: социалистік, стихиялы тауар-нарықтық (капиталист) және капиталистік құрылысқа дейінгі бағыт бір уақытта дамыды.
Бұл ретте бірінші бағыт субъективті сипатта (мемлекеттік) болды, ал соңғы екеуі объективтік факторлардан туындады.
Социалистік үрдіс мемлекеттің қалауымен және тікелей қолдауымен дамыды. Ол таптық өктемдік пен мүдделерге қатал бағдарланған, әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрғыда реттеуші «пролетариат диктатурасы» шешімдерінің ауқымды кешенінде көрініс тапты. Мемлекеттің бағыт беріп, жүргізіп отыратын социалистік экономикалық (және әлеуметтік) қатынастардың бүкіл жүйесі мемлекет иелігіне алуды және кедей, бай деп бөлмей бүкіл қоғам шеңберінде теңдік идеясын жүзеге асыруды көздеді.
Стихиялы (яғни ешкімнің еркіне бағынбайтын) тауар-нарық қатынасы ЖЭС-қа көшумен байланысты кезеңдік объективтік-ақиқатқа айналды. Жаңа экономикалық саясат тауар-ақша қатынастары мен еркін сауда нарықтық стихияға «жол ашты». Өндіріс құралдарына жеке меншік, мейлі кездейсоқ, жанама, бұрмаланған формаларда сақталсын, ол бұл тартпас тиісті экономикалық процестерді және олардың диалектикалық өзара байланысты нәтижесін (оң, сондай-ақ теріс те іс-қимылдарды) тудырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет