Қабылдаған: Умиров Бауыржан Орындаған: Бимбетов Нұрсұлтан Тобы: жби-012 Түркістан-2023 Жоспары: Кіріспе


Шренк тобылғытүс (раушангүлдер тұқымдасы) –



бет3/6
Дата27.04.2023
өлшемі1,91 Mb.
#175620
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақстанның табиғи флорасындағы пайдалы өсімдіктерді тиімді пайдалану

Шренк тобылғытүс (раушангүлдер тұқымдасы) – Қазақстан шөлдеріндегі ерекше бұта. Қазақстанда бұл түрлердің еш жерде жабайы түрде кездеспейді. Біздің республикамыздағы ежелгі өсімдіктердің бірі, жасы 30 миллион жылдан кем емес, ол құрғақ сирек ормандарда және бұталы ормандарда кездеседі. Бетпақдала және Қаратау тауларында (Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан) облыстарында кездеседі.
Бетпақдала шөлінде тасты топырақтарда, тақырлардың шетінде тобылғытүс онша биік емес, ұзындығы 2,5 м, шашырай өскен бұтақтардан құралған, қалың діңі бар, сұрғылт сары қабықты, жапырақтары жіңішке таспа тәрізді, қауырсынды, 15-80 дейінгі жұптасқан ұсақ, жуандау бөліктерге бөлінген. Гүлшоғыры сопақша, сирек сыпыртқы. Жылдық өркендердің ұшында жетіледі.

Қосымша бөлімі


Гүлдеу мерзімі маусымда 20 күннің ішінде жүреді, жемісі тамызда піседі. Вегетативті түрде көбеймейді, тек тұқыммен ғана көбейеді. Тұқымдары 10-15 жылда ғана гүлдейді. 40-50 жылдан кейін ғана мықты жетіледі. Тобылғытүстің жалпы тіршілік ұзақтығы 100 жылдан асады. Өрттен кейін тобылғытүс жер асты өркендерінің есебінен өсіп жетілуі мүмкін. Мұндай жағдайда бірінші жылы ұзын өркендер өсіп шығады, ал екінші жылы гүлдеуі мүмкін, бірақ тұқым бермейді. Шренк тобылғытүсі ерекше өте тартымды, құрғаққа төзімді өсімдік. Тамыры 3,5 м тереңдікке кетеді. Жалпы ұзындығы 5 м-ден кем емес. Бұл Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген[2].


Алтай сибиркасы (раушангүлділер тұқымдасы) – ерекше бұта, Алтай эндемигі, Қазақстанның аумағында таралған. Бір түбінің биіктігі 1,5 м-дей болады, кең жайылып бұтақтанған. Бұтақтары барынша жуан, қызғылт-қоңыр қабығымен және күңгірттеу жасыл түсті жапырақтарымен жақсы ерекшеленеді.



6-сурет. Алтай сибиркасы


Гүлдері дара жынысты, бөлектенген шашақ тәрізді, сыпыртқы гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшалары және желектері, барлық раушан гүлдердікіне ұқсас. Тостағаншасының диаметрі 0,5 см. Сибирка маусым-шілдеде гүлдейді. Шілде-тамызда жеміс береді. Жемісі 5 тік тұратын жапырақшалардан тұрады, әрқайсысында 2-ден ұсақ қоңыр түсті тұқым болады. Жапырағын, кейде шәйдің орнына пайдаланады. Ал халық медицинасында безгекті, бауыр ауруларына, жүрек ауруларын емдеуге пайдаланады. Бұлар гүлдеген мерзімде күзде жапырақтары ашық қызыл түске боялған, өте тартымды. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген[3].




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет