Қабылдаған: Абдуллина г орындаған: Тұрсынбек а тобы


Педагогикалық процестің құрылымы



бет3/3
Дата29.11.2022
өлшемі38,49 Kb.
#160323
1   2   3
Байланысты:
Педагогика Бөж Аяулым Тұрсынбек

Педагогикалық процестің құрылымы:
Педагогикалық процесс- тәлім- тәрбиелік қарым- қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педаог. Педагогикалық прцесс бірнеше элементтен құралған жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады:педагогикалық; әдістемелік;психологиялық.
Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат, принциптер, мазмұн, әдістер, құралдар түрлері.
Мақсат- ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі.
Принциптер- мақсатқа жету жолдарын айқындайды.
Мазмұн- мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер- мұғалім мен оқушылардың мазмұнды жетілдіру- қабылдауға арналган іс- әрекеттері.
Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістмелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс- әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы: сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау.Эксурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару,бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер ( қабылдау. Есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық( оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау) , қуат ( көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш- қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқада элементтері бар.Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімінің оқылатын тақырыптың мақсат міндеттерін айқын қарастыруы көзделеді.Оқыту процесінде оқушылардың білім алуы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады.Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау- белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол оқушының білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іке асады.
Қорытынды:
Баланың оқудағы негізігі түртікісінің бірі- қызығу.Оқу жұмысының жемісті болуы , ең алдымен, балада білімге деген қызығушылықтың нәтижесі болып табылады.Қызығуды туғызу үшін оқушыларға берілетін білімнің мақсаты мен қажетін түсіндіріп, оларға нақты оқу міндеттерін үйрету керек.Сонымен қатар жаңа оқу материалын танымдық қабылдау.Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау- адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі.Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады.Ал түйсік сананың сыртқы әлемімен байланысты.Білімді жан- жақты меңгеру және түсіну үшін оқу материалын қабылдау- бақылау жеткіліксіз.Одан әрі оқушылар қорытындылар жасауға тиіс.Бұл оқушылардың білім мазмұныны жете түсініп, ұғынуы және белсенді де терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.Ұғымның қалыптасуы өте күрделі процесс, ол оқушылардың белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді.Ойлау- талдау, синтез, дерексіздендіру( Абстракция) , жалпылау сияқты операциялардан тұрады.Абстракциялау- заттардың негізгі қасиеттерін, оның екінші дәрежелі қасиеттерінен бөліп алып, жалпылап қарауды айтады.
Білімді бекіту. Оқыту процесінде оқушылардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше. Бекітудің әдіс тәсілдері- оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру; күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету; оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру, оны талдау және бағалау.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://www.stud24.ru/pedagogy/didaktika--blm-beru-zhne/408339-1396412-page1.html

  2. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3255-didaktika.html

  3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D0%B4%D0%B0%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет