Қабылдаған: Умиров Бауыржан Орындаған: Бимбетов Нұрсұлтан Тобы: жби-012 Түркістан-2023 Жоспары: Кіріспе


Ұсақ торлы жуа (лалагүлдер тұқымдасы) –



бет5/6
Дата27.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#175620
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану

Ұсақ торлы жуа (лалагүлдер тұқымдасы) – Қазақстанда Алтайдың тек батыс бөлігінде кездеседі. Кейде тау өзендерінің аңғарларында үлкен алаңдарды алып жатады және самырсынды шыршалы ормандарда, әсіресе Риддер қаласының төңірегінде кездеседі. Басқа пияздардан жалғыз емес, түптенген тамырсабақтармен жіңішке цилиндр тәрізді пиязшығымен, сұрғылт торлы қабығымен ерекшеленеді. Сабағының биіктігі 76 см, төменгі бөлігі күлгін қабықшалармен оралған, ортасын да екі, көбіне үш тегіс жалпақ эллипс тәрізді жапырақтары болады. Торлы жуаның жапырағының пішіні жағынан меруертгүлдің жапырағына өте жақын[2].



8-сурет. Ұсақ торлы жуа


Гүлдері ұсақ (0,5 см) сарғыш, шатыр тәрізді гүлшоғырына жиналған. Бұл түр маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-тамызда жеміс береді. Тұқымымен және вегетативті түрде көбейеді (тамырсабағы бұтақтану арқылы). Пиязшықтары және жер үсті бөлігі эфир майын және көп мөлшерде С дәруменін бөледі, сондықтан ұзақ торлы жуа барлық өзі өсетін орындарда қалаулы тағамдық өсімдік болып табылады. Үнемі жаппай жинаудың нәтижесінде көптеген жерлерде, әсіресе елді-мекендердің маңайында торлы жуаның саны азайып барады, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.


Аталған өсімдіктің баданасы конусты- цилидрлі пішіндес, диаметрі бір жарым сантиметрге дейін. Жапырақтары тегіс, жылтыр немесе сопақша пішіндес, жалпақ, ұзындығы 10 нан 20 см дейін және ені 8 см дейін, ұзын кесіндіге (3-7 см) тарылады.Торжуа Шығыс Қазақстанда Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағында кездеседі, ылғалды ормандарда және шалғындарда өседі[3].


Кәдімгі таушымылдық (сарғалдақтар тұқымдасы) – Қазақстандағы үш түрдің ішіндегі жаппай кездесетін түр. Тек Алтай тауларында, жапырақтары және аралас ормандарда, алаңқайларда, шалғынды беткейлерде өседі. Жиі қалың шілік құрады. Бұл мықты, биіктігі 100 см-ге дейін, көп жылдық сабақтан бастап біркелкі жуандаған тамыры және ірі, диаметрі 15-18 см-ге дейін, гүлдерімен ерекшеленеді. Сабақтары бірнешеу төменгі жағында да бірнеше қабыршақты жапырақтарымен. Басқа сабақтағы жапырақтары ірі, сағақты және тақталы, саусақ салалы (тарамды) көп бөліктерге бөлінген.



9-сурет. Кәдімгі таушымылдық


Гүлдері жалғыздан, бес қабықты тостағанша-жапырақшалы, бес желекті. Желектердің саны жиі онға дейін өсіп отырады, кейде жартылай бұйра гүлдер кездеседі. Олардың түсі жиі өзгеріп отырады, күңгірт-қызыл, ашық-күлгін, кейде ақ. Таушымылдық мамыр-маусымда гүлдеп, тамызда жеміс салады. Тамыры алкагольсіз сусын даярлау үшін пайдаланады. Жаппай жинаудың салдарынан саны азайып барады. Сондықтан түрді Қазақстан Қызыл кітабына енгізу ұсынылып отыр.


Кәдімгі таушымылдық медициналық мақсатта қолданылады.Оның негізінде тұнба жасалады, ол көп мөлшерде түрлі ауруларда пайдаланылады. Бүгінгі таңда кәдімгі таушымылдық тыныштандыратын дәрі ретінде, ұйқы бұзылған кезде, неврозда, рак ауруының кейбір түрлерінде, зат алмасу бұзылғанда және т.б. пайдаланылады.
Бірақ таушымылдықтың осы бір түрін емдік мақсатта пайдаланар алдында мынаны естен шығармау керек, яғни өзіндік қарсы көрсеткіштері бар екен, оның құрамында улы заттар болады, сондықтан қолдану мөлшері мен ұзақтығын сақтау қажет. Дәрігердің ұсынысы бойынша ғана шөпті емдік үшін пайдалану керек.
Кейбір елдерде таушымылдық емдік ғана емес, сонымен қатар сиқырлы қасиеттерге де ие деп сенеді. Мысалы, Қытайда бұл гүл байлықтың символы болып саналады, сонымен қатар оның көмегімен аңыз бойынша сіз түнгі қорқынышты ұйқыны шығарып, эпилепсияға қарсы мойынға киюге болады[3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет