1. Науқасты Тренделенбург қалпына келтіру: аяқ басын көтерген күйде, басын бүйіріне қаратып, тілін артқа кетуінің алдын алу үшін, асфиксия, құсық массалары мен аспирация болдырмау үшін төменгі жақты алға тарту, таза ауаның келуін қаматамасыз ету. Оксигенотерапия жүргізу.
2. Ағзаға аллергендердің ары қарай түсуін тоқтату: а) аллергендерді парентеральды енгізу:
— аллерген енгізген жердің жоғарғы бөлігіне артерияны қыспайтын етіп, 30 минутқа жгут салу ( əр 10 минут сайын жгутты бір-екі минутқа босатып отыру қажет);
б) аллергенді медикаменттерді мұрын қуысына тамшылату жəне коньюктиваны сумен жуу керек.
в) аллергендерді пероральды қабылдағанда науқастың жағдайы көтерсе асқазанды жуу керек.
. Шокка қарсы іс-шаралар:
. Шокка қарсы іс-шаралар:
а) бұлшық етке тез арада егу:
— 0,18 % эпинефрин ертіндісі 0,3 – 0,5 мл (1,0 мл-ден аспау керек). Эпинефринді қайталап енгізу аралығы 5 - 20 минут, АҚ бақылау;
— антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ертіндісі 1,0 мл-ден аспау керек (өршіген үрдісті ары қарай болдырмау). Пипольфен қабылдауға қарсы көрсеткіш айқын гипотензивті əсер!
б) инфузионды терапия 0,9% натрий хлориді ертіндісі 1 литрден аз болмау керек. Қан тамыр ішілік көлемді қайта қалпына келтіру үшін. Алғашқы 10 минут ішінде гемодинамика тұрақтылығы жойылғанда шоктың ауырлығына байланысты қайталап коллоидты ерітінді (пентакрахмал) 1-4 мл/кг/мин енгіземіз. Инфузионды терапия жылдамдығы жəне көлемі АҚ жоғарылауымен, ЦВД жоғарылауымен жəне науқастың жағдайының жақсаруымен анықталады.
4. Аллергияға қарсы ем: к\тамырға преднизолон 90-150 мг струйно.