А. өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық т. б.
Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.
II. Өндірістен тыс: а) тұрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда.
Егер зақым өндірістен болса, онда жұмыстан босату қағазы (бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен (алдыңғы 5 күнге Ф-095-/У түрдегі-формалы анықтама беріледі. Мас болған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094-і/У түрін-формасын береді.
б) сынық бағытына байланысты: қисық, ұзына бойы, көлденең, иректелген, доға тәріздес т. б.;
в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп (тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама-қарсы жақта болса оны тура емес сынық) деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады;
г) механизміне байланысты (А. Э. Рауэр): шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан;
д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.
Бірлескен жарақаттанулар — бір зақымдаушы фактормен дененің бірнеше анатомиялық мүшелері мен ағзаларының бір мезгілде зақымдануы.
Бет-жақ аймағының бірлескен жарақаттануына — бет сүйегінің немесе жұмсақ тіндердің мимен бірлескен жарақаты немесе дененің басқа аймағындағы жұмсақ тіндер мен қаңқа зақымдануы жатады. Бұл жарақаттар ерекше ауыр болып саналады. Аралас зақымданған науқастардан шағымын сұрап, келіп шығу тарихын-анамнез жинау өте қиын немесе мүмкін емес. Осыған қарамастан жақ-бет аймағын нақты-объективті тексеру мұқият болуы тиіс. Бет-жақ аймағының зақымдануы, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін бұзып, кеңірдек пен бронхқа қанның, сүйек жарықшағының, тістердің түсуінен, аспирациялық пневмонияның дамуына әкеледі. Есін жоғалтып, қорғаныс рефлекстері жоғалғанда бұл қауіп арта түседі. Бұл науқастарды тексергенде және емдегенде тек хирург-стоматолог қана емес, нейрохирург, отоларинголог, окулист, невропатолог, хирург-травматолог қатысуы қажет.