ТАРИХ АРҚЫЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ БАСТЫ МӘСЕЛЕ.
ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
ХАҚЫНДА
Қайсар Құсайынұлы
Қазақтың Абай атындағы Ұлттық педагогикалық
Университетінің профессоры, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекттік университетінің құрметті профессоры
Орыс тіліндегі басымдылықта жазылған, Ресейлік, Кеңес
халықтары көп томдық Тарихы, нелер көп сол қанды оқиғалар
мен құбылыстар орын алған, ұлттар өмірі мен тағдыры
жайындағы тарихи шындықты орнына қойып бере алмады.
Өйткені, кешедегі дәуірде тарихтың тегершігін айналдырып
тұрған жаһаннамдардың (империялардың) мүддесіне бұл
қайшы келетінді. Олар дүниені ашса – алақанында, жұмса –
363
жұдырығында ұстады.
Халық
аңыз-әңгімелерінен
бастап,
өзінің
тамаша
перзенттері жайында талмастан жырлауда артына өлмес сөз
қалдырған Сәкен Сейфулинді оқымай,зерделемей, таным
кеңейту, тағылым жинау тіптен мүмкін емес.
Кеңес заманы, қазақ халқы көрген «тар жол-тайғақ кешу»
кезеңін тартымды мазмұндаған, өмірін айқын сипаттап жазған,
қазақ белгілі қоғам қайраткері, айтулы ақыны Сәкен
Сейфуллин «Азия» (Европаға) атты жыр жазғанын, қазақтың
бүгінгі оқымыстылары біреу білсе, біреу білмес. Алайда, қазақ
жастарына осынау тарихи ой мен сезімді ояту үшін тиімді
болар деген ниетпен Қазақ поэзиясы туындыларын ұсынуды
жөн деп шештім.
Сәкен Сейфуллин сынды тұлғаны жаңа бір қырынан
танып білу міндеті парыз. Сол тарихи шығарманы,Толық
көшірмесінде келтіруді жөн, таптым.
«Сұм Европа арам, залым тас болдың,
Бүліншілік, жауыздыққа бас болдың,
Адамзатқа жол көрсеткен ерлерге,
Неге мұнша, уа Европа қас болдың?
Зина, сату, арамдықта шіріген,
Жан-тәніңді, мерез толып іріген.
Орап көрген перделермен жасырдың,
Сұмдығыңды дүниеден асырдың.
Өзі әдепті, һәм сыпайы сөзіңе,
Сырты көркем маңызданған өзіңе,
Сыртқы жұрттар шыны осы деп танғандай,
Көңілі толып, көзі тойып қанғандай.
Балаларың бірін-бірі шабысты,
Сұм жыландар ысылдасты, шағысты.
Өлтірісіп, қарындасын қандасын,
Күліп ойнап іле артынан табысты.
Мұны неге, уа Европа! көрмейсің?
Мұнша неге дұрыстыққа көнбейсің?
Қара пәле тұншықтырды әлемді,-
Қарындасқа қолың үшін бермейсің?
Мен жібердім семитімнен Мұсаны.
Ибраһимді Дәуіт пенен Исаны.
364
Жіберіп һәм көп пайғамбар мен саған,
Ақырында Мұхамедті жұмсағам.
Адамзаттың шыңырауға батқанын,
Былғанышта ұяласып жатқанын,
Әуелден-ақ, құтқарушы сен бол деп,
Семитімнің ұрпағына артқаммын.
Халық жолды дін деп атап ашты олар.
Бар әлемге жарықтарын шашты олар.
Адамзатты құтқаруға пәледен,
Мехнет шекті, төкті талай жасты олар.
Алға қарсы хақиқатқа тұрдың сен,
Ақырында мұндай сұмдық құрдың сен;
Иса жолын алған болып сен залым,
Өтірікке хақиқатты бұрдың–сен.
Өзіңменен тұрмай залым аздырдың,
Көп баламды тура жолдан жаздырдың.
Сұмдығыңа, құлдығыңа үйреттің,
Былғаттың сен, араластың сиреттің.
Талай сені, адамдыққа шақырдым,
Көбін саған мен жұмсадым ақылдың.
Көнбеген соң, туысқандық сөзіме,
Талай саған қылыш алып ақырдым.
Менжібергемқару-сайманжарақпен;
Ғұн,Мадияр, Болғар, Маур, Араб пен
Түрік,татар,моңғолды көргенсің;
Олар сені ұшықтаған садақпен.
Күндер өтті,сен жөніңмен тұрмадың,
Дүниені жауыздықпен шырмадың.
Қара пәле тұншықтырды әлемді,
Адамзатқа адамшылық қылмадың!
Тазартуға, дүниенің ластығын,
Жібітуге жүрегіңнің тастығын.
Семитімнің көп ұрпағын тағы да,
Жұмсадым мен Маркс қылып бастығын.
Семитімнің балалары жылайды,
365
Тозған жалпы сорлыларды құрайды.
Жан иманын бәйгі қылды көп үшін,
Дәтің қайтып, енді шіркін шыдайды?
Сұм Европа! Енді жібі тас болма!
Кәрі жәллеп! Енді өтірік жас болма!
Семитімнің балалары қиналды,
Кел бауырым! Енді оларға қас болма!
Тепсінбесең паң ғып ұстап өзіңді,
Таңдамасаң бұл жалынған сөзімді,
«Күшпен үйіріп мынаны!» деп жұмсармын
Тақымымен ойға-қырға сүйреткен.
----------------------------------------
----------------------------------------
Қой бауырым! Әлі де болса, тас бол ма!
Бүліншілік, жауыздыққа бас болам!
Семитімнің балалары бастады,
Ер соларға, енді оларға қас болма»!
Тағылымды Сәкен сөзін бүгінгі мектеп мүғалімі немесе
жоғары оқу орыны ұстаздары болып, толқын, толқын болып
келіп жатқан, аудитория толы шәкірттерге тәрбиелік сөзді
пайдаланса нұр үстіне нұр. Жыр жолдарын алдымен мына
ұстаздар мен ата-аналар болып, Сізбен Біз оқыған керек.
Сөйтіп, бірлесе оқып, тоқығанымыз қажет.Тәуелсіз Қазақ
елінің қазіргі уақыты үшін қазақ өскелең үрпағына тәрбиелік
мағынада шығармалар оқып, түсінік қалыптастыру арқылы
тағылым алу- басты міндет.Тағылымсыз тарих болмайды.
Жоғарыда біз келтірген Жыр соңына қысқаша бір сөзбен өз
атын таңбалап, Сәкен деп қол қойған. [1].
Бір таңдана, тамсана оқитын сол, Қазақ ақыны Мағжан
Жұмабаев қаламынан туындаған «Орал» атты тарихи
мазмұндағы өлең. Автор, тарихта орын алған, әлеуметтік-саяси
мәні зор мәселені қозғауы оқырманға ой тастағандық емес пе?!
«Ұзын Орал-күн мен түн шекарасы,
Біржағы-күн, бір жағы түн баласы.
Арғы жағы-көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы –түріктің сар даласы.
Орал- кәрі Алып күзет тұрған,
Күн мен түн арасында «Қытай қорған».
366
Денесі-тас, қарағай-қою мұрты,
Оң мен сол,түстікке ол мұртын бұрған.
Қарамай еш нәрсеңе көзім тоқтап,
Келіп ем алыбымды аңсап - жоқтап.
«Ұйқы-дұшпан» деген сөз дұрыс екен,
Сол Алыптан өтіппін түнде ұйықтап.
Кеш, Алыбым, жүзіңді көре алмадым,
Алдыңа иіліп сәлем бере алмадым.
Амал не, сар даладан сақ елші боп
Күзеттегі Алыпқа келе алмадым.
Ұзын Орал – күн мен түн шекарасы,
Өлім-түн, өмір-гүлді Гүн даласы.
Өмір менен өлімнің шекарасын
Ұйқтап озбақ ежелден жер баласы.
Екі дүние:күн мен түн; өмір-өлім,
Бірі-бесік, біреуі-даяр көрің.
Бала болып жата бер бесігіңде,
Сар даланың еркесі-қазақ елім. [2]
Мағжан өлең сөз құдіреті арқылы тарихи кезеңнің
қоғамдық саяси ахуалын айқын сипаттағаны қандай әсерлі де
тартымды шыққан?!
Адамгершілік сезім арқылы, сол кешедегі кеңестік
саясаттың құрбаны Мағжан бабамыз, қалдырған көп томдық
поэзиялық шығармаларын толық нұсқада қазақ оқи алмады.
Бұл өкінішті –ақ!
Мағжан Жұмабаевтың «Өлеңдер» жинағы Ташкентте,
алғаш1923жылы баспадан шыққан.
Түркі Әлемі таныған, мойындаған, сол Мағжанның
«Түркістан» атты шығармасында: «Кең ақыл, отты қайрат,
жүйрік қиял, Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?!» деп келіп,
«...Кене мен Абылайдың жолын қумай, Жапанда жабығудың
мәні қалай?!»деген еді. [3].
Ойымызды жинақтасақ, тәрбие тұрғысынан алғанда қазақ
ақын жазушыларының еңбектері болашақ үшін нағыз ұлттық
құбылыс, әр қашан ізденіске, өзіңді терең түсунуге, басқаны
силауға, мына жарық дүниеден озіңмен және өзгемен
жарасымды өмір сұруге меңзейтін бай мұралар. Тарих жәй,
кұрғақ, тек пайда әкелетін білім емес, надаңдықтан, саналық
367
кұлдықтан кұтқаратын, жарыққа алып шыға алатын білім
бастауы мен адамзаттық үлкен мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |