Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



Pdf көрінісі
бет65/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.  М.Қозыбаев  «Қазақстан  тарихы»  Алматы  «Мектеп» 

2002 жыл.

2. Әбуев Қ.Қ. «Қазақстан тарихының ақтаңдақ беттерінен» 

196



Алматы, 1994 жыл.

3.  А.А.Сейтқасымов  «ХХ  ғасырдың  20-40  жылдарындағы 

Қазақстан тарихы» 2010 жыл.

ХІХ-ХХ ғғ. КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ АРХЕТЕКТУРАЛЫҚ-

ТАРИХИ НЫСАНДАРЫ

Төлепбергенов Ғ.М.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 

Көкшетау қ.

Galutai- 62 m.mail.ru,



Әдей Жайнагул

- Ақмола облыстық мамандандырылған  

№3 «Дарын» мектебінің жоғарғы санаттағы оқытушысы

Көкшетау 

өңірі 

мен 


қаласының 

тарихы 


отандық 

тарихнамада көрнекті орынға ие, себебі бұл өлке ХVІІІ ғ. бастап 

жүз  жыл  бойына  қазақ  хандығының  саяси  орталығы  қызметін 

атқарып,  түрлі  қыйлы  тарихи  оқиғаларды  басынан  кешірді. 

Ресейлік  патша  өкіметінің  отаршылдық  саясатының  қарқын 

алуы  да  осы  өлкеден  басталғаны  мәлім.  Уәлі  хан  билік 

еткеннен  кейін  Ресейдің  тура  бодандығына  өткен  заманда 

патша  өкіметі  өз  билігін  қазақтарға  тікелей  жүргізу  үшін  Орта 

жүз хандығының орнына сегіз дуан құрылғанда соның бірі және 

алғашқы орталығы ретінде Көкшетау приказы яғни қаланың ірге 

тасы  қаланды  бұл  әйгілі  «Сібір  қазақтары  туралы  жарғы» 

шыққан  1822  жылдан  екі  жыл  өткенен  кейін  мүмкін  болды. 

Жалпы  Көкшетау  қаланың  ғана  емес  ауқымды  тарихи-

географиялық  аймақтың  атауы  оның  даңқы  табиғатының 

көркемдігімен  ғана  емес  ХҮІІІ  ғасырдағы  Абылай  заманындағы 

ірі  тарихи  оқиғаларға  байланысты  бүкіл  қазақ  еліне  және 

көршілеріне мәшһүр болды.

Көкшетау  қыратының  солтүстігінде,  Бұқпа  тау  айнала 

қоршай  жатқан  етектегі  жазық  пен    Қопа  көлін  құшағына  ала 

жатқан  бұл  көне  қаланың  аумағы  – 420,0  км2.  Ертеде  қала 

түскенге  дейін  Бұқпа  таудың  өн  бойы  сыңсыған  қарағайлы 

орман жауып тұрған, қала түскенге дейін бұл мекенде Атығай –

Қарауыл  аулдарының  «Теріс  қыстау»  аталған  қонысы  болған 

еді.


Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі. Демек 

қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ 

қоныс салып, қорғандар тұрғызған. [1: 324 ].

197



Дуан  ашылғаннан  кейін  үйлердің  барлығы  да  ағаштан 

қиылып  салынатын  болған.  Соған  байланысты  Көкшетауды 

кезінде «ағаш қала» деп те атаған. Егер де қазіргі күнде қалада 

құрылыс  жүргізгендер  қаланың  оңтістігі  мен  солтүстігіндегі 

қыраттарды  үңгіп  бүлдіріп  жатқан  болса,  сол  кездегі  патша 

өкіметінің  адамдары  аяусыз  тегін  қарағайлы  орманды  қирата 

қырып  ағаш  үйлерді  тұрғызған.  Көкшетаудың  табиғатының 

азып-тозуы сол уақыттан бастау алған.

Көкшетау  қаласы  екі  жүз  жылға  жуық  тарихында  кішігірім 

бекініс  –  қоныс,  сонан  соң  уезд  орталығы  қаладан,  кеңес 

кезеңінде  облыстық  дәрежедегі  қалаға  айналды,  қаланың 

қазіргі  жобасы  мен  негізгі  инфрақұрлымы  әйгілі  жерлесіміз 

Көкшетаудың  тумасы,  мемлекет  қайраткері  Еркін  Нұржанұлы 

Әуелбековтің хатшы болып тұрған 1969-1979 жж. қалыптасқан.  

Көкшетау  қаласында  сол  жылдары  аэропорт,  теміржол 

вокзалы,  пед  институттың  бас  ғимараты,  ауылшаруашылық 

институтының  ғимараттары  тағы  басқа  нысандар  бой  көтеріп, 

белгісіз сарбаз ескерткіші ашылды.

Көкшетау  1989  жылғы  санақ  бойынша  157  мыңнан  астам 

тұрғыны бар ірі қалаға айналды. Кеңес Одағы ыдырағаннан соң 

қала 1990- шы жылдардың ортасында әлеуметтік-эконмикалық 

қыйындықтарды  басынан  кешірді  1997  жылы  облыстық 

орталық  статусынан  айырылып  біршама  құлдырауға  ұшырады 

халқының  саны  132,9  мың  адамға  дейін  азайып  кетті.  1993 

жылы Қала мен тарихи аймақтың отарлық кезеңде бұрмаланып 

келген  атау  транскрипциясы  өзгертіліп  ол  енді  (Кокчетав) 

Көкшетау қаласы, Көкшетау облысы деп түзетілді. Қаламыздың 

қайта қалпына келіп, көркеюіне зор серпін берген оқиға ол 1999 

жылы  Кокшетау  қаласы  Президент  жарлығымен  астаналық 

облыстың  орталығына  айналуы  болды.  Қаланың  орталық 

көшелері қайта реконструкциядан өтіп, қазақ елінің ел иесі, жер 

киесі  болған  алаштың  ардақты  ханы  Абылай  ханға  арналған 

тамаша  ескеркіш  ашылды,  2000  жылы  жеңіс  аллеясында 

Талғат  Бигельдиновке  бюст  орнатылды.  Қала  орталығына 

қаланың  негізі  қаланған  дата  жазылған  белгі  тасқа  зер  жазу 

жазылды.


Содан  бергі  уақытта  Орталық  алаңнан  Ленин  ескерткіші 

алынып  ол  алаң  Абылай  хан  алаңы  деген  жаңа  атауға  ие 

болды.  Ленин  ескерткіші  қалалық  саябаққа  ауыстырылып 

орнатылды.  2012  жылы  Лениннің  серіктерінің  бірі  төңкерісшіл 

В.  Куйбышевтің  ескерткіші  Бұқпа  таудың  етегендегі  орнынан 

түсіріліп, қала музейінің жанына жайғастырылды.

Қаламызда  патша  дәуірінен  сақталған  қарағайдан  қыйып 

198



салынған: уезд бастығының үйі, саудагер Балтыққан сарттың үі, 

Науан  Хазірет  мешіті,  Михаил  –  Архангель  православ  шіркеуі, 

өлкетану  мұражайы  орналасқан    көпес  Смуровтың  үйлері 

сақталған.  Сондай  –  ақ  қалада  Сталиндік  дәуір  мен  Хрущевтік 

кезеңде  салынған  тұрғын  үйлер  көптеп  сақталған.  2011  жылы 

облыстық  сот  ғимараты  алдында  қазақтың  үш  биіне  арналған 

ескерткіш  тұрғызылған.  Қаламызда тәуелсіздік жылдары басқа 

да  әсем  ғимараттар  мен  ескуерткіштер  тұрғызылды.  Қазақ 

жерін  отарлай  бастаған  Ресей  империясы  19  ғ-дан  бастап 

Көкшетау  жеріне  орыс  шаруаларын  біртіндеп  қоныстандыруға 

кірісті.  Сібір  генерал-губернаторы  болып  қызмет  істеген  (1819-

1821),  Ресей  империясының  Мемлекеттік  кеңесі  және  Сібір 

комитетінің 

мүшесі 


М.М.Сперанскийдің 

(1772-1839) 

басшылығымен  1822  ж.  «Сібір  қазақтары  туралы  жарғы» 

жасалып,  Орта  жүзде  хандық  билік  жойылды.  1824  ж.  29 

сәуірде  Көкшетау  сыртқы  округі  құрылды,  аға  сұлтандыққа 

Уәлидің  үлкен  ұлы  Ғұбайдолла  тағайындалды.  Оcы  жылы 

күзден  бастап  округтің  орталығы  ретінде  бұрынғы  Көкшетау 

қонысының  орнына  Көкшетау  бекінісі  салына  бастады.  [2:303]. 

Абылай  ханның немересі Кенесары Қасымұлы бастаған, Қазақ 

хандығын 

қайтадан 

қалпына  келтіруге  ұмтылған  қазақ 

халқының ұлт-азаттық қозғалысы алғаш осы Көкшетау өңірінде 

бастау  алды.  1824  жылы  тұңғыш  аға  сұлтандыққа  Ғұбайдолла 

сайланды.  1853  ж.  Көкшетау  сыртқы  округінің  аға  сұлтаны 

болып  Шоқанның  әкесі  Шыңғыс  Уәлиханов  тағайындалды. 

Көкшетау  қаласының  тарихына  арналған  тұрақты  экспозиция 

Көкшету 


қалалық 

әкімдігі 

ғимаратының 

фойесінде 

орналастырылған  онда  Көкшетау  дуаны  мен  қаланың  алғаш 

басқарған азаматтардың тізімдері берілген.

Көкшетауда  қазақтың  белгілі  өнерпаздары  (Орынбай, 

Зілғара,  Шөже,  Ақан  сері,  Біржан  сал,  Балуан  Шолақ,  Үкілі 

Ыбырай,  т.б.)  өмірге  келді.  1868  ж.  Көкшетау  сыртқы  округі 

таратылып,  оның  орнына  Ақмола  облысына  бағынатын 

Көкшетау  уезі  құрылды.  1882  жылы  жарық  көрген  «Сібірдегі 

қалалар  мен  кенттердің  экономикалық  жағдайы»  деген 

басылымда  жарияланған  мынадай  мәліметтер  бір  сәт  үңілсек. 

Онда  былай  деп  жазылыпты:  «Көкшетау  үлкен  станица  мен 

соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны 

қаладағыдан  төрт  есе  көп.  Сондай-ақ  онда  шіркеу,  көпшілік 

орындар,  училище,  жәрмеңкелер  мен  базар  бар.  Станицада 

300-ге  жуық  үй,  1800-ден  астам  адам  тұрады.  Қалада  небәрі 

60-70  үй  және  450  мещан  мекен  етеді.  Қалада  екі  көше  ғана 

болса,  станицада  жетеу…»  [3:36].  Қаладағы  Науан  Хазірет 

199



атындағы  мешіт  ғимараты  мен  «Автогордок»  аталатын 

аудандағы  мешіт  ескі  қазақ  мешіті  сол  замандардан  сақталған 

ғимараттар.  Әрине  көптеген  ғимараттар  заман  ағымына  қарай 

бүгінгі күнге дейін сақталмаған. Қаладағы православ шіркеуі де 

ХІХ  ғасырдың  тарихи ескерткіші болып табылады. Бүгінгі күнге 

дейін  сақталған  ағаш  ғимараттар  қатарына:  бұрынғы  В. 

Куйбышев  музейі  болған  қала  мұражайы,  уезд  начальнигінің 

үйі.  Мәлік  Ғабдуллин  мұражайы  орналасқан  көпес  үйі.  1895  ж. 

Көкшетау  бекінісіне  қала  мәртебесі  берілді.  Қазақтың  жер-суы 

Ресей  мемлекетінің  меншігі  деп  жарияланып  (1891),  қоныс 

аудару  қозғалысы  салдарынан,  тек  1885-1893  ж.  Ақмола 

облысында  (Көушетау  аймағы  соның  құрамында)  қазақтардан 

252  мың  гектардан  астам  жер  тартып  алынып,  24  селоға  11 

мыңдай  ер  адамы  бар  отбасылар  қоныстандырылды.  1894  ж. 

орыс  ұлтының  саны  1868  жылға  қарағанда  75  мыңға  көбейді. 

Сондықтан  да  отарлық  езгінің  күллі  экономикалық,  әлеуметтік, 

рухани  қыспағын  Көкшетау  өңірінің  көзі  ашық  азаматтары 

бірден  сезінді.  Көкшетау  мешітінің  молдалары  Науан  хазірет 

пен  Ш.Қосшығұлов  1903  ж.  қазақ  елінің  беделді  азаматтарына 

(соның  ішінде  Абайға  да)  хаттар  жолдап,  ел  басына  түскен 

ахуалды талқылайтын кеңес өткізуге шақырды. 

Жергілікті өлкетанушы ғалым профессор Қ.Әбуовтің 2011 

жылы  Астана  қаласында  басылып  шыққан  «Науан  Хазірет» 

зерттеуінде  Науан  Хазіретті    қазақтың  жаңа  замандағы  ірі  дін 

реформаторы ағартушы ғұлама деп көрсеткен [4: 32].

Ал  профессор  Ө.  Озғанбайдың  «Ресей  Думасындағы 

қазақтар»  монографиясында  жерлесіміз  Ш.  Қосшығұлов 

алғашқы  қазақтан  сайланған  парламент  мүшесі  екендігі 

дәлелденген [5: 47].

Төңкеріске дейін  қалада кірпіштен салынған тұңғыш ғимарат 

1904  жылы  қала  орталығында  салынған  шарап  жасау 

зауытының  иесі  Смуровтың  үйі,  сондай  –  ақ  қазіргі  Әуезов 

кошесіндегі  Өнер  және  әдебиет  мұражайы  орналасқан 

ғимараттар  болып  табылады.  Смуров  салдырған  ғимаратта  

1920  жылы  тарихи-өлкетану  мұражайы  ұйымдастырылған.  Ол 

Қазақстандағы  көне  ағарту  мекемелердің  бірі.  1904  жылы 

салынған  ХІХ  ғасырдың  тарих  және  архитектура  ескерткішінің 

ғимаратына  жатады.  Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау  және 

пайдалану  жөніндегі  орталық»  директоры  Ыбраев  Талғат 

Қайыркенұлының  айтуы  бойынша  облыс  аумағындағы  тарихи 

ескеркіштерді қорғау және пайдалану үшін арнайы мемлекеттік 

орталық құрылған.

Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау  және  пайдалану  жөніндегі 

200



орталық» МКҚК облыс әкімінің 2001 жылғы 29 қарашадағы №а 

7/43  қаулысы  негізінде  құрылды.  Орталықтың  мемлекеттік 

меншіктік  құқықтық  субьекті  ретінде  міндеттерін  атқарушы 

құрылтайшысы  болып  Ақмола  облысының  әкімдігі  табылады. 

Ақмола  облысы  әкімінің  2005  жылғы  12  тамыздағы  №  А-8/264 

қаулысы  негізінде  «Тарихи-мәдени  мұраны  қорғау  және 

пайдалану 

орталығы» 

ММ-сі 

оперативтік 



мемлекеттік 

коммуналды  кәсіпорын  құқығы  бойынша  Ақмола  облысының 

мәдениет  басқармасы  жанындағы  «Тарихи-мәдени  мұраны 

қорғау және пайдалану орталығы» мемлекеттік мекемесі болып 

құрылды [6].

Қаламызда 

әртүрлі 

тарихи 


кезеңдерден 

сақталған 

ғимараттар  саусақпен  санарлықтай  ғана.  Ғимараттар  қандай 

заман  өтсе  де  оның  кенйбір  үлгілері  келесі  ұрпақтар  үшін 

сақталып отыруға міндетті.

Мәселен  1963  ж.  қазіргі  кезде  облыстық  филормония 

орналасқан 

ғимарат 


теміржолшылдар 

сарайы 


салынып 

пайдалануға  берілді.  Ол  ұзақ  уақыт  бойына  қаладағы  халық 

шығармашылығының  ірі орталығы болып келді. Нарыққа көшу, 

реформалардан  соң  тарихи  ғимарат  мемлекет  иелігіне  өтіп 

сақталып 

қалды. 


Ғимарат 

кеңестік 

дәуірдегі 

кеңестік 

архитектуралық  стилде  салынған.  Болашақта  ХХ  ғасырдың 

тарихи-монументальді  ескерткіші  ретінде  қорғауға  алынуға 

тиісті.  Әуезов  көшесіндегі  «Юнность»  кинотеатры,  «Истоки» 

славян  орталығы  орналасқан  ғимарат  та  кеңестік    дәуір 

тудырған тарихи ескерткіштер.

1965  жылы  Бұқпа  тауда  қаламыздың  эмблемасы  тәрізді 

болған  180  метрлік  телемұнара  да  бір  дәуірдің  қайталанбас 

ескеркіші  болып  табылады,  назар  аударатын  нәрсе  шынында 

телехабарларды  қабылдау  үшін  биік  нүкте  керек  болды  соған 

қарамастан 

құрылыс 

жүргізгендер 

табиғатқа 

мейлінше 

жанашарлықпен зиян келтірмей осы аса күрделі жалпы қоғамға 

керек құрылысты сәтті жүзеге асырған.

1971  ж.  қаламызда  қазақ  халқының  ұлы  перзенті  Шоқан 

Уәлихановтың  ескерткіші  Копа  көліне  таяу  қазіргі  қалалық 

әкімдік  алаңында  бой  көтерді  .  Ескерткіш  авторлары 

көкшетаулық мүсінші Төлеген Досмағамбетов пен архитектор Қ. 

Абдалиевтер  болды.  Елімізде  Ш.  Уәлихановқа  Алматыда, 

Алтын  Емелде  қойылған  ескерткіштер  бар,  көп  адамдардың 

айтуынша  соның  ішіндегі  ең  сәтті  шыққаны  осы  Көкшетау 

қаласындағы ескерткіш болып табылады. 

Ол кезеңдегі қала халқының құрамында қазақтардың үлес 

салмағы өте төмен болып қалада бір ғана толық қазақ мектебі 

201



облыстық  қазақ  мектеп  –  интернаты  жұмыс  істеді.  Оның 

ғимараты  да  1960-шы  жылдардың  құрылыс  нысаны  болып 

саналады.  Бұрынғы  қалалық  қазақ  мектебінің  тек  жоғары 

сыныптары қалдырылып қазақ кластары жабылды.

Осы  жылдары  Көкшетау  қаласының  Орталық  бөлегінің 

архитектуралық 

жобалануы 

аяқталып 

қазіргі 

бейнесіне 

сәйкестендірілді. 1977 жылы Қазіргі Көкшетау мәдениет сарайы 

салынып  онда  орыс  драма  театры  ашылды.  Архитектор 

Земляковтың  жобасымен  Бас  пошта  үйі  салынды,  сол  жылы 

алматылық  архитекторлар  Т.Жәнібеков  пен  қарағандылық 

мүсінші  А.Билыктың  авторлығымен  «Мәңгі  алау  мен  белгісіз 

қазақ жауынгерінің» ескерткіші ашылды. Бұл ескерткіште басқа 

емес,  қазақ  жауынгерінің  бейнесінің  бейнеленуі  де  сол  кездегі 

облыс басшысының тікелей ұсынысымен жасалынған. 

1981  ж.  сол  кездегі  Қазақ  Республикасының  бірінші 

хатшысы  Д.  Қонаевтың  қатысумен  Республикамыздағы  ең 

тамаша  өз  заманы  үшін  керемет  құрылыс  болған  теміржол 

вокзалы  ашылды.1982  жылы  Орталық  универмаг  ғимараты 

салынып  ол  туралы  хабар  КСРО-ның  орталық  теледидары 

арқылы берілді [7:5 ].

Егер  1970  жылдың  ортасында  қонақтар  үшін  Көкшетауда 

лайықты  қонақ  үй  болмаған  болса  енді  интуристік  деңгейдегі 

«Достық» және 1987 жылы «Көкшетау»  қонақ үйі дүниеге келді. 

Ал  келесі  жылы  арнайы  жобамен  тұңғыш  рет  бүкіл  Солтүстік 

Қазақстан  өңіріндегі  жалғыз  жабық  базар  салынды.  Мұның 

сыртында 

осы 

жылдары 


Көкшетау 

пединституты 

мен 

ауылшаруашылық  институттарының  ғимараттары  бой  көтерді 



[8: 328].                 

Қорытындылай айтқанда Көкшетау қаласы бұған дейін де 

кейін  мұндай  архитектуралық  «бумды»  басынан  өткермеген 

болатын


Кеңес 

дәуірінің 

архитектуралық 

монументалдық 

құрылыстары  сөзсіз  өткен  тарихымыздың  бір  бөлшегі,  қазіргі 

қаламыздың  қазіргі  ажар  келбеті  де  негізінен  сол  заманда 

қалыптасқаны шындық. Қаламызды жаңарта отыра, жаңғыртып 

қайта  салумен  қатар  оның  біртіндеп  қалыптасқан  тарихи 

бөлегін,  айшықты  ескерткіштерін  өте  ұқыптылықпен  сақтай 

білуіміз қажет.

Өткенге  осындай  көзқарас  барлық  дамыған  өзін-өзі  мен 

өткен  тарихын,  халқын  құрметтейтін  барлық  халықтарға  тән 

қасиет 

көрінеді.  Тек  сондай  халық  қана  болашағына 

жасмпаздықпен, сеніммен қарай алады.

202





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет