1-жүргізуші:
Кезекті «Кім мықты?» кезеңінің соңғы бөлімі «Логикалық есептерге» берейік. Бұл бөлімде логикалық есептер ұсынылады, сөз бірінші қол көтерген топқа беріледі(Слайд арқылы логикалық есептер көрсетіледі).
№1. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен? (ата, әке, немере).
№2. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? (6 лақ)
№3. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:
«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар? (үш қыз, үш ұлы).
№4. Берілген фигурада неше үшбұрыш бар? (12).
№5. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді?
№6.Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап? (130)
№7. Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут).
2-жүргізуші: Сөз кезегі әділқазылар алқасында.
1-жүргізуші: Ортаға топ басшыларын шақырамыз!(Музыка ойналады).
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары дұрыс шықты.
«Топ басшылар сайысы» кезеңінде
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
2-жүргізуші: Топ басшыларына арналған тапсырма «Көп ойлан, сөз ойла» деп аталады». 2 мин ішінде әріптерді ретке келтіріп, сөздерді табу керек.
РНКӨЕ НСА
УБК СЕҮЛ
ӨЕЙТКУБ НБІТҮ
ТВКАРДА ЛӨМБІ
АСАРЛА УҚСО
ЛФАРОУМА ЗЙТАУА
ИРЕТПРЕМ ДНАУА
ШБЕӨКЛ НҚЫДСЫО
Жауабы:
ӨРНЕК САН
КУБ ҮЛЕС
КӨБЕЙТУ БҮТІН
КВАДРАТ БӨЛІМ
АРАЛАС ҚОСУ
ФОРМУЛА АЗАЙТУ
ПЕРИМЕТР АУДАН
БӨЛШЕК ҚОСЫНДЫ
1-жүргізуші: Топ басшылары сайысқа түсіп жатқанда біз көрермен қауымға арнап дайындап келген сұрақтарымызға жауап алуға тырысып көрейік:
(Слайд арқылы сұрақтар көрсетіледі)
1.Табақтағы жемісті,
Бұлай ғана бөлісті.
Екі анасы,қос баласы,
Әжесімен немере
Бір-бірден тиді алмасы,
Айтшы қанша жан басы? (әжесі, анасы, баласы)
2.Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң қанша екенін тез есепте
Алдында екеу,екеуі келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде.(4 қаз).
Достарыңызбен бөлісу: |