Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник



Pdf көрінісі
бет81/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:



Гараджа В.И. Религиоведение .М.,1994.





Байтенова Н.Ж. «Дінтану негіздері» Алматы, 2006.

3.  Қазақстан  Республикасының  «Діни  сенім  бостандығы 

және  діни  бірлестіктер  туралы»  Заңы.  -  Алматы:  «Қазақстан», 

2005.

4.  Хантингтон  С.  Столкновение  цивилизаций  //  Полис.  -



1994, №1.

5. Әбсаттар қажы Дербісәлі. Ислам және заман. - Алматы 

«Дәуір», 2003. 60 б. 

6.  Ғарифолла  Есім.  Дінтану  негіздері.  Алматы,  «Білім» 

2010.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ 

ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ 

РӨЛІ МЕН ОРНЫ

Ибрагимова Г.Е. 

Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, г. 

Астана

dilnura@mail.ru



Қазіргі  халықаралық  қатынастарда  жаһандану  үдерісінен 

шығатын  үрдістер  көпжақты  дипломатия  институттарының 

өзектілігін  арттыруда.  Көпжақты  дипломатияның  бір  нысаны 

мемлекеттердің  халықаралық  үкіметаралық  ұйымдарға    (ХҮҰ)  

қатысуы болып табылады

Халықаралық  ұйымдар  қазіргі  кезеңде  халықаралық 

жүйені  басқарудың  ерекше  нысанын  жасап  отыр,  оның 

қажеттілігі  өзара  тәуелділіктің  артуымен  және  мемлекеттердің 

саяси, 

экономикалық 

және 

әлеуметтік 



салалардағы 

247



мүдделерінің  тоғысуымен  байланысты  түсіндіріледі.  Қазіргі 

кезде  халықаралық  үкіметаралық  ұйымдар  саяси  саладағы 

белгілі  бір  басқару  функцияларын  өзіне  жүктейді,  ал 

мемлекеттер  бүгінде  ондай  қызметті  толығымен  өзіне  ала 

алмайды.  Демек,  халықаралық  ұйымдардың  құрылымдары 

арқылы оның халықаралық ортадағы реттеуші қызметі қaлпына 

келтіріледі.   

Қазіргі  халықаралық  қатынастар  жүйесінің  күрделенуі 

халықаралық қауымдастықты басқарудың жаңа тәсілдерін іздеу 

қажеттігі  туралы  ойға  бастау  болды,  жаһандану  кезеңіне  сай 

келетін жаһандық басқару үлгісін жасап шығаруға түрткі болды. 

Осыған 


орай, 

ғылыми 


әдебиетте 

халықаралық 

реттеу 

үдерісіндегі  халықаралық  ұйымдардың  рөліне  қатысты  мәселе 

белсенді талқылана бастады.

Осылайша,  халықаралық  ұйымдар  халықаралық  реттеу 

үдерісінің  жетекшісі  мен  құралы  болып  табылады  деген  пікір 

қалыптасты. 

М.Ю.Панченконың 

«Основные 

парадигмы 

изучения 

международного 

порядка 


в 

современной 

политологии» 

 

атты 



монографиясында 

айтылғандай, 

халықаралық  жүйеде  тәртіп  өзінен-өзі  пайда  болмайды,  ол 

адамдардың  әрекеттерді  ұйымдастыруға  салған  күшінің 

нәтижесі болып табылады, ал олар халықтар мен мемлекеттер 

арасындағы  қатынастарды  дұрыс  құруға,  алдын  ала  болжауға 

болатындай  жасауға,  белгілі  бір  ережелер  мен  нормаларға 

бағындыруға  мүмкіндік  береді  [1:  20].  А.Григорьев  саналы 

рационалды  әрекеттердің  салдары  ретінде  пайда  болған 

әлеуметтік  тәртіпті  оның  «детерменистік  үлгісі» деп атайды [2:  

296]. Бұндай үлгіде халықаралық тәртіп белгілі бір ұйымдардың 

көмегімен,  әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Халықаралық 

Валюта  Қоры  (ХВҚ),  Халықаралық  сот  және  т.с.с.  жаһандық 

ұйымдар  арқылы  сақталады.  Сонымен  қатар,  халықаралық 

қатынастарды аймақтық, субаймақтық және басқа деңгейлерде 

ретке  келтіру  институттары  да  бар.  Халықаралық  ұйымдар 

әлемдік 

саясат 


субъектілерінің 

қатынастарын 

реттейтін 

нормалар  мен  ережелерді  жасап  шығарады,  олардың 

сақталуын  бақылайды,  тәртіп  бұзушыларға  қарсы  санкциялар 

қолданады.

Р.Малаян  бойынша,  халықаралық  ортаның  маңызды  бір 

ерекшелігі 

жаһандық 

институционалдық 

вакуум 

болып 


табылады. 

Р.Малаянның 

пікірінше, 

«Жаһандық 

әлем», 

халықаралық  қатынастардың  Вестфаль  жүйесі  сияқты,  де-

факто  түрде  анархия  жағдайында  [3:  39].  Оның  орталық 

үйлестіруші  органы  жоқ,  ал  көптеген  жаһандық  мәселелер 

248



мемлекетаралық  келісімдер  деңгейінде  шешілмейді.  Шартты 

түрде  басты  рөл  БҰҰ-ға  тиесілі,  бірақ  ол  әрқашан  да  өз 

мүшелерінің  мүдделерін  бітімге  келтіріп,  жедел  шешім 

қабылдай алмайды. Сондықтан әлемдік дамудың қисыны басқа 

ұйымдарды  осы  вакуумды  толтыруға  итермелейді.  Ғылыми 

және  публицистикалық  әдебиетте,  көбінесе,  ықпалдылық 

белгілеріне,  ресурстарының  шоғырлануына,  кең  құзыреттілігі 

мен  институционалдық  дамуына  қарай,  осындай  үш  ұйымды 

бөліп көрсетеді. Бұл – БҰҰ, НАТО және «Үлкен сегіздік». Соңғы 

жылдары 


НАТО 

мен 


«Үлкен 

сегіздіктің» 

қызметі 

көпфункционалды  сипат  алуда.  Мәселен,  НАТО  бірте-бірте 

жаһандық  реттеудегі  үлкен  рөлге  қарай  өзгеруде.  Қазіргі 

кезеңде  «Үлкен  сегіздіктің»  көпжақты  дипломатиядағы  рөлі 

халықаралық  қатынастардағы  негізгі  үдерістерді  ресми  емес 

түрде  реттеу  құралының  қызметін  атқарумен  байланысты. 

«Үлкен 

сегіздік» 

халықаралық 

жүйені 


ұжымдық 

түрде 


басқаратын  «қазіргі  заманғы  халықаралық  концерт»  болып 

табылады  деген  пікір  бар.  Әдебиеттерде  жиі  айтылатын  ойға 

сәйкес,  БҰҰ  бірте-бірте  әмбебап  позициялардан  кетеді,  ал 

«сегіздік»  пен  НАТО  оның  орнына  тұрады.  Сонымен  қатар, 

аталмыш  ұйымдар,  әлемдік  реттеудің  көп  деңгейлі  кеңістігінің 

қалыптасуында  әрқайсысы  өзінің  қызметтерін  атқара  отырып, 

әр  түрлі  жазықтықтарда  қызмет  етеді  деп  есептеледі.  Қазіргі 

таңда  дамыған  мемлекеттер  өз  мүдделерінің  жетекшісі  болып 

саналатын  БҰҰ-дан  бас  тартуға  дайын  емес.  Оның  үстіне, 

НАТО 


мен 

«Үлкен 


сегіздік» 

те 


әлемдік 

даму 


үшін 

жауапкершілікті өз мойнына алуға ниет білдірмейді. Осылайша, 

Р.Малаян 

айтқандай, 

бұл 

жағдайда 



осы 

ұйымдардың 

салыстырмалы  артықшылықтарына  қарай  өз  орындарын  таба 

білуіне  көңіл  бөлу  керек  [3:  40].  Демек,  «жаһандық  саяси 

кеңістіктің»  қалыптасуы  шеңберінде  ерекше  қызығушылыққа 

үкіметаралық саяси ұйымдар ие, олар әлемдік жүйені реттеуде 

шешуші рөлге шығуы мүмкін.

ХҮҰ  қызметі  екі  түрлі  рөлде  көрініс  табады:  бір  жағынан, 

мүше-мемлекеттер  арасындағы  әрекеттестік  үшін  жағдай 

жасайды,  екінші  жағынан,  халықаралық  ортада  айрықша, 

әрекет 

етуші 


тұлғалар 

ретінде 


қызмет 

ете 


отырып, 

халықаралық  қатынастардың  даму  серпініне  өздігінен  ықпал 

етеді.  Бұндай  дербестіктің  шамасы  –  даулы  мәселе  және, 

дәстүрлі  түрде,  зерттеушілер  арасында  пікірталас  туғызып 

отырады. «Реалистік парадигманың» жақтастарының пікірінше, 

мемлекетаралық 

ұйымдардың 

қызметі 


тек 

мүше-


мемлекеттерінің 

әрекетіне  байланысты  атқарылады,  ал 

249



мүшелерінің сыртқы саясатынаның аясынан тыс ешқандай күш 

тудырмайды.  Басқаша  айтқанда,  мемлекетаралық  ұйымдар 

қатысушылардың 

ұстанымдарындағы 

сәйкестіктерді 

анықтайтын  тұрақты  дипломатиялық  форум  ретінде  ғана 

қарастырылады. 

Жалпы 


алғанда, 

«реалистердің» 

пікірі 

бойынша,  ХҮҰ-дың  әрекет  ету  еркіндігі  аса  шектеулі,  оларды, 

әдетте,  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер  әлемдегі  жағдайды 

тұрақтандыру  үшін  пайдаланады.  Шындығында  да,  осындай 

көзқарастан  рационалдылық  белгілері  бар,  мәселен,  дамыған 

елдер  негізгі  халықаралық  үдерістерге  де,  халықаралық 

ұйымдардың  саясатына  да  бақылау  жүргізу  қабілетін  сақтап 

отыр.  Бұған  мысал  ретінде  НАТО-ны  келтіруге  болады,  ол 

қырғи-қабақ  соғыс  кезінде  АҚШ  саясатының  құралы  болды 

және кейін де сондай рөлде қалды. Дәл солай, Варшава шарты 

ұйымы  да  Кеңес  Одағының  сыртқы  саясатының  құралы 

болатын.  Қазіргі  таңда  негізгі  халықаралық  ұйымдарда 

Батыстың  алатын  позициялары  өте  ықпалды,  бұл,  әсіресе, 

«Сегіздік»,    Халықаралық  валюта  қоры,    Дүниежүзілік  банк, 

Дүниежүзілік 

сауда 


ұйымы 

сияқты 


қаржылық 

және 


экономикалық  ұйымдарда  байқалады.  Осындай  ұйымдардың 

арқасында 

Батыс 

жанама 


әрі 

сенімді 


түрде 

әлемдік 


экономиканы 

бақылау 


мүмкіндігіне 

ие 


болады 

және, 


сәйкесінше,  жемісін  көреді.  Сол  ұйымдар  арқылы  өзіне  тиімді 

түрде 


жаһандық 

ойын 


ережелерін 

анықтайды. 

Яғни, 

«реалистер» 



халықаралық 

ұйымдардың 

халықаралық 

қатынастардағы  рөлі  мен  мүмкіндіктерін  сыни  тұрғыдан 

бағалайды.  Оған  қоса,  «реалистер»  Ұлттар  Лигасының 

халықаралық 

бейбітшілікті 

қамтамасыз 

етудегі 

сәтсіз 


тәжірибесін  ескереді,  сонымен  қатар,  қырғи-қабақ  соғыс 

жылдарында  екі  державаның  бәсекелестігі  әсерінен  БҰҰ-ның 

қажет  деңгейде  әрекет  ете  алмауы,  және  кейін  халықаралық 

жүйеде  нақты  орнын  таба  алмауы  сияқты  факторлар  да 

ескеріледі. Бұдан басқа, қабылданған шешімдердің міндеттілігі 

қағидаты  мен  сол  шешімдердің  орындалуын  бақылау  тетігі 

көптеген  ХҮҰ-да  жоқ.  Мүше-елдерге  ХҮҰ-дың  ұсыныстары 

оларға  заң  жүзінде  емес,  тек  саяси  тұрғыда  міндетті  болып 

табылады.  Шешімдерді  қабылдау  мен  орындаудың  осындай 

үдерісі  ХҮҰ-дың  қазіргі  халықаралық  қатынастардағы  рөлін 

төмендетеді.

Сонымен 


қатар, 

«транснационализм» 

мектебі 

жақтастарының көзқарасы бойынша, мемлекетаралық ұйымдар 

қызметінің  нәтижесінде  мүше-елдердің  тек  сыртқы  саяси 

күшіне  ғана  әкелмейтін  жаңа  сапа  пайда  болады.  Дәл  осы 

250



жолмен бүкіл халықаралық қатынастар жүйесінің өзгеру үдерісі, 

мүдделер 

тепе-теңдігін 

орнату 


аренасынан 

адамзаттың 

жаһандық  мәселелерін  анықтау  және  шешу  тетігіне  өзгеру 

үдерісі  жүреді  деп  есептеледі.  Бұл  тұжырымдама  идеалистік 

және 

функционалдық 



теорияларды 

жақтайтындардың 

ұстанымдарына  жақын,  яғни,  халықаралық  үкіметаралық 

ұйымдар  халықаралық  жүйедегі  белгілі  бір  өзгерістерге  ықпал 

ететін 

өзіндік 


акторлар 

болып 


табылады. 

Либералды 

институционализм  жақтастарының  пікірінше,  халықаралық 

ұйымдар  бірте-бірте  мемлекеттерді  халықаралық  саясаттың 

перифериясына ығыстыра алады.  

П.А.Цыганков, 

Ш.Зоргбибтің 

идеяларын 

пайдалана 

отырып,  халықаралық  ұйымдардың  негізгі  үш  қасиетін  бөліп 

көрсетеді,  олар  акторға  тән  белгі  болып  саналатын  өздігінен 

әрекет  ете  алу  қабілетінің  бар  екендігін  білдіреді:  1) 

құрылтайшы  құжаттарда  бекітілген,  ынтымақтастыққа  деген 

саяси  ерік;  2)  ұйымның  мирасқорлығын  қамтамасыз  ететін 

тұрақты аппарат; 3) құзыреттер мен шешімдердің автономдығы 

[4: 238].

В.Барановскийдің 

халықаралық 

мемлекетаралық 

ұйымдардың  халықаралық  аренадағы  рөлі  туралы  көзқарасы 

ең  орынды  деп  ойлаймыз.  Оған  сәйкес,  мемлекетаралық 

ұйымдар, 

халықаралық 

құқықтың 

екінші 

ретті, 


туынды 

субъектілері 

ретінде, 

халықаралық-құқықтық 

нормаларды 

қалыптастыру  және  жүзеге  асыру  үдерісіне  тартылады  (және 

кейбір  жағдайларда  өте  белсенді  түрде  араласады)  [5].  Бұдан 

басқа, 


сол 

нормалардың 

тиімділігі, 

көбінесе, 

олардың 

мемлекетаралық 

ұйымдармен 

қаншалықты 

деңгейде 

санкцияланғанына  тәуелді  болады.  Аталмыш  ұйымдардың 

қызметі 

мүше-мемлекеттерінің 

халықаралық-саяси 

ұстанымдары  мен  әрекеттеріне  өз  әсерін  тигізеді.  Жалпы, 

халықаралық  ұйымдарға  қатысудың  өзі  мемлекеттер  үшін 

олардың  халықаралық  әлеуметтенуінің  факторына  айналады. 

Мемлекеттер  халықаралық  аренадағы  басты  әрекет  етуші 

тұлғалар  болса  да,  мемлекетаралық  ұйымдардың  саны 

әлдеқайда  көп,  және  олар,  жалпы  алғанда,  қазіргі  заманғы 

халықаралық  қатынастардың  барлық  сегменттерін  қамтитын 

кең ауқымды желіні құрайды.

В.Е.Снапковскийдің  пікіріне  жүгінсек,  қарқынды  даму 

үстіндегі жаһандану алдағы уақытта халықаралық ұйымдардың 

санының артуына әкеледі [6]. ХҮҰ  рөлінің жоғарылауы олардан 

халықаралық  жүйені  басқару  мен  реттеу  бойынша  лайықты 

стратегияны  жасап  шығаруды  талап  етеді.  ХҮҰ  шеңберінде 

251



мемлекеттердің ынтымақтастығы сәйкес міндеттердің қойылуы 

мен  шешілуінің  ұлттық  тетіктерінің  жалғасы  ретінде  жиі 

қарастырылатын болады.

Халықаралық  ұйымдардың  қазіргі  заманғы  халықаралық 

қатынастардағы рөлін қарастыра келе, қорытындылары жайлы 

айтсақ,  мемлекетаралық  ұйымдар  халықаралық-саяси  дамуға 

әлдеқайда  елеулі  ықпалын  тигізетінін  айтып  өту  керек. 

Халықаралық 

 

үкіметаралық 



 

ұйымдар 


халықаралық 

қатынастар жүйесінде маңызды рөл атқарып, дәстүрлі екіжақты 

дипломатияның  мүмкіндіктерін айтарлықтай толықтырады, сол 

арқылы 


жаңа 

тәуелсіз 

мемлекеттердің 

халықаралық 

қауымдастыққа  тез  енуіне  алғышарттар  жасап,  халықаралық 

ынтымақтастықтың  тиімділігін  жоғарылатады.  Жаңа  әлемдік 

тәртіптің 

қалыптасуындағы 

және 

қазіргі 


халықаралық 

қатынастарды  реттеудегі  халықаралық  ұйымдардың  елеулі 

рөлі туралы айта отырып, ұлттық мемлекет әлі де халықаралық 

қатынастардың  негізгі  акторы  болып  табылатынын  ерекше 

айтып өткен жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет