Емдеу мақсаты: БД емдеудің мақсаты аурудың клиникалық көріністерін бақылауға қол жеткізу және бақылауды жалғастыру. Емдеу тәсілі: Дәрі – дәрмексіз ем Емнің ажырамас бөлігі – науқасты және отбасын үйрету. Үйрету мақсаты: науқасқа қажетті ақпарат беру және үйрету, жағдайды қалай бақылау, ингаляциялық заттарды дұрыс қолдану, базисті препараттар мен шұғыл көмек препараттарының айырмашылығын білу, қай кезде медициналық көмекке жүгіну керек, өз жағдайын қалай мониторінгілеу. Гипоаллергенді диета. Біріншілікті аллергенмен бейспецификалық қоздырғыштармен (кәсіби зияндылық, поллютанттар, жағымсыз иістер және т.б.) қатынасты болдырмау. Темекі шегуден бас тарту ( белсенді, белсенді емес). Бронх тармағының санациясы және дренажды функциясының жақсаруы үшін массаж, тыныс гимнастикасы, ЕДШ.
Дәрі–дәрмекпен емдеу Базисті терапияны таңдау Дәрі–дәрмекпен емдеуді таңдау БД-ны ағымды бақылаудан және емдеу тағайындағанға дейінгі БД ауырлық дәрежесіне байланысты. Әр қадамда науқастар шұғыл көмек препараттарын қолдануы қажет (ұзақ және қысқа әсерлі бронхолитиктер). 1-саты (алма-кезекті): қысқа әсерлі -адреномиметиктер (сальбутамол, фенотерол) қажеттілікке қарай. Балама дәрілер қысқа әсерлі антихолинергиялық препараттар болып табылады (ипратропий бромиді) пероральді -агонистер. Симптомдардың нашарлау немесе жиілеу көріністерінде 2-ші қадамдағыдай терапияны үнемі қабылдау. 2-саты – жеңіл персистерленуші демікпеге сәйкес. Қалыпта ұстап тұратын дәрілердің біреуін үнемі қабылдау қажет, көбінесе аз мөлшерде ИГКС (бекламетазон 100-250мкг\тәулігіне, будесонид 200-400 мкг\тәулігіне; флутиказон пропианат 100-250мкг\тәулігіне; циклесонид 80-160 мкг/тәулігіне), сондай-ақ қажеттілікке қарай -адреномиметиктердің қысқа әсерлі ингаляциялары. ИГКС жанама әсерлері кезінде (дауыс қарлығуы және БД аллергиялық ринитпен қосарласқанда) балама болып антилейкотриенді (монтелукаст) препарат болып табылады 3-саты – (орташа ауырлықты персистерленуші БД). Шұғыл көмек препаттары және қосымша бір немесе екі бақылаушы: 1) төмен мөлшерде ИГКС, ингаляциялық ұзақ әсерлі -агонистері мен бекітуші дәрілер түрінде (флютиказон\сальметерол немесе будесонид\формотерол); немесе 2) орташа мөлшерде ИГКС (беклометазон 250-500 мкг\тәулігіне, будесонид 400-800 мкг/тәулігіне, флутиказон 250-500 мкг/тәулігіне, циклезонид 160-320 мкг/тәулігіне); немесе 3) ИГКС аз мөлшерде қосымша антилейкотриенді препараттар немесе 4) ИГКС төмен мөлшерде қосымша ұзақ босап шығатын теофиллин. ИГКС аддитивтілік әсері және әсері ұзартылған -агонистінің әдеттегідей БД ИГКС мөлшерін орташа және жоғарғы мөлшерлерге көтермей–ақ бақылауға болады. Егер 3-4 ай емдеу нәтижесінде БД бақылауға қол жетпесе, ИГКС мөлшерлерін көтеру талапты. Ұзақ әсерлі ингаляциялық -агонистерімен монотерапия жүргізуге болмайды (формотерол, сальметерол, индакотерол), олар тек ИГКС-пен бірге қолданылады.4-саты (ауыр персистерленуші демікпе) шұғыл көмек препараттары қосымша қадағалаушы екі немесе одан да көп дәрілік заттар. Бұл қадамда таңдау алдыңғы 2-ші немесе 3-ші қадамдағы тағайындауларға байланысты таңдалады. Орташа және жоғарғы мөлшерде ИГКС (бекламетазон 500-1000мкг\тәулігіне, будесонид 800-1600 мкг\тәулігіне, флутиказон пропианаты 500-1000мкг\тәулігіне, циклосонид 320-1280 мкг\тәулігіне) ингаляциялық ұзақ әсерлі - агонистер – агонистерімен (флютиказон\сальметерол немесе будесонид\формотерол) құрамдастырып қолданған ұтымды. Тағы бір, үшінші, дәрілік затпен құрамдастыру мүмкін (антилейкотриенді немесе ұзақ босап шығатын теофиллин). Құрамдастырылған терапияға (ИГКС + ұзақ әсерлі агонисттері) антилейкотриенді дәрілік заттарды қосу емнің нәтижелігін артады.
5-саты (4 кезеңдегі терапия көрінісінде ауыр бақыланбайтын БД, күнделікті симптомдардың сақталуы және жиі асқынуы). Ауыз арқылы ГКС қоса басқа дәрілік заттар беру қажет, алайда бұл шара емнің әсерін жоғарылатып қана қоймай, басқа да жанама әсерлерге алып келеді. Науқас жанама әсерлер туралы мағлұмат алуы керек. Бақыланбайтын ауыр аллергиялық демікпе кезінде басқа дәрілерді құрамдастыруға (соның ішінде ИГКС немесе пероральді ГКС қоса), E иммуноглобулиндерге антиденелер (anti IgE – омализумаб) қолданған орынды. Бұл дәрілік топтар тек маманның (пульмонолог, аллерголог). тағайындауымен қолданылуы керек. Ингаляциялық дәрілік заттарды тыныс жолдарына жеткізуде әдісі маңызды рөл атқарады. Барлық ингаляциялық дәрілік заттар (циклезонидтен басқасы) спейсерді пайдалану арқылы, қажет болған жағдайда маскамен қолдануы тиіс.