Қорытынды
Қорыта айтқанда, Қазақстанның табиғи флорасы – пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі. Мұнда жем-шөптік өсімдіктердің 700-ден астам түрі, дәрілік өсімдіктердің 400-ге жуық, әсемдік-безендірушілік 700 – 800, эфир-майлық 450-ге жуық, улы-зиянды 250-ден астам өсімдіктер түрлері бар. Олардың адамзат тіршілігінде маңызын ата-бабаларымыз баяғы заманнан-ақ зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі мен экологиялық таза өнім алуды шешуге мүмкіндік беру жағын қамтамасыз етуіміз жөн.
Адыраспан – өзіне тән өте күшті иісі бар көпжылдық өсімдік. Ақшыл сары немесе ақшыл түсті гүлі болады. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар.
10-сурет. Адыраспан
Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі адыраспан өседі. Оның түтіні адамды тыныштандырады, денені босаңсытып, дезинфекциялайды. Мөлшеріне қарай адыраспан емдеп, уландыра алады. Уы сабы мен гүлінде. Өсімдік талай рет адам баласын обадан, жұқпалы аурулардан сақтап қалған. Мың жыл бұрын Ибн Сина өзінің Ережелерінде адыраспанның масайтатын қасиеті бар екенін жазған. Адыраспанның есірткіге тәуелділікке қарсы тұра алатын қабілеті бар. Сондықтан бұл өсімдік алкоголь мен никотинге тәуелділіктен емдеу үшін қолданылады. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышымасын емдейді[4].
Пайдаланылған әдебиеттер
Чуешов В.И. и др. Промышленная технология лекарств.– Харьков.– 2002.– в 2-х томах: 1-й том 716 с., 2-й том 557 с.
“Руководство к лабораторным занятиям по заводской лекарственных форм” Под ред. Тенцовой А.И., М., 1986 ж
Сагындықова Б.А. “Дәрінің өндірістегі технологиясы”, 2 том., Шымкент: 2002 ж
Қазақстан табиғаты:энциклопедия. Т.1:А-Е/бас ред. Б. Аяған. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2008 ж 392 б.
Достарыңызбен бөлісу: |