Қарсы көрсеткіштері: Дене қызуы бар ауырып тұрған малдарды, екі айлық буаздық кезінде, зардапты және инвазиялық аурулармен ауырып тұрған малдарды вакцинациялауға болмайды. Әлсіз және ауырған малдарды ең бірінші емдейді, жазылған малдарды трихофития ауруларына қарсы иммундайды.
Дозасы: Иммундеу жұмыстары арасына 14 тәулік салып 2 рет жүргізіледі, яғни алдын алу дозасы 2,0 см3 (емдеу дозасы 4,0 см3). Ірі қара малы трихофития ауруымен ауырып жүрген кезінде (инкубациялық кезеңінде) иммунделсе, ауырған малдардың трихофитиясының клиникалық белгілері қоздырғыш бар жерлерінде тезірек көріне бастайды (малдардың тері үстінде қатпарланған ауру ошақтары пайда болады). Осындай клиникалық белгілері бар малдарды вакцинаның емдік мөлшерімен арасына 14 тәулік салып екі-үш рет егу қажет. Алдын алу және емдік тиімділігі 100%. Иммунделген ірі қара малының ағзасында трихофития ауруына қарсы иммунитет толық қалыптасып, 12 айға дейін созылады.
Қолданылу әдісі: залалдану деңгейіне байланысты бұлшық етке егіледі.
Жарамдылығы: Вакцина +2-ден +10 оС дейінгі температурада сақталса, дайындалған күнінен бастап 12 ай ішінде жарамды.
Шығарылуы: 10, 20, 40, 50, 100, 200 және 500 см3 мөлшерде шыны құтыларда шығарылады.
Препарат құны: бағасы келісім бойынша.
Өндіруші: «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС.
Мекен-жайы: 050016, Алматы қ., Райымбек даңғ. 223, тел. + 7 (727) 233-72-71.
1905
Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт
КазНИВИ
Ассоциированная инактивированная вакцина против трихофитии и микроспории лошадей
Биопрепарат предназначен для профилактики и лечения трихофитии и микроспории лошадей.
Состав: вакцинные штаммы Trichophyton equinum F-0181 и Microsporum equinum F-0182, гидроокись алюминия, глицерин, формалин, физиологический раствор.
Достарыңызбен бөлісу: |