Список использованных источников:
Ельмурзаева
Р.С.
Жизнь
и
деятельность
С.Садвакасова: автореферат дисс. канд. ист. наук: 07.00.02. –
Алматы, 1997. – 25 с.
Садвокасов С.О национальностях и националах //
Большевик, 1928, № 1.
ІЛИЯС ОМАРОВ - КӨРНЕКТІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
ҚАЙРАТКЕРІ
Қаипбаева А.Т.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы қ.
aina__78@mail.ru
Қазақ халқының ұлттық тарихы мен мәдениетін ғаламдық
деңгейге жеткізуді өзінің саналы ғұмырына өзек еткен
азаматтардың бірі – Ілияс Омаров. Ол бұл мәселені мақсат
етіп қана қойған жоқ, оны іс жүзіне асыруда білімін, тәжірибесін
сарқа жұмсаған қайраткер. Сондықтан да І.Омаровтың
тоталитарлық жүйе құрсауында қоңыраулатып көтерген ұлттық
мәдениет, ұлттық өнер, ұлттық тарихты дамыту мәселесі бүгінгі
таңда да өзінің өзектілігін жойған жоқ. Оған Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
тікелей
пәрменімен үкіметте қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы бұлтартпас дәлел. Аталмыш бағдарлама
негізінде тарихи сана жаңғыртылып, көпшілікке беймәлім
болып келген тарихи ескерткіштер мен деректерді ғылыми
айналымға қосу және оларды насихаттау ісі жүзеге асырылып
отыр. Бұл, біріншіден, тарихи сабақтастықтың үлгісі болса,
екіншіден,
І.Омаровтың
жан
айқайының
қазіргі
тарихи
шындықпен үндестігін айқындап тұрса керек.
І.Омаровтың ұлттық мәдениет пен тарихты өркендету
бағытында атқарған қызметінің тарихи тәжірибесі әрбір
мемлекетшіл азамат үшін аса қажет үлгі. Өйткені, ол биліктің
барлық сатысынан өтті. Партия қызметкерінен мемлекет
қайраткері дәрежесіне көтерілді. Қызылорда Кеңес Сауда
техникумының директоры, Қазақ КСР Сауда Халық комиссары
(министрі), Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының
орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің
бірінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық
357
Комитетінің иделогия жөніндегі хатшысы, Солтүстік Қазақстан
облыстық партия комитетінің хатшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік
Жоспарлау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақ
КСР Мәдениет министрі сияқты лауазымды қызмет атқарған
қайраткер, әрі саясаткер болды. І.Омаров мәдениет, идеология
саласын ұйымдастырушы ғана емес, өнер, ғылым, әдебиет
бағытында шығармашылықпен шұғылданатын адамдардың
ұйытқысы болуы тиіс еді. Зиялы қауымға ұйытқы болудың
мүддесінен шығу әрбір адамның қолынан келе беретін іс емес.
Ол үшін оған жауапты адам зиялы қауымды мойындатқан
тұлға болуы керек. І.Омаров тұлғасы қаншалықты дәрежеде
мойындалғаны
және
оның
зиялы
қауымды
қандай
қасиеттерімен, іс-әрекеттерімен мойындатты деген сұраққа
талдау жасап, жауап беру де өте маңызды міндеттердің бірі.
Сондай-ақ, І.Омаров ақын-жазушылардың қатарындағы
оқушысы,
өнер
туындыларының
көрермені
немесе
тыңдаушысы ғана емес, өзінің де қаламы қарымды сыншы,
публицист, өнер зерттеушісі болғаны мәлім.
І.Омаровтың күллі әлем жұртшылығына, қала берді бүкіл
одақ көлемінде танымал М.Әуезов, Қ. Сәтбаев, Л.Леонов,
Ю.Казаков, Л.Соболев сынды т.б. мәдениет, ғылым, өнер
қайраткерлерімен достық қарым-қатынастары және олармен
өзара алмасқан хаттарында көтерілген елдік, азаматтық
мәселелер оның ғаламдық ой иесі болған тарихи тұлға екенін
дәлелдей түседі.
І.Омаров – біздің тарихымызда кеңестік дәуір деп
аталатын
заман
тудырған
тарихи
тұлға.
Академик
М.Қозыбаевтың:
«Өмірде
өткен
зиялы
адамның
ғұмырнамасына үш өлшеммен қарау керек сияқты. Біріншіден,
ата – баба мұрасынан оның алғаны көп пе, әлде қайтарып
бергені көп пе? Екіншіден, ол замандасына қандай қадір –
қасиетімен қымбат, өткен – кеткенмен салыстырғанда ашқан
жаңалығы бар ма? Үшіншіден, ол келешек ұрпақтарға қандай
мұра қалдырды? Міне, осы үш сауалға толық жауап болғанда
ғана ондай жан тарихқа тұлға болып енетіндігіне күмән тумаса
керек» - деген [1] ойының қалыбына салып қарағанда да
І.Омаровтың өмірі мен қызметі туралы зерттеулер тұлғалық
келбетіне айқын дәлел.
І.Омаровтың ғұмырбаянының кейбір тұстары, партиялық,
қоғамдық – саяси, мемлекеттік қызметінің негізгі кезеңдеріне
арналған ғылыми, публицистикалық еңбектер мен естелікке
құрылған әдебиеттер жарық көрді. Оның қызметіне талдау
жасалып баға да берілді.
358
Жалпы, Омаровтану мәселесі ғылымда ол өмірден
өткеннен кейін қалыптаса бастады. І.Омаровтың азаматтық
болмысы туралы, біліктілігі мен білімі жайлы, ізгілікті
адамгершілік қасиеттері турасында достарымен, замандас,
қызметтес
адамдармен
қарым-қатынаста,
алмасқан
хаттарында өзінің көзінің тірісінде-ақ әділ бағасын алған. Ал,
І.Омаровтың әлеумет істеріндегі қызметіне бағаны алғаш рет
сол дәуірі І.Омаровтың қайғылы қазасына байланысты
жазылған қазанамада оны көрнекті қоғам қайраткері және
І.Омаровтың өмірі – партияға қалтқысыз қызмет етудің өнегесі
болды деп атап көрсетті. І. Омаровпен қоштасуға арналған
қаралы жиында академик – жазушы Ғ.Мүсірепов: «Үлкендер
қатарында кіші емес, кішілер қатарында үлкен емес бір жан еді
– ау! ...» деген жүрек жарды сөзімен І.Омаровтың азаматтық
келбетін айқындап берді. Сондай – ақ, І.Омаровтың кемел
шағында дүниеден өткені қазақ мәдениеті мен өнері үшін орны
толмас қаза екенін сол уақытта Ә.Нұрпейісов, Н.Анов,
С.Қожамқұлов, І.Жарылғапов сынды т.б. жазушылар, өнер
және қоғам қайраткерлері жеткізген болатын [2].
І.Омаровтың қайраткерлігін, халықтың шын мәніндегі
перзенті екенін аша түсетін өзінің қоштасу хаты «Қазақ
әдебиеті» газетінде қазанамамен бірге «Парыз» деген атпен
берілуі де оны тереңірек танып білуге жетелейді.
І.Омаровтың
өмірі,
қоғамдық-саяси
қызметі
мен
шығармашылық
мұрасын
зерттеуде,
оларды
жарыққа
шығаруда және насихаттауда жүйелі жұмыс жүргізген жазушы –
Жайсаңбек Молдағалиев. 1971 жылы І.Омаровтың қайтыс
болғанына бір жыл толғанына орай Ғафу Қайырбеков
«Жаныңдай көрген жақсы ағаң ...» /3/, М.Бутин «Ізгілік» [3],
С.Әшімбаев «Қадірліміздің бірі еді», М.Әлімбаев «Қызыл-күрең
дептерді ақтарғанда... », ал Ж.Молдағалиев «Аға мінезі» және
эпистолярлық жанрға негізделген «Өлді деуге бола ма
айтыңдаршы» деген естелік – мақалаларында жариялады [4].
Бұл мақалаларында авторлар , әсіресе, І.Омаровтың қоршаған
ортасы туралы, зиялы қауым арасындағы беделін, қадір –
қасиетін көбірек сипаттайды. Ж.Молдағалиев көп жылғы
ізденістерінің нәтижесінде өзі өмірден озғаннан кейін 1990
жылғы «Жомарт жүрек» атты деректі повесі жарық көрді.
Ғұмырнамалық шығармада І.Омаровтың өте бай әрі мазмұнды
саяси- әлеуметтік, сыншылық, санаткерлік қызметі мен өткен
өмір жолын оның мұрағат тістері мен шығаршамашылық
мұраларын ұтымды пайдалана отырып, ойшылдық, сыншылық,
санаткерлік ерекшеліктерін шынайы жеткізіп беруге күш салған
359
[5].
1972 жылы І.Омаровтың туғанына 60 жыл толуына орай
«Қазақ әдебиеті» газетінде Ғ.Мүсіреповтың «Адал да әділ
сыншы еді» және А.Закариннің «Ілияспен кездескен сайын»
деген
естелік-мақалалары
басылды.
Заңғар
жазушы
Ғ.Мүсірепов
осы
мақаласында
І.Омаровтың
сыншылық
қабілетіне талдау жасай келе, оның қызметін, әдеби мұрасын
зерттеу мәселесін көтереді /6/.
Ж.Ысмағұловтың
«Шабыт
шалқарының
мөлдірі»,
Ш.Сариевтің «Құнды мұра» атты сын – пікірлері баспасөзде
жарияланып, І.Омаровты дарынды әдебиет сыншысы ретіндегі
қырынан танытты [7].
І.Омаровтың ұмытылып бара жатқан есімін қайта
жаңғыртып, билік тізіміндегі азаматтарға наз арнап С.Әшімбаев
«Қадірліміздің бірі еді» деген мақаласында: « . . . саңлақ
санаткердің, қарымы зор қайраткердің аяулы есімін еске салар
ескерткіш белгі есебіндегі не бір шолақ көшенің немесе
қияндағы бір бөлімшенің, тіпті болмағанда терең түкпірдегі
орташа бір мектептің болмауын қалай түсінуге, не деп
түсіндіруге болады екен?!» - деп ашына жазады.
Наталья Сац – омаровтануға өзіндік үлесін қосқан белгілі
кеңес өнер қайраткерлерінің бірі. Ол І.Омаровпен алмасқан
хаттарында және өзінің мемуарлық еңбегінде оның зиялылық
пен парасаттығына өте жоғары баға береді [8].
І.Омаровтың туғанына 80 жыл толуы қарсаңында
Қ.Сұлтанов пен М.Х.Сүлейменов құрастырған «І.Омаров.
Толғамдар. Раздумья» атты жинақ «Жазушы» баспасынан
жарық
көрді.
Бұл
жинақ
І.Омаровтың
күнделіктерінен,
мақалаларынан, хаттарынан және онымен қызметтес болған
бірқатар
замандастарының,
жазушылар
мен
қоғам
қайраткерлерінің естеліктерінен құралды /9/.
І.Омаровтың азаматтық болмысы мен қоғамдық, саяси,
мемлекеттік қызметінің әр қырынан құнды мәліметтер
беретінестеліктердің қатарында Ө.Жәнібеков, Б.Исабеков,
Ж.Ысмағұлұлы, Ғ.Жұбанова, сияқты т.б. мақалаларын ерекше
атауға болады [10].
Жалпы, І.Омаровтың туғанына 80,85,90 жыл толуына
орай мерейтойлары аталып өткен кезде жергілікті облыстық
«Қостанай таңы» газетінде көптеген мақалалар, естеліктер
жарық көрді [11]. Олар негізінен жерлестерінің ыстық лебізінен
немесе басылымдарда жарияланған белгілі мақалалардан
құралды.
Омаровтану үшін аса құнды пікір – ширек ғасыр ел тізгінін
360
ұстаған, республика жетекшісі болған Д.А.Қонаевтың берген
бағасы болып табылады. Д.Қонаев өзінің «Ақиқаттан аттауға
болмайды» деген естелік эссесінде «... Ілекеңді сауда
саласының алғашқы ұйымдастырушыларының бірі десек,
артық байлам болмас. ... Оның республикадағы Мәдениет
министрі ретіндегі еңбегі өз алдына бір белес. Жаны таза, рухы
биік зиялыларымыздың бірі, қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің
тарихы
мпен
келелі
проблемалары
туралы
жазған
публицистикалық, әдеби – сын еңбектерінің біздің мәдени
өміріміздің алтын қорына енетініне еш күмән келтірмейді», -
деп І.Омаровтың қазақ халқының кеңестік дәуірдегі тарихында
алатын тұғырын анықтап берді [12].
І.Омаровтың өмірі мен қызметінің, шығармашылық мол
мұрасының кеңірек насихатталуы, тереңірек зерттелуі 90
жылдық мерейтойын атап өту барысында жүзеге асырылды.
2011 жылы мерейтой қарсаңында І.Омаровтың «Таңдамалы»
еңбектері жарық көрді. Оған мақалалары, хаттары, ой –
толғамдары және өзгелердің ол хақында естеліктері енгізілді
[13].
2002 жылы І.Омаровтың туғанына 90 жыл толуына орай
Алматыда
өткен
мәжілісте
сөйлеген
сөзінде
жазушы
Ә.Нұрпейісов,
ақын
Н.Оразалин,
ғалым
С.Қирабаевтар
І.Омаровтың азаматтық болмысына әлеуметтік психология
тұрғысында талдау жасай келе, оның айтқан ойларын бүгінгі
заман тынысымен сабақтастырады [14].
Омаровтануға қосылған ең қомақты үлес Мұхамед –
Халлел
Сүлейменов,
Жанар
Сүлейменова,
Андрей
Голубевтердің авторлығымен жарық көрген «Ильяс Омаров.
Жизнь и философия» атты еңбек болып табылады [15]. Бұл
еңбекте І.Омаровтың ғұмырбаяны мен қоғамдық – мемлекеттік
қызметінің әрбір кезеңідеріне жан-жақты талдау жасалған.
І.Омаровтың әдеби-сыншылық мұрасы туралы ғылыми
диссертация да қорғалған. Ол І.Омаровтың ұлттық әдебиетті
дамытуға қосқан үлесі мен сыншылдығын зерттеуге арналған
еңбек [16]. Бұл диссертацияда І.Омаровтың қазақ әдебиетін
дамыту
мәселелері
бойынша
еңбектерін
сыншылық
шеберлігінің жетілу жолдары, орыс және қазақ әдебиетінің
өкілдерімен алмасқан хаттары талдап зерттелген.
Сондай-ақ, 2005 жылы "Ілияс Омаровтың өмірі мен
мемлекеттік-қоғамдық қызметі" тақырыбында кандидаттық
диссертация жұмысы қорғалып, І.Омаровтың өмірі мен
қоғамдық-мемлекеттік қызметі барысында, бүкіл саналы
ғұмырында ұлттық мәдениет пен тарихты өркендету бағытында
361
атқарған қызметінің тарихи тәжірибесі деректік негізде жан-
жақты зерделенген [17].
І.Омаровқа қатысты еңбектерде байқалатыны – оның
әлеумет істеріндегі, мемлекеттік билік органдарындағы ел
мүддесі үшін атқарған қызметі, ғылыми-шығармашылық
мұрасы, ұлттық мәдениет пен тарихты өркендету бағытында
атқарған қызметінің тарихи тәжірибесі әрбір мемлекетшіл
азамат үшін аса қажет үлгі болып табылары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |