Қабылдаған: Жұмашева. Т. С пәннің мақсаты



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#84949
1   2   3   4
Байланысты:
кмтк 1 сем

Пәнді оқыту барысы:
• әдістемелік: «Таным» білім саласының құрамдас бөлігі ретіндегі математикаға дейінгі (қарапайым математикалық түсініктер) пәннің нормативтік-құқықтық және мазмұндық-процессуалдық сипаттамасының ерекшеліктері, тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары мен формаларын қалыптастырудың негіздері жайлы; балалардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін және математикалық дамуын ұйымдастырудың әр түрлі формаларының технологиялары туралы; әдістемелік жүйенің әр түрлі нұсқадағы тұжырымдық қағидалары, ҚР, жақын және алыс шетелдердегі мектепке дейінгі білім берудің дәстүрлі және инновациялық технологиялары жайлы;
• мазмұндық: баланың қарапайым математикалық түсініктерін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің математикалық нысандары (түсініктер мен әрекет тәсілдері); мазмұндық желілерді құрудың ұстанымдары мен оны құрайтын жүйенің ұғымдары мен әрекет тәсілдері, математикаға дейінгі пәннің мазмұндық-әдістемелік желілері материалдарын оқытудың жалпы мәселелері жайлы;
технологиялық: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың түрлі технологияларының мазмұны мен әдістемесінің мақсатты бағдары, тұжырымдық қағидалары мен ерекшеліктері; математикалық білім берудің түрлі деңгейлері арасындағы перспективтік және сабақтастық байланыстарды жүзеге асырудың құралдары жайлы; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін жоспарлау, өткізу, басқару технологиялары мен білім алушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін даму ортасын жасау жайлы;
диагностикалық: әр түрлі жастағы балалардың математикалық дамуы, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде олардың білімдік және құзыреттілік жетістіктерін диагностикалаудың әдістері және құралдары жайлы;
• зерттеушілік: педагогикалық тәжірибені зерттеудің және мектепке дейінгі білім беру аймағында әдістемелік зерттеуді жүргізудің әдістері жайлы; математикаға дейінгі пәннің мазмұнын оқытудың нәтижесі болып табылатын және құзырлылықты меңгеру деңгейін сипаттайтын баланың оқу жетістіктерін бағалаудың индикаторлық жүйесі жайлы;
практикалық: мектепке дейінгі білім беру педагогының қызметі жайлы; «Таным» білім саласының «қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» бағытының мазмұндық желілері материалдарын оқыту үдерісінің субъекті ретіндегі баланың оқу-танымдық іс-әрекетін модельдеу мен оны тәжірибеде жүзеге асыру негіздері жайлы білім, білік, дағдыларды меңгеруге қабілеттілік және оларды тәжірибеде қолдану сияқты пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет