Алтай қасқыржидегі (тимелеялар тұқымдасы) – сирек кездесетін түр, Қазақстанда кездесетін екі түрдің біреуі Алтай және Зайсан оңтүстігіне қарай Сауыр Тарбағатай жерлерінде кездеседі. Бұл онша биік емес, биіктігі 80 см бұтақ, солтүстік беткейлерде, тау етегінде және онша қалың емес жапырақты ормандарда өседі. Гүлдері қос жынысты, жәй гүл серігінің, қысқарған бұтақтардың аяқ жағында соңында ұзынша 3-7-ден тобыменен орналасады. Гүл серігі қардай аппақ, цилиндр тәрізді, түтікті, дөңгелек. Гүлдері күшті хош иіс бөледі және аздап сиренің гүлдеріне ұқсас, тек ұсақтау. Қасқыржидек мамыр-маусымда гүлдейді, жеміс тері шырынды, қара сүйекшелер, жалғыздан тұқымы бар, маусым-шілдеде піседі. Өсімдіктің барлық бөлігі улы. Бұтақтардың қабығы және өркендері жемістерімен қоса халықтық медицинада тіс ауруларына қарсы қолданады. қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Бұйра лалагүл (лалагүлдер тұқымдасы) – туыстың Қазақстандағы жабайы түрде өсетін табиғат өкілі. Аралас және жапырақты ормандарда, шалғындықта және тау беткейлерінде, кейде субальпілік беледеуіне дейін көтеріледі. Алтай және Тарбағатай таулары, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінде Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында өседі. Қазақстанда қайыңның түбінде сирек кездеседі. Лалагүлдің жер асты органдары, мүшелері жалтыраған сары түсті қатпарланған, қабыршақты көп жылдық пиязшық[2].
7-Сурет. Бұйра лалагүл өсімдігі
Сабағы биік, 1,5 м. Гүлдері ірі диаметрі 4-см –ге дейін, ашық күлгін бояумен , күңгірт дақтарымен ерекшеленеді.
Салбыраған гүлдің барлық алты жоғары қақиған жапырақшалары сәл ғана оралған, бұйралау. Осыдан келіп түрдің орысша атауы шығады. Аталықтары ірі қошқыл күлгін тозаңдарымен тиімді оқшауланады. Бұл түрдің гүлдеу мерзімі маусым-шілде, шілде-тамызда жеміс береді. Жемістері ірі, алты қырлы, үшкір қабырғалары бар қорапша, өзінің қайталанбас ерекшелігімен көңіл аудартады.
Тұқымы қоңырлау сары, тегіс үш ұяшықтың әр қайсысына екі қатарлап жинақтала қойылған. Қазіргі кезде бұл жабайыдан алынған 100-ге жуық түр бар. Пиязшықтары шикі және қайнатқан күйінде жеуге жарамды, кейбір жерлерде кофенің орнына және қойдың ірімшігіне азықтық қосымша есебінде пайдаланады. Олардын мата үшін қара бояу алынады. Халықтық медицинада пиязшығының тұнбасы бауыр ауырғанда, нерв шаршағанда, шикі күйінде ревматизмді, түрлі қабынуларды және жараны емдеуге қолданылады. Гүлдері аралар үшін шірне көзі болып табылады. Гүлшоқтары үшін жаппай жинау және пиязшықтарын ұдайы қазу бұл бағалы түрдің азайып кетуіне жол ашады, сондықтан ол Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |