Қабылдаған: Ерубекова ж орындаған: Бегман Аяулым Тобы



Дата29.03.2024
өлшемі288,64 Kb.
#200371
Байланысты:
Жаңартылған бөж Бегман Аяулым


Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Филология факультеті



Тақырыбы: « Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі »
Қабылдаған: Ерубекова Ж
Орындаған: Бегман Аяулым
Тобы: ФҚӘ-211
Егемен еліміздің өскелең ұрпағының белсенділігін арттыру үшін топтық жұмыстың қыр-сырына терең бойлай алатын шығармашыл, жан-жақты, озық ойлы жаңа тәсілді жетік білетін маман болуы қажет. Сол себепті бала белсенділігін арттыруда кездейсоқ адамдардың бағыт беруі мумкін емес. Бала белсенділігі - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Баланы белсенді болуы, оны дамыту және білім беруде отбасы мен мектеп өзара тығыз байланыста болуы маңызды. Топтық жұмыс өмір қажетінен туған балалық шақтың ажырамас шарты. Бір сөзбен айтқанда топтық жұмыс- баланың оқуға белсенділігін аттырудағы басты құрал.
Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуте немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет содан кейін, оқушылардың арасында қарым-қатынас нығайған соң мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.
Топтық жұмыс оқушылардың сүйікті жұмыс түрлерінің бірі болып табылады. Себебі оқушылар үшін ең маңыздысы - қателік жіберіп алмау деген қорқыныш сезімін жеңу өзіне деген сенімділіктің пайда болуы. Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді. Олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігін тигізеді, сонымен қатар топтық жұмыс сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз- ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әркетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлініске жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған өзінің міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі.
Белсенді оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топтық жұмыс оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады, ашылады, белсенділік артады.
Педагогикада топтық жұмыс тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та топтық жұмыс үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалык есте сақтау мен қайталау емес, құрдастартың белселсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамдардын көзқарасымен танысудан пайда алады.
4 Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5.Оқудың топтық ортасында оқушылар әлеуметтік жіне эмоциональдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Осылайша топтық жұмысс жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топтық жұмыс балалардың белсенділігін арттырудың оқудың барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады. Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі «Білім мазмұныда білім, білік дағдыларды игеруінен бірте-бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, белсенділіктерін арттыруға бағытталуы болып отыр».
Тұжырымдамалық талдауларды іске асырауда мұғалімнің шеберлігінде топтық жұмысты әсіресе, тіл сабақтарында әрі білімділік әрі белсенділікті арттыру бағытта ұйымдастыруды қажет етеді.
Пайданылған әдебиеттер:

1.Айтмағамбетов Б.Р. Оқыту процесін ұйымдастыру. 22-лекция.- Алматы 1991-23 б.


2.Әбепбаев С. Педагогика- Астана, 2015-231б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет