Қабылдаған: Жұмашева. Т. С пәннің мақсаты


Пәнді оқып үйрену барысында студент: білуі тиіс



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#84949
1   2   3   4
Байланысты:
кмтк 1 сем

Пәнді оқып үйрену барысында студент: білуі тиіс:
• мектепке дейінгі білім берудің дәстүрлі және инновациялық әр түрлі технологияларының тұжырымдық қағидалары, мазмұны мен әдістемесінің ерекшеліктері жайлы;
• құзыреттілік қалыптастыруға бағытталған ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен оқыту технологияларын;
• математикаға дейінгі пәннің мазмұндық желілерінің сәйкес материалдарын оқыту үдерісінде қалыптастырылатын құзыреттіліктерге қойылатын мектепке дейінгі математикалық білім берудің мемлекеттік стандарты мен оқу бағдарламалары талаптарын;
• балама оқу материалдары мен әдістемелік құралдардың құрылымы мен мазмұнын, ОӘК құрамына енетін құралдардың қызметін.
біліктері болуы тиіс:

• пәналды математикалық білім берудің мазмұнын бағдарлай алу сияқты кәсіби біліктерді қамтитын қолданыстағы бағдарламалар бойынша жұмыс жасауға болашақ тәрбиешінің дайындығын сипаттайтын ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау, өткізу және талдаумен байланысты дидактикалық және әдістемелік біліктерді;
• қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысының сапасын зерттеу бойынша шығармашылық ізденістерді ұйымдастырумен байланысты өзінің болашақтағы әдістемелік қызметіне және диагностикалық мәліметтердің негізінде даралап-саралап оқытуды қамтамасыз етуге қажетті қарапайым зерттеу жұмысын жүргізуді;
• мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысында қолдануға ұсынылған, ұйымдастырылған оқу қызметі мен одан тыс жұмысты жоспарлау мен оны тәжірибеде жүзеге асыру, пәндік және кіріктірілген құзыреттіліктерді қалыптастыру, математикаға дейінгі пәннің мазмұндық желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқыту, мектепте математиканы оқытудың практикалық негіздерін қалауды.
• «Таным» білім саласының «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру» бағыты мазмұнының нақты мәселелерін оқытуда балалардың әрекетін басқаруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдері мен оқытудың технологияларын;
• «Заттар, олардың қасиеттері мен жиындар, олардың арасындағы қатынастар», «Заттардың пішіні және геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері жайындағы түсінік»,«Уақытты және кеңістікті бағдарлау», «Шамалар (ұзындық, сыйымдылық, масса, уақыт жайлы түсінік) және өлшеу әрекеті», «Сан және санау әрекеті», «Арифметикалық амалдарды және есептеу әрекетін оқытуға дайындау», «Есептер шешуді үйретуге дайындау» сияқты мазмұндық желілердің материалдарын оқытуға ұсынылған технологиялар арқылы ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлау және өткізе алу;
• қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінен өзгеше түрлі жұмыс түрлерін жоспарлауды және өткізе алу;
• балалардың математикалық дамуын, білімдік және құзыреттілік жетістіктерін диагностикалауды жүргізе алу және өткізу;
• педагогикалық тәжірибені оқып үйренуді, мектепке дейінгі математикалық білім беру мәселелері бойынша әдістемелік зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
• математикаға дейінгі пәннің мазмұндық желілерінің ұғымдары мен әрекет тәсілдерін оқыту барысында мектепте математиканы оқытуға балаларды дайындаудағы перспективтік және сабақтастық байланыстарды тәжірибеде жүзеге асыру
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет