Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология институты Қазақ әдебиеті кафедрасы 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған: Шыңғысбекқызы Айзат
Қабылдаған: Балтабаева Н.С.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне жалпы шолу
xx ғасырдың басында қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, елді ояту,азаттыққа қол жеткізу, ілім-білімді үйренуге қол жетімді кезең болып қалыптасты.
2. Себебі, мен оны былайша түсіндіремін:
Х. Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінде бұл кезеңдегі әдебиет былайша анықталады: «19 ғасырдағы қазақ әдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынан біраз ілгерілеген, қоғамдық мәні зорайып, әлеуметтік беті айқындала бастаған әдебиет. Заман сыры жан-жақты ашылып, қоғамдық, ұлттық сананың ояна бастағаны, әлеуметтік теңсіздіктер, қоғамдық қайшылықтар жырланып, қазақ ақындарының ел ісіне белсене араласып жатқан кезеңі танылады». Сол себепті де әдебиеттің сан түрлі жанры қалыптасып, дамыды.
Қазақ арасында оқу-ағарту жұмыстары өркен жайып, қазақ зиялылары алдыңғы қатарға шыға бастады
Қазақ тілінде кітап бастыру, газет- журнал шығару жолға қойылды.
Халықтың сана-сезімі оянып, руханияттың басты қайнар көзіне айналды.
XX ғасырдың басындағы ақын жазушылардың идеялық бағыттары
Ағартушы-демократтар ұлтының орыс отаршылдарының езгісінде тапталып жатуының себебін, ең алдымен, білім-ғылым жоқтығынан деп білді.
Ең алдымен, мұсылмандық идеясын көтерген діни тақырып үлкен орын алды
ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі мәселесі қазақ қоғамындағы әлеуметтік теңсіздіктің нақты көрінісі ретінде көзге айқын шалынады.
XX ғасыр басындағы мерзімді баспа ісі
Қазақ мерзімдік баспасының гүлдене бастаған уақыты 20 ғасырдың бас кезі.
Кітап басып шығару Семей, Омбы, Орал сияхты мәдени орталықтарда елеулі дамыды.
Зар-заман поэзиясы – 19 ғасыр әдебиетінің басқа кезеңдерден ерекшелігін көрсететін ағым
Әлеуметшілдік
Ісшілдік
Дін және мәдениет
Зар-заман – қазақ әдебиетінің тарихындағы елеклі ағым. Зар-заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңінің әдебиеті. . Бейбіт өмірді аңсаған халқымыздың арман-мұраты, бодандықтан боздаған халықтың мұң-зары, отаршылыққа қарсы жолда көрсеткен халықтың ерлігі Махамбет жырларынан және зар-заман ақындары : Дулат Бабатайтұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлының жырларынан көрініс табады.
19-ғасырдағы жазба әдебиетінің дамуы
XIX ғасыр әдебиеті туралы сөз болғанда, қазақтың маңдайына біткен асылы – Абай Құнанбайұлын айрықша атап өтеміз. Ұлы Абайдың шығармашылығы қазақ әдебиетінде тіпті бұрын болмаған жаңаша стильді қалыптастырып, сөз өнерінің шарықтау шыңына жеткізді. Оның әрбір поэзиялық туындысы, қара сөздері даналыққа толы. Өз шығармаларының мазмұнында Абай демократияны негізге алды, қазақтың қараңғы болып қалмауы үшін қам жеп, өнер мен ғылымды насихаттап, ел арасындағы әділетсіз болыстарды аяусыз сынайды. Шығармаларда дидактикалық сарын, адамгершілік мәселері, діни мазмұн кеңінен сипат алған.
19-ғасырдағы жазба әдебиетінің дамуы
Ыбырай Алтынсариннің жазба әдебиетінің дамуына қосқан үлесі – ауыз әдебиетінің үлгілілерін жинақтауы, зерттеуі, қазақ балаларын оқу-білімге шақырып, оларға арналған оқу-құралдарын басып шығаруы. Ол өз өлеңдерінде өнерге, білімге шақыру, адамгершілік қасиеттерді насихаттау сынды тақырыптарды қамтыды. Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік мәні зор, тағылымы мол әңгімелері – әдебиетіміздің қайнар көзі. Жазушының әңгімелерін Х. Сүйіншәлиев «Қазақ әдебиетінің тарихы» еңбегінде былайша 3 топқа жіктейді:
Новелла түріндегі әңгімелер
Ертеге-аңыз түріндегі әңгімелер
Шағын көлемді мысал түріндегі әңгімелер
4. Қорытындылай келе...
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |