124
бір тамақ өнімдері улану әрекетін
жеделдетуге немесе баяулатуға,
оларды ағзадан шығаруға, оның жалпы төзімділігін арттыруға, ең
көп зақымданған органдардың күйіне
әсер етуге, зиянды өндірістік
факторлардың әсеріне байланысты қосымша қуат шығындарының
орнын
толтыруға қабілетті, сондықтан зиянды кәсіби факторлар
әсер ететін адам ағзасындағы бұзылулардың алдын алу үшін епт ас
үлестерін әзірлейді.
епт-ның маңызды рөлі ақуыздарға беріледі. Осылайша, құрамында
күкірті бар амин қышқылдарына бай ақуыздар тез еритін және
ағзадан тез шығарылатын қосылыстардың түзілуіне септігін
тигізеді,
улы заттарды байланыстыра алады. басқа жағынан кейбір улануларда
(күкіртті көміртек, күкіртті сутек) ас үлесінде ақуызды шектеу қажет,
себебі удың уытсыздандыру үдерістері бұзылады.
епт-дағы майлардың рөлі алуан түрлі және бір мағыналы емес.
Құрамында көпқанықпаған май қышқылдары мен антиоксидантты
әсер ететін дәрумендері бар майлар ағзаға – профилактикалық, ал
қышқылданған майлар – керісінше әсер етеді.
көмірсулардың биохимиялық рөлі улы заттар мен олардың
метаболиттерін байланыстыру мен
шығаруға қатысатын глюкурон
қышқылын түзуінде.
ағзаның көптеген химиялық уларға деген төзімділігін дәрумендер
жақсы арттырады. аскорбин қышқылының, а дәруменінің, В тобының
дәрумендерінің уытсыздандыру қасиеттері белгілі. табиғи антиокси-
дант ретіндегі е дәруменінің рөлі бірегей.
емдік-профилактикалық тамақтанудың ас үлесі ағзаға әсер ететін
кәсіби факторларға байланысты жасалады. бұл ретте үйлесімді
тамақтанудың жалпы қағидаларын да сақтаған жөн.
епт-ның жұмыс істеу сипатына қарай жеті ас үлесінің бірі
тағайындалады. Олардың сипаттамасы
мен құрамындағы өнімдер
тізімі 8 және 9-кестелерде келтірілген.
бірқатар өндірістер жұмысшылары үшін (жоғары температура мен
қарқынды жылу сәулеленуге шалдығатындарға) тек қана дәрумендік
препараттарды беру қарастырылған: а дәруменінің 2 мг, В1 және В2
дәруменінің 3 мг, с дәруменінің 150 мг мен РР дәруменінің 20 мг
тағайындайды; ал темекі-махорка және никотин өндірістерінде жұмыс
істейтіндерге никотині бар шаңның әсері кезінде – В1 дәруменінің 2
мг мен с дәруменінің 150 мг тағайындалады.
епт мен дәрумендерді беруді медициналық-санитарлық бөлімдер
мен денсаулық пункттерінің қызметкерлері бақылайды.
жұмыс-