292
сінде,
ыңғайсыз жұмыс қалпында, нашар ұйымдастырылған дема-
лыс нәтижесінде болады, ал бұл шаршау сезімін тудырып, көңіл
күйдің нашарлауына әкеліп соғады. адамның еңбекке қабілеттілігінің
ауытқуларын ескере отырып, еңбекті көп қажет ететін барлық
үдерістерді күннің бірінші жартысында және түскі үзілістен кейін
бірден орындаған жөн. Шаршағандықты азайту үшін күні бойы
әртүрлі
жұмыстар орындаған жөн, ал бұл қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарында әбден мүмкін.
жұмыс істеген кезде дұрыс жұмыстық қалыпты сақтау өте
маңызды. бұл белгілі бір өлшемдегі және биіктіктегі жабдықты таңдау
арқылы жүзеге асырылады. жұмысшы бүкіреймей, тік тұруға тиіс.
кейбір операцияларды аспаз бен кондитер биік орындықтарда отырып
жасай алады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс орны артық қимылдар
жасаудан құтылуға, нәтижесінде, уақытынан бұрын шаршаудың
алдын алуға мүмкіндік береді.
адамның еңбекке қабілеттілігі көбіне оқытылу дәрежесіне,
яғни өндірістік машықтарды игеру дәрежесіне байланысты. жұмыс
күнінің дұрыс ұйымдастырылуындағы маңызды фактор –
еңбек
пен демалысты кезектестіру, сондықтан қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарындағы түскі ас үзілісін тікелей мақсатта қолдану қажет.
жұмысшылардың еңбекке қабілетілігін сақтау және денсаулығын
күшейту үшін жұмыс күні ішінде ұзақтығы шамамен бес минут
өндірістік жаттығу жасаудың үлкен маңызы бар. сонымен бірге
жұмыстан бос уақытта жүйелі түрде физикалық жаттығулар мен
спортпен шұғылданудың маңызы да зор.
аталған барлық факторлар еңбек үдерісін ұтымды ұйымдастыруға
және қоғамдық тамақтандыру қызметкерлерінің шаршағыштығын
кемітуге мүмкіндік береді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы
жұмыс уақытының
(ауысымның) жалпы ұзақтығы қолданыстағы еңбек туралы ережеге
сәйкес орнатылады. Өнімді дайындау бойынша еңбекті көп қажет
ететін операциялар, сондай-ақ ауыр заттарды көтеруге және тасуға
байланысты операцияларды механикаландыруға кеңес беріледі.
жұмыс уақыты кезінде көтерілетін және тасымалданатын жүк салмағы
әйелдер үшін – 10 кг, ерлер үшін 30 кг-дан аспауы керек. пештерде,
кондитерлік пештерде, пісіру шкафтарында жұмыс істейтін әйелдердің
жүктілігі белгілі болғаннан кейін, олар дәрігердің қорытындысы бой-
ынша қарқынды жылу әсер ететін және ауыр заттарды қолмен тасуға
байланысты емес жұмыстарға ауыстырылуы қажет.
293
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы жұмыскерлердің
жеке гигиенасы.
жеке гигиена – бұл қоғамдық тамақтандыру
қызметкерлері сақтауға тиіс бірқатар санитарлық ережелер. жеке гиги-
ена ережелерін орындаудың тұтынушыларда
жұқпалы аурулардың
және уланулардың пайда болуына жол бермеу үшін тамақтың микроб-
тармен ластануының алдын алуда маңызы зор. жұмысшылардың жеке
гигиенасы тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетін арттырады
және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының жалпы мәдениетінің
маңызды көрсеткіші болып табылады.
жеке гигиена ережелері денені, қолды, ауыз қуысын, санитарлық
киімді таза ұстауға, кәсіпорынның санитарлық режиміне,
қоғамдық
тамақтандыру қызметкерлерін медициналық куәландыруға бірқатар
гигиеналық талаптарды қарастырады.
Денені тазалықта ұстау – маңызды гигиеналық талап. тері адам
өмірінде күрделі қызмет түрін атқарады – ол тыныс алу үдерісіне
және алмасу өнімдерін бөлуге қатысады. терден ластана отырып
(әсіресе аспаздар мен кондитерлер), тері май шығып, эпителий, шаң
мен микробтардың түсуінен адамның көңіл-күйін нашарлатып тері
нашар жұмыс істейді. сонымен қатар кір іріңді тері ауруларының
тууына және өңделетін тағамның микробтармен
ластануына себепші
болуы мүмкін, сондықтан қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнының
барлық қызметкерлеріне, әсіресе аспаздарға, кондитерлерге,
даяшыларға денелерін тазалықта ұстау қажет. күнделікті жұмыс
алдында сабын-жөкемен душ қабылдауға немесе тура жұмыс алдында
қолды шынтаққа дейін жақсылап жууға кеңес беріледі. ер аспаз, кон-
дитер, даяшылардың шаштары қысқа, жақсылап ұстарамен алынған
болуға тиіс. Даяшылар мұқият және әдеми тарануы керек. Шашты тек
дәретхана бөлмесінде ғана тарауға болады.
Даяшылар косметикалық құралдарды аз
қолдануы және қатты
иіс шығатын заттарды қолданбауы керек. тамақты даярлау бары-
сында өнімдерге қолын тигізетін қоғамдық тамақтану қызметкерлері
үшін қолдарын тазалықта ұстау маңызды. ас әзірлейтін бөлім
қызметкерлерінің қолдарының сыртқы көрінісі келесі талаптарға
жауап беруге тиіс: тырнақтар қысқа етіп алынған, лак жағылмаған,
тырнақтың асты таза. әшекейлер мен сағат тағуға тыйым салы-
нады. Даяшылардың
тырнақтары бапталған, өндірістік мани-
кюр жасалған болуға тиіс. аспаздар, кондитерлер, даяшылардың
қолдарында ауру тудыратан микробтар (сальмонеллалар, дизентерия
таяқшалары), құрттар дернәсілдері болуы мүмкін. сондықтан қолды