ҚабылдағАН: исаева ж. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігі



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі53,35 Kb.
#87709
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сапарәлі А.6 7 әлеуметтік псих. презентация

Отбасы

  • Отбасы әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. өйткені отбасы әр адам үшін махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы болып табылады. Мықты, әрі берік отбасы – кез – келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді.
  • Отбасы – қоғамның маңызды әлеуметтік институты, оның құрамындағы адамды репродуктивті қызмет атқаратын қоғамның мүшесі ретінде қарастырады.
  • Отбасы әлеуметтік институты есебінде ада,м қоғамның қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғам мен оның дамуымен тікелей байланысты.
  • Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бар туыстығымен, тұрмыстық ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.
  • Ер мен әйел – отбасының екі іргетасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады. Отбасы тұрмыстық қатынасты қалыптастырудың да алғашқы ұясының бірі.
  • Қоғамның тұрақты болуына, дамуына отбасының тигізетін әсері зор. Өзінің табиғаты бойынша ол ортамыздағы түбегейлі мәселелерді шешуге көмектеседі – депопуляцияның азайюына, балалардың әлеуметтенуіне, мәдениет, экономика мен отбасылық кәсіпкерліктің дамуына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
  • Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларға ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.
  • Социологтардың пікірінше, отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Отбасының негізін қалайтын неке – ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайлық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық – эстетикалық қатынасқа негізделі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алу материалдық есепке негізделуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеде негізделуі қажет, ол жеке адамдардыі рухани қалыптасуы, дамуына байланысты болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет