Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


) Жәңгір ханның ағартушылық саясаты



бет3/29
Дата17.10.2023
өлшемі220,31 Kb.
#186057
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары-emirsaba.org

46) Жәңгір ханның ағартушылық саясаты.
Бөкей ханның баласы Жәңгір хан 1824-45 ж. Аралығында Ішкі Орда ханы болды.
-1841 жылы Жәңгiрдiң өз бастамасы бойынша, алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Мектепте орыс, араб, парсы тiлдерi, сонымен қатар математика, гео графия, тарих, дiнтану пәндерi де оқытылды. Ол мектептiң бүкiл шығынын өз қаржысының есебiнен өтеген.
-Жәңгiр хан қазақ балаларының Ресейдiң оқу орындарында білім алуын қолдап қана қойған жоқ, балаларды Санкт-Петербургта, Мәскеуде, Астраханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзi көп күш-жiгер жұмсаған. Мәселен, өзiнiң қол астындағы халықтың балаларын оқыту үшiн Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берiлуiне қол жеткiзген. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бiрқатары кейiнiрек көрнектi инженерлер, орманшылар, әскери қызметшiлер, ғалымдар ретiнде даңққа бөлендi.
-Жәңгiр хан барлық жерде iсқағаздар жүргiзу тәртiбiн енгiздi, жеке өзiнiң мұрағат қызметiн құрды.
-Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгiздi.
-Оның күш-жiгер жұмсауы арқасында Iшкi Ордада аурухана және дәрiхана ашылды.
-Жәңгір хан Кавказдан 20 асыл тұқымды айғырды алдырып, кейін жергілікті жылқының жақсартылған тұқымының саны 30 мыңға жетті. Мал тұқымын асылдандыру ісі жолға қойылды
-Қару-жарақ палатасы ашылды
-Ағаш отырғызу ісіне көп көңіл бөлді
47) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысында Ресей империясында өнеркәсiп пен сауда күштi қарқынмен дамыды. Тауар өткiзудiң жаңа көзiне, арзан шикiзат пен жұмысшы күшiне деген қажеттiлiк пайда болды. Осылайша Ресей империясының сыртқы саясатында Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстанның алатын маңызы арта түстi.
Жетісу мен Орталық Қазақстанның Ресей қол астына өтуінің себептері:
-19 ғ 20-ж басында Ұлы жүзде біртұтас хан билігінің болмауы
-Сұлтандар арасындағы билік үшін талас
-Сырдария өңірінің беделді хан Арынғазыны патша өкіметінің Калуга қаласына жер аударып жіберуі
Ұлы жүз аумағына ену арқылы патша үкiметi бiрқатар стратегиялық мiндеттерге қол жеткiзудi көздедi:
v Бiрiншiден, Орта жүз бен Кiшi жүздегi хандық билiктiң жойылуына, округтiк приказдардың құрылуына наразы бiрқатар сұлтандар мен батырларды бейтараптандыру
v Екiншiден, патша үкiметi Қытаймен шегараны нақты белгiлеуге және өзiне тиiмдi қарым-қатынастар орнату
v Үшiншiден, патша үкiметiнiң Ұлы жүз жерiнде бекiнiстi күшейтiп, одан әрi Орта Азия мемлекеттерiнiң аумағына қарай әскери күштерiн енгiзу
Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуды тездеті үшін Ресей империясы әскери бекіністер сала бастады: Аягөз, Ақтау, Ұлытау, Қапал бекіністері. 1848 э Ұлы жүз үшін енгізілген пристав атты лауазым Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан аймақтарына басшылық ету үшін енгізілді. 1854 ж Верный бекінісі, 1859 ж Солтүстік Қырғызстан шекарасында Қастек бекінісі салынды.
Ресей империясының Қазақстанды басып алуыныңсалдары:
-Қазақтар Орта Азия хандықтар езгісінен азат етілді
-Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда басталған экспансияға халықтың көтерілістері болуы
-Патша өкіметінің соғыс қимылдарынан көптеген қала мен мәдени ескерткіштер қирауы (Генерал Черняев бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зеңбірекпен атқылады)
-Алым-салық мөлшері артты, еріксіз жұмыстың алуан түрі енгізілді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет