БӨЖ Тақырыбы: Үсу кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету алгоритмі Тобы: ЖМ-714 Орындаған: Ергешбай Нұрхадиша Бауыржанқызы Қабылдаған: Қарабаева Назым Жансейтовна Түркістан 2022 ж Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университеті
Үсу дегеніміз – төменгі температураның ұзақ әсер етуі нәтижесінде тіндердің зақымдануы. Үсу ауа райының аязды күні ғана емес, сондай-ақ температура нөлге жуық кезде де (ылғалдылық жоғары болып, күн ұзақ уақыт суытқанда) болуы мүмкін.
желдің;
суықтың;
жоғары ылғалдылықтың;
тар және дымқыл аяқ киімнің;
науқастың жалпы жағдайының нашар болуы (қандай да бір ауруға шалдығу, алкогольдік масаю, көп қан жоғалту) және т.б. себептер әсер етеді.
Үсікке көбінесе саусақ, башпайлар, мұрын, құлақ шалдығады. Үсік шалған жерді суық жерде тұрып қармен ысқылауға және суық суға түсіруге болмайды. Үсіген организм көп уақытқа дейін суыққа сезімтал келеді.
Жүйелі Патогенезі Үсікте тіндердердің бұзылысы маңызды орын алады. Тіндердің некроздалуы суықтың әсерінен емес, қан айналымның бұзылысына байланысты: спазм, реактивті сатысындағы қан тамырлардың парезі(капиллярлар мен ұсақ артериялар), қан ағысының баяулауы, қанның формалық элементтерінің стазы, тромб түзілісі.
Салқын температура