Абстрак т Ғылыми жобаның негізгі мақсаты



бет5/5
Дата01.10.2024
өлшемі145,01 Kb.
#205477
1   2   3   4   5
Байланысты:
"Киелі сандар " ғылыми жоба

Тоқсанбай Құлтумиев (1933, Атырау облысы, Қосшагыл а. - 1964) - белгілі домбырашы, әуесқой сазгер. Құрманғазының шығармаларын шебер орындаушы, насихаттаушы.
Оның бірнеше күйлері, «Анашым», «Жазыңмен өмірімді жылытшы», «Өзіңсің ғой өмірімнің бұлбұлы» әндері жұртшылык көңілінен шыққан шығармалар. «Аманат» (1965) атты шығармалар жинағы жарық көрді. [1] Тоқсанбай Құлтумиевтің атында Жылыойда саз мектебі және халықтық ұлт-аспаптар бар.

Арыстанғалиев Алтыбай (15.5.1948 жылы, Атырау облысы Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы – 21.8. 2007 жылы, сонда) – еңбек ардагері. Мәскеу Қазіргі заман гуманиталық институтының Атырау бөлімшесін сырттай бітірген (2005 жылы). 1965 – 84 жылдары “Қызыл Ту” кеңшарында трактор жүргізуші, бригадир болды. 1984 – 97 жылдары осы шаруашылықта ферма меңгерушісі, 1997 – 2003 жылдары “Айбар” шаруа қожалығының төрағасы, 2003 – 06 жылдары “Жас қайрат” АҚ-ның президенті болған. 2007 жылдан Тайсойған ауылдық округінің әкімі болды. Ол қой тұқымын асылдандыру бағытында көп жұмыстар атқарған. Арыстанғалиев “Атыраулық” етті-майлы елтірілі қаракөл қой тұқымы авторларының бірі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2005 жылы).[1]


Қырықбай Бекбаев -1937 жылы 10 қарашада Жайық бойындағы Есбол ауылдық советіне қарасты №11 ауылда дүниеге келіп, 1956 жылы махамбет орта мектебін бітірді. Қырықбайдың балалық балауса шағы да Ұлы Отан соғысының зобалаңына тап келді. Ел көрген қиыншылықты ол да бір кісідей бастан кешті.

Елді мекендер :
«Үштұрба» - Атырау облысы, Жылой ауданы, Қосшағыл ауылының елді мекені.
«Ақ үш там»-
«Төртқұдық» - Атырау облысы , Қызылқоға ауданына қарасты ,Төртқұдық қыстағы

4. Қорытынды

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар жай сандар теориясына қатысы бар ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелер жинақтау арқылы салыстырып көрсету.


Қазіргі жастардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім.
1- жұмыс. Наурыз мерекесіне арналған сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен таныстырдым. Білетін қасиетті сандары санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Қасиетті сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.
2- жұмыс. Өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қортындысын көрсетпекпін.
Қатысқан 8 «а» сыныбы, барлығы 16 оқушы.

4. 1 Практикалық кезең

Сауалнама:

1. Қасиетті сандар туралы білесің бе?


а) иә ә) жоқ
2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің?
а) ата-анадан ә) мұғалімнен
б) аға-әпкелерден
3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ?
а) иә ә) жоқ
4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе?
а) иә ә) жоқ
5. Қандай қасиетті сандар білесің?

Сауалнама қорытындысы:


1. иә -16 оқушы
2. ата-анадан – 6 оқушы
мұғаліммен – 10 оқушы

3. Иә - 5 оқушы


Жоқ – 11оқушы

4. «7 саны» - 13 оқушы


«3 саны» - 10 оқушы
«4 саны» - 16 оқушы

Сауалнама: Қасиетті сандар туралы барлық оқушылардың білімі бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты.


Ал балардың білетін қасиетті сандары 7, 4, 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандарды білмейтін болып шықты. Барлық оқушы қасиетті сандар туралы жинауға қарсы еместіктерін қуана білдірді
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ
    ескiлiктерi» Ғылыми басылым. - ШҚТУ, Өскемен, 2001.

  2. Бақытбек М . «Жас Алаш» газеті. Алматы 2001 ж.

  3. Дүсіпбаева Қ. С. Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері. Фил. ғыл. канд. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. А. , 2001 ж. – 28 б.

4. Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский
5. Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттікуниверситеті, 2003. - 28-33- б.
6. Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы
7.Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987
8. Қайдар Ә. Т. Халық даналығы. –Алматы, 2004, -565б.
9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 7 том. – Алматы: Ғылым, 1983. - 256 б.
10.Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И.
Көкенова Ж. Алматы – 1974ж
11. Ұлттық дүниетаным Аюбай Құралұлы. Алматы 2002
12. Ұ.Шүленбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.-Алматы,
Ана тілі газеті. №32.2004. 8-б.
13.Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 б
14. Р.Наурызбаева. Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу
жолдары.//Бастауыш мектепте халықтық тәлім-тәрбие берудің
шығармашылық жолдары. –Алматы, Білім.2006 ж. 36-б



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет