2-жүргізуші:
Ойланайық азырақ,
Уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки,
Жалғасын мен білем деп,-дей келе ,кезекті «Ойымды жалғастыр... » атты бөлімге берсек.
1-жүргізуші:
Мақал-мәтел қазағымның мұрасы,
Мақал білген қазағымның баласы.
Мақал айтып жарысады жеті топ,
Қай топ мақал-мәтелді,
Біледі екен өте көп?
Мақалдың жалғасын таба алмаған топ кезекті бірінші қол көтерген топқа береді. (Әр топқа слайд арқылы мақал-мәтелдердің жалғасын табу ұсынылады).
І топ.
Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз).
Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішер).
ІІ топ.
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл).
Арсызға(алты) күн мейрам.
ІІІ топ.
Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына).
Бірдің кесірі (мыңға тиер).
ІV топ.
Өтіріктің құйрығы (бір-ақ тұтам).
Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ).
V топ.
Ер егіз, (еңбек жалғыз).
Дос егіз, (дұшпан сегіз).
VІ топ.
Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге жайылар).
Алпы қарсақ (ат) болмас.
VІ І топ.
Бір күн дәм татқанға, (қырық күн сәлем бер).
Ердің құны (жүз жылқы).
2-жүргізуші:
Енді болса, «Жаңылтпаштан жаңылма ......» бөліміне өтеміз.
Әр топқа бір жаңылтпаш ұсынылады.
І топ.
Үшып кетті үш құс,
Ұшып келді үш құс.
Қырық үш қызғыш құсқа
Қырық үш қызғыш құс қосса,
Қанша қызғыш құс болады ?
ІІ топ.
Қырық қырықтық,
Сырық қырықтық.
Төрт төртім бар,
Төрт тортым бар.
Төртім маған,
Тортым саған.
ІІІ топ.
Қырық құрқылтай
Бір құрдан үркіп ұшты.
Қырық құр
Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.
Қырық құр қорқақ па?
Қырық құрқылтай қорқақ па?
ІV топ.
Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар.
Бір қарт арқар бар,
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға қарт арқарды
Қосса, қанша арқар бар?
V топ.
Сегіз көк өгізіміз де
Өз өгізіміз.
Семіз көк өгізіміз де
Өз өгізіміз.
Егіз көк өгізіміз де
Өз өгізіміз.
Өзге көп өгізіміз де
Өз өгізіміз.
VІ топ.
Үш кісі ішік пішті,
Бес кіші ішік пішті,
Неше кісі ішік пішті?
Неше кіші ішік пішті?
VІ І топ.
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |