«Ақбұлақ мбк» кмм 5-сынып оқушыларымен миф апталығы аясында өтетін «Ғажайып математика» сайысы



бет2/5
Дата22.11.2022
өлшемі205,41 Kb.
#159264
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ғажайып математика

2-жүргізуші:
Ал енді, бүгінгі сайысымыздың кезеңдеріне тоқталып өтейік:


1-жүргізуші:

  1. Танысу сәті (аты, ұраны, эмблемасы);

  2. Үй тапсырмасы (қарсылас топтарға сөзжұмбақ жасыру);

  3. «Кім мықты?»;

  4. Т оп басшылар сайысы;

  5. Қорытынды.

2-жүргізуші:
Ойын-толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.


1-жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойында.
Білімдінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында -дей отырып, кезекті амандасу рәсімі және топтың аты мен эмблемасын қорғауға береміз.


1-жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз берейік. Топтарымыздың танысу рәсіміне қандай баға берер екен?

2-жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды.
Айыра біл соқпақтарын өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп, ендігі кезекті «Үй тапсырмасына» береміз. Әр топ өздерінің дайындап келген сөзжұмбақтарын қарсылас топтарға ұсынады.


1-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.

1-жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама, құлама!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт.

2- жүргізуші:Сайысымыздың үшінші кезеңіне өтеміз.
Ол «Кім мықты?» деп аталады.


1-жүргізушіЖеті жұмбақ» бөлімі. Әр топ бір жұмбақтың шешімін айтады. Шешімін таба алмаған топ кезекті бірінші қол көтерген топқа береді.
(Слайд арқылы жұмбақтар көрсетіледі.)
Үлкені бөліп нәрсені,
Кішісі алады үлесін.
Айырылмай бірге жүрген соң,
Екеуіне қойылған бір есім.
Бөлетін, алатын екеудің
Есімін сен де білесің.
Алдыңнан шығып күн сайын
Жиі кездесіп жүресің. (Бөлшек. Дұрыс бөлшек.)

Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.


Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.
Сенімен бірге жүрем деп.
Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,
Тоңқылдақ жүр күңкілдеп. (Цифрлар.)

Ол оқушы құралы,


Қатеңді түзеп тұрады. (Өшіргіш.)

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,


Дегенменен тұмсығынан өледі. (Қарындаш. )
Он екі ақ парақ-
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем-ақ,
Сызылған тақталап. (Дәптер.)

Апалы-сіңлілі келеді,


Біріне-бірі ереді. (Екі аяқ.)

Төрт аяғы болғанымен


Жүре алмайды өзінше. (Үстел.)

Бір атқанда он алдым,


Он атқанда мың алдым. (Тұқым.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет