ҚабылдағАН: исаева ж. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігі



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі53,35 Kb.
#87709
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сапарәлі А.6 7 әлеуметтік псих. презентация
Сапарәлі А.6 7 әлеуметтік псих. презентация, Сапарәлі А.6 7 әлеуметтік псих. презентация

Неке және отбасы.

  • Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет. Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар- отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
  • Некенің құқықтық табиғаты
  • Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады. Қазақстанда мемлекеттік АХАЖ органында тіркелген неке ғана неке деп танылады. Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет