Қабылдаған: Умиров Бауыржан Орындаған: Бимбетов Нұрсұлтан Тобы: жби-012 Түркістан-2023 Жоспары: Кіріспе



бет2/6
Дата27.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#175620
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану

Негізігі бөлім

Жолжелкен (Psyllіostachys) – қорғасыншөптер тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың сор, сортаңды, құмды, тақырлы жерлері мен сексеуіл өскен алқаптарда кездесетін 2 түрі (жіңіщке масақты жолжелкен, Суворов жолжелкені) бар.


Олардың биіктігі 5 – 50 (80) см. Жапырақтары тамыр түбінен шығады, қанат тәрізді тілімденген. Тостағанша жапырақшалары түтікті, бес қалақты, түкті. Күлтесі шұңқырлау. Гүлдері ұсақ, қызғылт, ақ немесе қызғылт күлгін түсті. 2 – 4-тен масақ гүлшоғырына топталған.
Жолжелкен тұқымдастарына жатқызылатың жолжелкен (Подорожник большой) - көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30 - 40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Мамырдан бастап тамызға дейін гүлдейді. Жемістері шілдеден күзге дейін піседі. Батпақты, сазды жерлерде көп өседі.
Республикамыздың барлық өңіріне кеңінен таралған жолжелкен көпжылдық өсімдік. Оны ел ішінде иман жапырақ, біртартар, егеуқұйрық деп те атайды. Оны әлем халықтарының көпшілігі ежелден дәрі ретінде қолданады.

2-сурет. Жолжелкен өсімдігі


Қазақстанда жолжелкенің жиырмаға жуық түрі бар. Көп кездесетін түрі үлкен жолжелкен. Жолжелкен қазақстанның барлық жерінде өседі. Негізінен орманның жол жиектерінде, шалғынды алқаптарда кездеседі.Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған[2].


Жолжелкеннің халық медецинасында жапырақтарын дене сыртындағы аққан қанды тоқтататын дәрі ретінде қолданылады. Ол үшін кептірілген және ұнтақталған жапырақтың ұнтағын жараланған жерге қан біржола тоқтағанға дейін себеді. Жуылған жас жапырағын жараға, ірінді ісікке, шиқанға сорғыш дәрі ретінде жапсырады.


Сол сияқты жапырақтарынан сығылып алынған шырынын жәндіктер шаққан жерге және іріңді жараға жағады. Жолжелкен тамырын іштің қан аралас өтуіне қарсы, қан қақырғанда қайнатпа түрінде, ал ұрығын дизентерия мен іш өткенде пайдаланады. Жолжелкен шырыны қарын бездерінің секрециясын күшейтеді. Жолжелкен ұнтағына фармакологиялық сынақ жүргізген кезде ол туберкулезді, қатерлі ісікті емдеуде айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жолжелкеннің кептірелген жапырақтары мен сабағынан жасалған сығындысы терінің барлық қабатын регенерациялауға көмек береді.
Жолжелкенді кәдімгі ақбас жусанмен, адыраспанмен, шайқураймен қосып, ас қорыту органдарының ауруларына: қарын (әлсіздігінде), асқазан шырынының жеткіліксіздігіне, асқазан қыжылдағанға, жүрек айнығанға қарсы қолданылады[1].

3-сурет. Жолжелкеннің құрылысы


Жолжелкеннің құрамында әр түрлі витамин, белок, май, қышқылдар мен тұздар мол болғандықтан, одан жасалынған дәріні көптеген ауру түрлеріне қолданады.


Мәселен ол адамның тәбетін ашып, қандағыгемоглобинді молайтып, түрлі жүйке ауруларын тыныштандырады. Сондай-ақ қан тамырының қатаюына, асқазан, ішек жарасына, тыныс жолдарының қабынуына, өкпе туберкулезіне, созылмалы бронхит, плеврит және бүйрек, несеп жолдарының қабынуы тәрізді сырқаттарға қолданылады. Тамырының қайнатпасын іштен қан өткенде, өқан қақырғанда ішкізіп, мұрыннан қан тоқтамағанда танау ішіне құяды. Ал тұқымның қайнатпасын қант диабетіне, дизентерия және іш өткенге ішеді.
Ертеде қазақтар жолжелкен жапырағын кептіріп ұнтақтап, жараның аузына сеуіп қанынын тоқтатқан. Жас жапырағын түйіп жасаған қоймалжың сөлін улы жәндіктер шаққанда беріп, уын қайтарған, сүйелге таңып кетірген. Жарақаттанған малдарында осымен емдеп, күнделікті тұрмыста тері илеуге пайдаланған.
Жолжелкен гүлеген кезде тамырын қазып алып жуып, салқын жайда кептіріп ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр араққа салып, 10 күн қараңғы жерде ұстап ашытады. Сонан соң сүзіп, шыны ыдысқа салып салқын жерде сақтайды.Дәрі даяр болады.
Мұны асқазанмен ішегінде жарасы бар адамдар күніне (ас алдынан бір сағат бұрын) бір ас қасықтан 3 мезгіл 2 ай ішсе, науқасынан айығып кетеді.
Ал оның жапырағын кептіріп ұнтақтап, бір ас қасығын жарты литр қайнаған суға салып шай тәрізді демдейді.Бір күнен кейін үстіне бір шай қасық анис тұнбасын құйып, күніне 30 грамнан үш рет бозөкпе, созылмалы бронхит ауруларына ұшырағанда береді[1].

4-сурет. Жолжелкеннен жасалған дәрі




Ем болатын аурулары: Жолжелкеннің тұқымы ыстықты басып, уытты қайтарады. Қақырықты шығарып, жөтелді тоқтатады. Шөбі де осындай қасиетке ие.
Ішек қабынғанда, 15 грамм жас жолжелкенді( кептірілгенінен 9 грамм) қайнатып, күніне екі рет ішеді.Несеп жолының және қуықтың қабынуына 9 грамм жолжелкен тұқымын, 15 грамм тікенді ұшқат гүлін, 9 грамм жүрек жапырақты, 6 грамм қызыл мияны суға қайнатып ішеді.
Бүйректің жедел қабынуына 30 грамм жолжелкен шөбін суға қайнатып ішеді.Кеңірдекшелердің созылмалы қабынуына 90 грамм жолжелкеннің жас шөбін суға қайнатып немесе 9 грамм жолжелкен тұқымын сарғайғанша қуырып, талқандап, қайнаған күріш суына қосып ішеді.
Жолжелкен өсімдігінен жасалатын дәрілер.Кешенді емдеуде профилактикалық зат ретінде қолдану көрсеткіштері: Қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын және жазатын зат ретінде асақазан- ішек ауруларына (қышқылы төмен гастриттер, колиттер, энтероколиттер, диарея) қолданады.
Қақырықты түсіретін зат ретінде жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларында қолданады. Қақырықты сұйылтып, оның сыртқа шығуын жеңілдетеді. Қан тоқтататын және микробқа қарсы әсері бар.
Қолдануға болмайтын жағдайлар:Өнім компоненттеріне жеке төзімсіздік.
Дайындау тәсілі: 10г (2ас қасық) шикізаты эмальды салып 200мл (1 стакан) ыстық қайнап тұрған су құяды, қақпағын жауып қайнатып тұрған суда (су моншасында) 30мин. Қыздырады, бөлме температурасында 10 мин. Салқындатады, сүзеді, қалған шикізатты сығады. Алынған тұндырманың көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге жеткізеді. Тұндырманы салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды[1].



5-сурет. Шренк тобылғытүс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет