Қарсы көрсеткіштері: Дене қызуы бар ауырып тұрған түйелерге (боталарға), екі айлық буаздық кезінде, залалды және инвазиялық аурулармен ауырып тұрған малдарды вакцинациялауға болмайды. Әлсіз және ауырған түйелерді (боталарды) ең бірінші емдейді, жазылған түйелерді трихофития ауруларына қарсы иммундейді.
Дозасы: Иммундеу жұмыстары арасына 14 тәулік салып 2 рет жүргізіледі, яғни алдын алу дозасы 2,0 см3 (емдеу дозасы 4,0 см3). Түйе трихофития ауруымен ауырып жүрген кезінде (инкубациялық кезеңінде) иммунизация жасалса, ауырған түйелердің трихофитиясының клиникалық белгілері қоздырғыш бар жерлерінде тезірек көріне бастайды (жануарлардың тері үстінде қатпарланған ауру ошақтары пайда болады). Осындай клиникалық белгілері бар түйелерді вакцинаның емдік мөлшерімен арасына 14 тәулік салып екі-үш рет егу қажет. Алдын алу және емдік тиімділігі 100%. Иммунделген түйелердің ағзасында трихофития ауруына қарсы иммунитет толық қалыптасып, 12 айға дейін созылады.
Қолданылу әдісі: залалдану деңгейіне байланысты бұлшық етке егіледі.
Жарамдылығы: Вакцина +2-ден +10 оС дейінгі температурада сақталса, дайындалған күнінен бастап 12 ай ішінде жарамды.
Ерекше көрсеткіштері: вакцина қолданылған жануарлардың сүті мен сойылған жануарлардың еті шексіз қолданылады.
Шығарылу түрі: 10, 20, 40, 50, 100, 200 және 500 см3 мөлшерде шыны құтыларда шығарылады.
Препарат құны: бағасы келісім бойынша.
Өндіруші: «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС.
Мекен-жайы: 050016, Алматы қ., Райымбек даңғ. 223, тел. + 7 (727) 233-72-71.
1905
Казахский научно-исследовательский ветеринарный институт
КазНИВИ
Инактивированная вакцина против трихофитии крупного рогатого скота
Биопрепарат предназначен для профилактики и лечения трихофитии крупного рогатого скота.
Состав: вакцинный штамм Trichophyton verrucosum F-0271, гидроокись алюминия, глицерин, формалин, физиологический раствор.
Достарыңызбен бөлісу: |