Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


МҰСТАФА  ШОҚАЙДЫҢ  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ  ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет104/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124
Байланысты:
abuev

МҰСТАФА  ШОҚАЙДЫҢ  ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ  ҚЫЗМЕТІ

Бексеитова Ақбота Тастанбекқызы

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

bekseit.at@mail.ru

337



Мұстафа  Шоқай-бүкіл  саналы  ғұмырын  қазақ  халқының, 

жалпы  түркі  халықтарының  бостандығы  мен  тәуелсіздігіне 

арнаған  тұңғыш  эмигрант  күрескер,  саяси  қайраткер.  Өзімізге 

белгілі  Кеңес  үкіметінің  тұсында  Мұстафа  Шоқай  туралы 

айтылмады.  Ұзақ  жылдар  бойы  кешегі  мемлекет  билеушілері 

оның  есімін  «Түркістан  ұлттык  Комитеті,  «Түркістан  легионы» 

атты  ұйымдармен  байланыстырып,  «Отанын  сатқан  опасыз» 

деп  атады.  Мұстафа  Шоқайдың  елінің  бостандығы  үшін 

күрескенін,  Кеңес  үкіметінің  екі  жүзді  саясатын  әшкерелегенін 

дүние  жүзі  білгенімен,  өз  Отандастары  білмеді.  Оның 

еңбектеріне  қатаң  тыйым  салынғанын  былай  койғанда, 

туысқандары  ОГПУ,  НКВД  үкімімен  аяусыз  жазаланды.  Тек 

тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін  ғана  туған  халқы  біртұтас 

ел,  тәуелсіз  мемлекет  болу  идеяларын  арман  мұратына 

айналдырған,  сол  үшін  бар  жан-тәнімен  күрескен  Мұстафа 

Шоқайдың  ерлік  пен  қаһармандыққа  толы  саналы  өмірімен 

танысуға мүмкіндік алды.

Кез келген этностың жер үстінде орын теуіп, халықаралық 

қатынастар  жүйесінде  өзіне  тиесілі  орын  табуы  оның 

мемлекеттік  дербестік  қажеттілігін  жалпыұлттық  көлемде 

ұғынып,  ол  үшін  мақсатты  әрекетке  көше  алу  деңгейіне 

көтерілуіне  тәуелді.  Басқаша  айтқанда,  мемлекеттік  дербестік 

сол  этностың  ұрпақтан-ұрпаққа  ұласқан  үзіліссіз  рухани 

ізденісінің,  жасампаз  игілікті  еңбегінің  логикалық  нәтижесі 

есебінде  келмек.  Қазақ  топырағында  қаншама  ғасырлардан 

бері  мемлекеттілік  туралы  айтылып,  ол  үшін  қаншама  қанды 

арпалыстар  болып  өткенімен,  бұл  әрекетке  мақсаттылық, 

теориялық  негіз  беру  Алаш  зиялыларының  қызметіне  тұс 

келеді.  Алаш  қозғалысы  халқымыздың  өз  зиялылары  арқылы 

мемлекеттік  дербестік,  тәуелсіздік  туралы  тұңғыш  рет  саналы 

түрде  мәселе  қойып,  сол  үшін  мақсатты  әрекетке  көшуі 

болатын.


Мұстафа  Шоқай  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт-азаттық  және 

әлеуметтік  қайта  жаңғыру  үшін  басталған  қозғалыстың  көш 

бастаушыларының  бірі  болды.  Кез  келген  ірі  қоғамдық-саяси 

қозғалыс басшыларының әрқайсысының мүмкіншіліктеріне сай, 

атқарған  міндетіне  байланысты  қозғалыс  тарихында  алатын 

орны  болмақ.  Мысалы,  Ә.  Бөкейханов,  А.  Байтұрсынов,  М. 

Дулатовтардың 

ХХ 


ғ. 

бас 


кезіндегі 

ұлт-азаттық 

қозғалыстардағы,  оның  жиынтық  көрінісі  болған  Алаш 

қозғалысын  теориялық  және  ұйымдық  тұрғыдан  даярлаудағы 

ролі  ерекше  және  оларды  бұл  қозғалысқа  атсалысқан  басқа 

қайраткерлердің  орнымен  шатастыру  қиын.  Сол  сияқты 

338



Түркістан  халықтарының,  қазақ  жұртының  ХХ  ғасырдағы  ұлт-

азаттық қозғалысы тарихында М. Шоқайдың да тек өзіне тиесілі 

орны бар. 

Алаш  немесе  ХХ  ғасырдың  алғашқы  ширегіндегі  ұлт-

азаттық  қозғалыстың  бірден  көзге  ілінер  екі  кезеңі  болды.  Бірі 

шамамен  1905  жылдан  бастап  Алашорда  өкіметі  құрылған 

1917  жылдың  желтоқсанына  дейінгі            аралықты  қамтыса, 

екіншісі  азамат  соғысы  және  кеңестік  билік  біржола  орнаған 

уақыттан  бастап,  20-30  жылдардағы  Алаш  зиялыларын 

жазалау  мақсатында  ұйымдастырылған  сот  процестерімен 

аяқталады.  М.  Шоқай  ұлт-азаттық  қозғалыстың  бұл  екі 

кезеңінде  де  оның  жетекші  басшыларына  лайық  жұмыстар 

атқарды.  Бұл  тарихи  кезеңдердің  алғашқысында  ол  патшалық 

және  кеңестік  билікке  қарсы  ұлттық  тәуелсіздік  туын  көтерген 

Түркістан  (Қоқан)  және  Алашорда  өкіметтерін  құруға  тікелей 

атсалысса, 

соңғысында 

Еуропадағы 

түркістандық 

эмиграцияның  басшысы  ретінде  сталиндік  тоталитарлық 

жүйенің  Түркістандағы  саясатының  отарлық  мазмұнын  ашып 

көрсетіп,  өзінің  жариялаған  еңбектері  мен  үздіксіз  шығарып 

тұрған  басылымдары  арқылы  біздің  тарихымызда  бұрын 

болмаған жаңа мазмұндағы саяси қызметті бастап берді.

Қазан  төңкерісі  туғызған  жаңа  жағдайды  пайдаланып, 

«Түркістан мұхтарияты» немесе тарихта «Қоқан автономиясы» 

атымен  қалған  ұлттық  мемлекеттік  құрылымның  дүниеге 

келуінің  басында  болған  Мұстафа  Шоқай  1937  жылы:  «Әрине 

Қоқан  автономиясы  Түркістан  мәселесін  шешудің  мақсаты 

да,формасы  да  емес.  Ол  тек  Түркістан  азаттық  қозғалысының 

бір  кезеңде  басып  өтуге  тиіс  болған  кезекті  бір  қадамы  ғана 

болатын.  Көне  Ресейге  қараған  өлкелер,  кейінірек  кеңестік 

Ресейдің  бұғауына  түсіп  қалған  өлкелер  арасында  тәуелсіз 

ұлттық мемлекеттілік үшін күресу жолына тұңғыш рет Түркістан 

түсіп  отыр»  деп  өзі  басында  болған  тарихи  оқиғаларға  баға 

береді [1]. 

Қоқан  ұлттық  үкіметі  басшыларының  замандасы  және 

одан  кейінірек  Түркістан  халықтарының  азаттығы  жолында 

аянбай  күрескен  Т.Рысқұлов  сол  кездің  өзінде–ақ,  Қоқан 

автономиясының  шынайы  табиғатын  дәл  анықтап  берген.  Ол 

Түркістан  Коммунистік  партиясының  ІҮ  съезі  мен  Кеңестердің 

ҮІІІ  съезі  делегаттарының  1919  ж.  18  қыркүйегінде  өткен 

бірлескен  мәжілісінде  сөйлеген  сөзінде:  «Автономиялы  Қоқан 

үкіметі 


бұл 

ұлт-азаттық 

кезеңі 

болды. 


Және 

сіздер 


автономияшылдарға  қалай  қатыгездік  жасалғанын  білесіздер. 

Осылайша  Кеңес  үкіметі  өздерінен  мұсылман  бұқарасын 

339



алшақтатып  алды»  деп,  Кеңес  өкіметінің  Қоқанға  қанды 

жорығын қатал сынға алады [2]. 

Азаттық  жаршысының  қоғамдық-саяси  көзқарастарының 

қалыптасуына өскен ортасы үлкен әсер етті. Мұстафа Ақмешіт 

(Перовск),  қазіргі  Қызылорда  облысының  Тартоғай  елді 

мекенінде 1889 жылы желтоқсанның 25-інде дүниеге келген.

Ол отарлық езгіні, әділетсіз саясатты бала кезінен бастап 

өз  ауылында,одан  кейін  Ташкентте  гимназияда  оқып  жүрген 

кезінде 

көзбен 


көрді. 

Петербург 

университетінің 

заң 


факультетінде 

оқып 


жүргенде 

оның 


саяси 

көзқарасы 

қалыптасады,  өз  халқының  азаттығы  үшін  күреске  қатысып, 

Түркістаннан 

әділеттілік 

іздеп 


келген 

жерлестерінің 

сұраныстарын  Сенат  алдына  қою  арқылы  саясатқа  араласа 

бастады.


Мұстафа 

Шоқай 


XX 

ғасырдағы 

көрнекті 

саяси 


қайраткерлер 

Әлихан 


Бөкейханов, 

Ахмет 


Байтұрсынов, 

Мұхамеджан  Тынышпаевтармен  бірге  өз  халқының  Ресейдегі 

әлеуметтік  таптық  теңсіздіктің  даму  сипатының  аражігін 

ажыратты.Ол қоғамдық-саяси қайраткер ретінде 1-ші және 2-ші 

Ресейлік  Думаның  мұсылмандар  фракциясының  хатшысы 

болып, олардың саяси қызмет атқаруына көмектесті.

Мұстафа  Шоқайдың  Ресейдегі  қайраткерлермен,  Дума 

депутаттарымен  араласуы,  іс  жүзінде  жалпы  тәуелсіздік, 

жалпы  мемлекеттік  идеяларды  қолдануына  алып  келді. 

Азаттық  алу  үшін  езілген  хальқтардың  тізе  қосуы  қажет 

екендігін  Шоқай  сол  кезде  анық  түсініп  өмірінің  соңына  дейін 

бұл пікірден айныған жоқ.

Аса  көрнекті  саясаткер  Мұстафаның  ұстанған  жолы–

халыққа  тәуелсіздікті  қантөгіс  арқылы  емес,  керсінше,  дүние 

жүзіндегі  демократиялық  күштерді  араластыру  арқылы  бейбіт 

жолмен  алу  болды.  Ол  үшін  ұлттың  сана-сезімін  ояту  қажет 

еді.Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайтынын жете түсінген 

Мұстафа  Кеңес  үкіметінің  қол  астындағы  мұсылмандар 

қауымының  да  жеке-дара  күресі  арқылы  тәуелсіздік  ала 

алмайтынын анық болжай білді. Ұлы күрескер бүкіл түркі тектес 

исі 

мұсылман 



қауымын 

түгел 


көтеруді 

мұрат 


тұтты. 

Мұстафаның негізгі мақсаты Ресей топырағында тұратын бүкіл 

түркі  ұрпақтарын  біріктіріп,  «Үлкен  Түркістан  »  одағын  құру 

болды. Сондықтан да Мұстафа Петербург университетін бітіре 

сала  1916  жылы  «Түркістан  бірлестігі»  деп  аталатын  құпия 

ұйым  ашты.  Отаршылықтың  жойқын  қысымының күшіне қарсы 

тұру қамымен мұсылман саяси ұйымдары ассоциациясы (үлкен 

жамиғаты)  мен  мұсылмандар  кеңесі  (Шурай-Ислам  сондай-ақ, 

340



қазақ  ұлттық  «Алаш»  партиясы  бәрі  күші  біріктіре  1917  жылы 

наурызда  Ташкентте  Түркістан  мұсылмандарының  конгресін 

шақырып, онда орталық комитет сайлап, мұсылман орталығын 

құрды.  Орталыққа  Мұстафа  Шоқай  басшылық  жасады. 

Мұстафа  Ресейдің  түркі  халықтарын  одан  ары  орыстандыру 

саясатына  үзілді–кесілді  қарсы  шықты.  1917  жылы  қарашада 

Түркістан  автономиясының  Уақытша  Үкіметі  кұрылды.Бас 

министр 


болып 

Мұхамеджан 

Тынышбаев,ол 

отставкаға 

кеткеннен кейін Мұстафа Шоқай бекітілді.

1917  жылдың  І  жартысындағы  жағдайға  баға  бере  келіп, 

М.Шоқай  «тәуелсіздікке  деген  ұлттық  ынта  мен  талпыныстың 

олардың  әлеуметтік-экономикалық  және  қоғамдық-саяси  негізі 

болмаса  шын  мәніндегі  азаттыққа  қол  жеткізу  мүмкін  емес» 

деген ой түйеді. 

1917  ж.  Қазақстан  мен  Түркістанның  Россия  құрамынан 

шығып,  жеке  мемлекеттік  құра  алмауының  тағы  бір  себебін  М. 

Шоқай өз талдауларында айқындап берді. «Біз сол кезде саяси 

құрылысы 

өзімізден 

әлдеқайда 

озық, 

үлкен 


халықтың 

шеңгеліне  түсіп  қалдық.  Бұл  халықтың  шеңгелінен  шығу  үшін, 

ұлт-азаттығы  жолында  жүргізген  күресіміздің  жемісті    болуы 

үшін саяси дайындығымыздың деңгейі едәуір биік болуы керек 

еді »- деп түйіндейді [3].

Революция 

берген 

мүмкіндіктерді 

Қазақстан 

мен 


Түркістан  халықтарының  ұлттық  азаттығы  үшін  пайдалана 

алмауы, М. Шоқайдың пікірінше, екі тосқауылдың болуынан еді: 

біріншісі  –  шын  мәніндегі  тәуелсіздікті  танығысы  келмеген 

уақытша  үкіметтің,  ал  одан  кейін  оны  алмастырған  Кеңес 

үкіметінің  қарсылығы  болса,  екіншісі  –  ұлттық  күштердің 

алауыздығы  және  олардың  саяси  тұрғыдан  нашар  ұйымдасуы 

мен  саяси  күрес  тәжірбиесінің  жетімсіздігі  еді.  Ресей 

отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан күшке 

қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық 

және  рухани  күш  қажет  еді.  Ресей  қоластындағы  түркі 

халықтарын  тұтас  бір  майданға  біріктіргенде  ғана  ондай  күш 

қалыптастыру мүмкін еді. Пантюркизм және панисламизм міне, 

осы  орыс  отаршылдығы  кезінде  өмірге  келеді.  Басқаша 

айтқанда 

пантюркизм 

мен 


панисламизм 

қорғанушылар 

идеологиясы болатын.

Қазақстан 

мен 

Түркістанның 



1917 

жылғы 


қазан 

ревалюциясы  қарсаңындағы  қоғамдық-саяси  өміріне  талдау 

жасай  келіп,  М.Шоқай  бұл  кезеңде  саяси  күштердің  ара 

салмағы  Уақытша  үкіметтің  Түкістан  комитетімен  күннен-күнге 

күш  алып  келе  жатқан  жұмысшы-солдат  кеңестерінің  іс-

341



әрекеттеріне  байланысты  болғанын  баса  көрсетеді.  Жергілікті 

ұлт-азаттық  күштер  шарасыз  жағдайға  тап  болды,  дейді,  

өйткені  олар  өздеріне  жау  екі  саяси  күштің  қыспағында  қалды: 

«Уақытша  үкіметке  біз  наразы  болдық,  солай  бола  тұрса  да 

онымен  күрескіміз  келмеді.  Өйткені  бізге  одан  да  қауіпті  күш 

жұмысшы,  солдат  депутаттарының  кеңесі  –осы  үкімет 

комитетінің орнына көз салып тұрған еді»,-деп түйіндейді т.ғ.д. 

Кеңес Нұрпейісов [4]. 

М.  Шоқай  еңбектеріндегі  теориялық  тұжырымдар  мен 

Алаш 


партиясының 

мемлекеттік 

құрылыс 

жөніндегі 

бағдарламалық  тұжымдарын  салыстырып,  оған  баға  беретін 

болсақ,  М.  Шоқай  бастаған  және  Ә.  Бөкейханов  бастаған 

ұлттық-демократиялық 

интеллигенция 

өкілдері 

Түркістан 

автономиясын  да,  Алаш  автономиясын  да  Россиямен  іс 

жүзінде  конфедерациялық  қарым-қатынаста  болуға  тиісті 

мемлекеттер  ретінде  көргісі  келгендеріне  көз  жеткіземіз, 

олардың  түптеп  келгенде  ортақ  мақсат  жолында  әрекет  етіп, 

егеменді  ел  болатындықтарына  сенімді  болғандықтарын 

ұғамыз –деп көрсетеді. 

Осы  күнге  дейін  «Алаш»  автономиясын  құрған  Әлихан 

Бөкейханов  пен  Қоқанда  «Түркістан»  автономиясын  құрған 

Мұстафа  Шоқайдың  саяси  көзқарастары  жараспай,  жолдары 

екіге айрылған деген түсінікте келгеніміз рас. К. Нұрпейісовтың 

осы  жоғарыда  келтірілген  тұжырымына  толықтыру  ретінде 

Қазақ тарихы журналының 2010 ж. № 1 Төре Ғалидың М. Шоқай 

жөнінде  жариялаған  мақаласында  келтірген  тың  деректерге 

тоқталғымыз келеді [5]. Ресейдің Санкт-Петербург мұрағаттары 

мен кітапханаларынан Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне 

қатысты  жаңадан  табылған  қызықты  құжаттар  бұрынғы  қасаң 

түсінікті  қайта  қарауға  себеп  болып  отыр.  Бұл  құжаттар 

Мұстафаның  «Алаш»  ұлт-азаттық  қозғалысының  жетекшісі, 

«Алаш Орда» автономиясының төрағасы Әлихан Бөкейханмен 

құпия байланыста болғанын айғақтай түседі.

Зерттеушілер  үшін  қызықты  саналатын  бұл  жаңа 

деректерге толы құжаттарды кездейсоқ тапқан және «Азаттық» 

радиосынан жариялаған белгілі алаштанушы ғалым,журналист 

Сұлтан Хан Аққұлұлы.Ғалымның тыңнан тапқан құжаттары мен 

зерттеулері  Мұстафа  мен  Әлиханның  қарым-қатынастарына 

байланысты  тың  деректер  беруімен  де  құнды.  Дерек бойынша 

Мұстафа  Шоқайдың  Әлихан  Бөкейханмен  кездесуі  шамамен 

1914-1915  жылдары  болған.  Өйткені  1916  жылы  Әлихан 

Бөкейхан  бірінші  жалпыұлттық  «Қазақ»  газетінің  бетінде 

Мұстафаны 

Ресейдің 

төртінші 

мемлекеттік 

думасының 

342



Мұсылман фракциясына хатшылыққа ұсынған.

Ғалым  С.  Аққұлұлы  «Әлихан  мен  Мұстафаның  масон 

ложасы арқылы байланыстары болды ма?» деген мәселені де 

анықтай  кетеді.  Мәселен,  Әлихан  Бөкейхан  Парижде  тұрып 

жатқан Мұстафаға арнаған хатын жол жүріп бара жатқан әйгілі 

әнші  Әміре  Қашаубаевтың  ұлтарағының  астына  салып 

жібергені  және  жауапты  да  осы  жолмен  алғаны,  кейін  бұл 

оқиғаның  Әмірені  қайғылы  өлімге  соқтырғаны  белгілі.  Осы 

жайға  сүйенген  ғалымның  ойынша,Ә.  Бөкейхан  мен  Мұстафа 

Шоқай  ортақ  көзқараста  болған.  Әрі  М.  Шоқай  Әлиханды 

сыртқы  әлеммен  байланыстырған  бірден-бір  адам  болуы 

мүмкін  деген  пікір  айтады.  Мысалы,  1930  ж.  1  жартысында  Ә. 

Бөкейханов 

француздың 

«Фигаро» 

газетімен 

құпия 

байланысып, газет бетінде оның мақалалары шығып тұрған. Ал 



ХХ  ғасырдың  басында  қайта  көтерілген  орыс  масондарының 

Санкт-Петербургтегі  «Темірқазық»  және  Мәскеудегі  «Қайта 

өрлеу»  ұйымдары  француздық  «Ұлы  Шығыс»  масондық 

ложасының  филиалы  болыпты.  Тағы  бір  жайт  1923  ж.  В. 

Лениннің тікелей нұсқауымен Ә. Бөкейханов Москвадағы КСРО 

халықтарының  орталық  баспасына  Қазақстаннан  айдауылмен 

әкелініп,  «Темірқазық»  атты  журнал  шығара  бастаған.«Әдетте 

қазақтар  Поляр  жұлдызын  «Темірқазық»  деп  атайды.Бұл 

кездейсоқ сәйәкестік пе?» деп сауал қояды.

Мұстафа  Шоқайұлы  өз  заманында  Түркістанда  орнаған 

кеңестік  биліктің  отаршыл  сипатын  қатесіз  тани  білген  және 

онымен  ымырасыз  күреске  ғұмырын  арнаған,  сондай-ақ,  бұл 

күреске  бұрын Түркістан халықтары тарихында болмаған жаңа 

мазмұн 


беріп, 

оны 


өзінің 

қажырлы 


еңбегімен 

жаңа 


интеллектуалдык  көкжиекке  көтерген  ұлы  қайраткер  екендігін 

дәлелдеген  тұлға.  Мәмбет  Қойгелдиевтің  пікірінше:  [6]  М. 

Шоқай  өнегесінің  құндылығы  –  халқымыздың  жүріп  өткен 

жолын, әсіресе ХХ ғасырдағы тағдырын жаңа тарихи контексте 

қорытуға, сол арқылы бүгінгі жағдайымызды, ұлттық мүддемізді 

тура  және  жаңа  сапада  түсінуге  түрткі  болуында.  Ал  жаңа 

тарихи  контекст  дегендегі  ғылыми  және  тарихи  ұғым 

«Түркістан»  немесе  «Түркі  елі»  идеясы.  Өйткені  М.  Шоқай  тек 

қазақ  жұртына  ғана  таңып,  оның  қызметін  бүгінгі  тәуелсіз 

Қазақстанның  тарихи  муддесімен  ғана  байланыстыратын 

болсақ,  онда  М.  Шоқай  феноменін,  ол  көтерген  мәселені  дәл 

басып түсіндіре алмаушылыққа ұрынар едік.

М.  Шоқай  Қазақстан  тәуелсіздігін  Түркістанды  көне 

замандардан  бері  атамекен  еткен  басқа  халықтардың 

тәуелсіздігінен  бөліп  алып  қараған  емес.  М.  Шоқай  үшін 

343



Түркістан тұтастығы мен Түркістан еркіндігі егіз ұғымдар-деп ой 

түйіндейді.  Сөзімді  қортындылай  келе,  Отанынан  жырақта 

жүріп  өзінің  елі,  туған  жері  сол  жердегі  халықтың  бостандығы, 

теңдігі,  егемендігі  туралы  бүкіл  дүние  жүзіне  жар  салған 

Мұстафа  Шоқайдың  еңбектерін,  мұраларын  жинау,  оларды 

зерделеп, оның қоғамдық-саяси қызметін кейінгі ұрпаққа жеткізу 

және  Мұстафа  Шоқайдың  еңбектерін  Қазақстан  тарихының 

тарихнамасына  қосу  қазіргі  кезеңдегі  өзекті  мәселенің  бірі 

екендігін айтуымыз керек деп ойлаймын. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет