Абжанова сокращенная indd



Pdf көрінісі
бет69/189
Дата15.03.2022
өлшемі5,39 Mb.
#135585
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189
Аралас тамақ өнімдері
адамның қандай да бір тағамдық заттарды жеткіліксіз түрде 
тұтынуына байланысты рецептуралық құрамы күрделі, аралас тамақ 
өнімдерін жасау қажеттілігі туындады.
аралас өнімдер өндірісі қазір келесі бағыттар бойынша іске асыры-
лып жатыр:
1. тамаққа пептидтерді енгізу арқылы тамақтың амин қышқылдық 
құрамын жақсарту. пептидті гидролизаттар тиімділігі жағынан 


123
амин қышқылды қоспалар мен ақуыздарға, сондай-ақ мақта, 
бұршақ, тегі микробиологиялық ақуыздар, теңіз өнімдері, сүт 
ақуыздары, қан, изоляттар ақуыздарды пайдаланудан орын 
бермейді. 
2. тамақ өндірісінде түсі, дәмі мен құрылымын жақсарту үшін 
әртүрлі тағамдық қоспаларды пайдалану. бұл ретте табиғи 
шикізаттан алынған қоспаларды пайдаланудың артықшылық-
тары бар.
3. тамақ өнімдері өндірісінде қолданбалы биотехнологияны 
қолдану. тамақтанудың факторларының бірі, тамақ өнімдерін 
байыту үшін қолдану.
Қазіргі таңда, заманауи медициналық-биологиялық талаптар мен 
халықтың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлері мен әдеттеріне сәйкес 
келетін аралас тамақ өнімдерін жасау бойынша зерттеулер кеңінен 
жүргізілуде.
біздің елімізде және шет елдерде тортасы бар сарымайдың 
жаңа түрлері жасалып жатыр, бұл ретте торта ретінде тегі сүтті 
емес шикізатты пайдалану арқылы сүт өнімдерін өндірудің өсімі 
байқалады. Дәмдік қоспалары бар сарымай тек табиғи түрде ғана 
қолданылады, ал бұл негізгі қосылыстардың (май, ақуыз, көмірсулар) 
арақатынасын реттеу, сапа жақсартқыштарды пайдалану (құрылым 
тұрақтандырғыштары, хош иістендіргіштер, бояғыштар мен 
басқалары) арқылы оның құрамы мен қасиеттерін құрамдастыруға 
болады.
сүтті май негізінде дайындалған өнімдер өндірісінде өсімдікті 
шикізат пен органолептикалық қасиеттері мен тағамдық құндылығы 
жоғары қайта өңдеу өнімдері кеңінен қолданыс табуда.
соңғы жылдары тамақ өнімдері өндірісінде жергілікті өсімдікті 
шикізатты қолдану дамып келеді, себебі бұл ұқсас немесе мағынасы 
жағынан негізгі физикалық-химиялық қасиеттері бойынша жақын 
болып келетін қымбат тұратын азық-түлік қорларына жұмсалатын 
шығынды едәуір үнемдеуге, шикізатты өндіріске жеткізу бойынша 
шығындарды төмендетуге септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет