Семестр соңында емтихан болады.
Емтихан бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулардың ең үлкен көрсеткіші /max 60%/ мен емтихан /max 40%/ көрсеткішінің қосындысынан құралады, яғни 100%-ды құрайды.
Қорытынды емтихан тест түрінде болады. Студенттің білім, білік дағдылары төмендегідей бағаланады:
Оқылу негізінен негізгі оқу материадары түсіндірілетін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын дәріс және тәжірибелік сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша коллоквиум және жазбаша бақылау жұмыстары, жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Сабаққа міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен өтеді.
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:Ұялы телефонмен сөйлесуге;Сабақтан сұрануға;
Бос әңгіме құруға;Басқа біреуге кедергі келтіріп, тапсырманы автоматты көшіруге.Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
3.Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.
1. Мифология және оның табиғаты.
2. Жазу мәдениетінің шығуы.
3. Мәдениеттанудың теориялық базалары (негіздері).
4. ХХ ғ. мәдениеттану концепциялары.
5. Мәдениет тілі және мәдениеттегі түсіну проблемасы.
6. Мәдениеттер сұхбаты (диалогы).
7.Үнді мәдениеті.
8. Қытай мәдениеті.
9. Гректің сәулет өнері мен мүсіні және олардың еңбектері.
10. Грек әдебиеті мен оның өкілдері.
11. Ислам дінінің басты бағыттары мен негізгі қағидалары.
12. Араб ғылымы және оның өкілдері.
13. Жаңа өсиеттің кітаптары.
14. Христиан дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдары.
15. Қайта өрлеу дәуірінің әдебиеті.
1. Сәулет өнері. Готика мен барокко.
2. Романтизм бағыты.
3. Ағарту заманының әдебиеті.
4. Боярлық орыс мәдениетінің дамуы.
5. Петр І-нің реформалары.
6. Мұсылман Ренессансы және оның өкілдері.
7. Ахмет Яссауи суфизмі.
8. Алғашқы қазақ хандары тұсындағы рухани даму. Тауке ханның «Жеті жарғысы».
9. Қазақ халқының ауыз әдебиеті және оның жанрлары.
10. Қазақ ағартушылары: Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Абай және олардың шығармалары мен көзқарастары.
11. Шәкәрімнің «Үш аңығы».
12. Рухани қайта өрлеу, ұлттық сана сезімнің өсуі.
13. Өтпелі кезең жағдайындағы өнер және саясат, ғылым және білім.
14. Дадаизм және оның өкілдері.
15. Экспрессионизм.
1. Философия кең көлемде мәдениет қандай ұғымды бейнелейді?
A) табиғат, табиғи дүние;
B) өнер;
C) адамгершілікті дүние;
D) адамгершілік;
E) ізгілік.
2. «Мәдениет» деген сөз алғашында нені білдірді?
A) жанды жетілдіру;
B) тәрбие, білім;
C) жерді өңдеу;
D) ілім, даму;
E) материалдық өндіріс.
3. Мәдениеттану мектептеріндегі қоғамдық – тарихи мектептің өқілдері:
A) О. Шпенглер, Н. Данилевский, Т.Э.Элиот;
B) Н.Данилевский, З.Фрейд, В.Парето;
C) А.Вебер, Ф.Ницще, А. Тойнби;
D) А.Тойнби, О. Шпенглер, Н. Данилевский;
E) О. Шпенгер, Э. Тайлор, Н.Данилевский.
4. К. Ясперстің «белдеулік уақыты» тұғырнамасы бойынша «белдеулік халықтарға» жатқызылғандары:
A) қытайлар, үнділер, француздар, еврейлер, орыстар;
B) үнділер, ағылшындар, итальяндар, жапондар, гректер;
C) гректер, иудейлер, қытайлар, ирандар, үнділер;
D) гректер, римдіктер, немістер, француздар, ағылшындар;
E) гректер, римдіктер, үнділер, қытайлар, иудейлер.
5. Клод Леви – Стросс мәдениеттанудың қандай мектебінің өкілі?
A) қоғамдық – тарихи
B) натуралистік
C) әлеуметтік (социологиялық)
D) рәміздік (символдық)
E) тілтанымдық
6. Мәдениетті технологиялық, әлеуметтік, идеологиялық деп үш жүйеге бөліп қарастырған мәдениеттанушы – ғалым:
A) Т. Парсонс
B) А. Камю
C) Э. Кассирер
D) К.Г. Юнг
E) Л.А. Уайт
7.Тіл мен өнерді, миф пен дінді, ғылым мен тарихты мәдениеттің «символдық формалары» ретінде балаған мәдениеттанушы:
A) И.Гердер
B) И. Кант
C) Э. Кассирер
D) А. Тойнби
E) Л.А. Уайт
8.Мәдениеттің пайда болуын нидерланд ғалымы Йохан Хейзинга немен түсіндіреді, байланыстырады?
A) дінмен
B) қарым – қатынаспен
C) еңбекпен
D) ойынмен
E) бос уақытпен
9. Ұжымдық санасыздық пен архетиптік теориясын ұсынған кім?
A) З.Фрейд
B) Э. Фромм
C) К.Г.Юнг
D) Малиновский
E) Н.Данилевский
10. Адамзатты қоғамдық – тарихи тұрғыдан алғаш қарастырғандардың бірі, халықтар мен ұлттар үздіксіз даму барысында үш кезеңнен өтеді, әрбір өтпелі дәуір дағдарыстар мен өзара күрестер арқылы жүреді деп айтқан кім?
A) Вольтер
B) Ж.Ж. Руссо
C) Дж. Вико
D) И.Кант
E) А.Тойнби
11. «Кез келген мәдениет амалсыздан күштеу мен құштарлыққа шек қоюға негізделген» - деген сөзді айтқан кім?
A) Э. Фромм
B) З. Фрейд
C) Н. Данилевский
D) К.Г. Юнг
E) Гегель
12. Европа мәдениетіндегі аполлондық пен дионистік қарсылық бастамасының теориясының авторы кім?
A) И. Кант
B) И. Гердер
C) Фр. Ницше
D) З. Фрейд
E) Гегель
13. Қандай мәдени құндылықтар уақыт жағынан алғанда тұрақты болып келеді?
A) жалпы адамзаттық
B) ұлттық
C) жеке топтық
D) отбасылық
E) жеке тұлғалардың
14. Мәдениетті белгілер мен негіздерге байланысты классификациялау қалай аталады?
A) мәдениет типологиясы
B) мәдениет теориясы
C) мәдениет тарихы
D) мәдениет философиясы
E) мәдениет жүйесі
15. Аксиология деген қандай ұғым береді?
A) құндылықтар теориясы
B) мораль теориясы
C) этногенез теориясы
D) тарихи-мәдени тип
E) бұқаралық мәдениет теориясы
16. «Анимизм» деген терминді ғылымға алғаш енгізген кім?
A) Л. Уайт
B) Ф. Боас
C) Э. Тайлор
D) Л. Морган
E) Б. Малиновский
17. «Алғашқы қауым мәдениеті» кітабында алғашқы адамдардың өмірлерін нанымды көрсете білген кім?
A) Ф.Кисинг
B) Б. Малиновский
C) Э. Тайлор
D) З. Фрейд
E) Л. Уайт
18. Жануарлар мен өсімдіктерге табыну қалай аталады?
A) фетишизм
B) магия
C) тотемизм
D) анимизм
E) политеизм
19. Заттың, дүниенің құбылыстарын жандандыру қандай терминмен аталады?
A) тотем
B) анимизм
C) магия
D) монотеизм
E) фетишизм
20. Адамның назарын бірінші аударған, өнер объектісі жасаған не нәрсе немесе кім?
A) табиғат құбылысы
B) өсімдіктер
C) аңдар
D) адамдар
E) әйел адамдар
21. Архитектураның өнерге айнала бастауы:
A) тағылық заманның орта кезінен кейін;
B) жабайлық заманның басында;
C) алғашқы өркениет кезінде;
D) құлдық қоғамда;
E) жабайлық заманның дамыған кезінде
22. Мысыр сәулетшісі (архитектірі):
A) Имхотеп
B) Аменемхет
C) Хнумхотеп
D) Сезострис
E) Сенусерт
23. Атон құдайына табынушылықты қалыптастырып, діни реформа жасауға тырысқан Мысыр перғауыны:
A) Рамзес
B) Тутанхамон
C) Аменхотеп IV
D) Хатшепсут
E) Сенусерт
24. Египет мифологиясындағы Осиристың әйелі, әйел – құдайдың аты:
A) Нефертити
B) Исида
C) Сехмет
D) Иштар
E) Хатшепсут
25. Хеопс пирамидасы неше жылда салынып болды?
A) 10 жыл
B) 15
C) 20
D) 25
E) 30
26. «Гильгамеш туралы поэма» эпосы қандай өркениетке жатады?
A) Египет
B) Шумер – Вавилон
C) Қытай
D) Үнді
E) Антик
27. Иран жеріндегі ислам діні енгенше мемлекеттік дәрежесі бар дін:
A) будда діні
B) манихей діні
C) зороастра діні
D) христиан діні
E) иудаизм діні
28. Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі дін:
A) христиан діні
B) тотемдік дін
C) ислам
D) будда діні
E) иудаизм
29. Нирвана дегеніміз:
A) адамның бәрі бәрінен аулақтану күйі, сананың сөнуі
B) алғашқы адамның санасы
C) демді алу өнері
D) тірі жандардың түрлену тізбегі
E) қайғы – қасірет
30. Ежелгі Үнді есемдегі варналарды көрсетіңіз:
A) брахмандар, кшатрейлер, вайшьялар, шудралар
B) локаяттар, брахмандар, вайшьялар
C) кшатрийлер, санкхья, шудралар
D) брахмандар, локаяттар, джайнистер
E) джайнистер, брахмандар, вайшьялар
31. «Янь» және «Инь» ілімін шығарған мәдениет:
A) Қытай
B) Египет
C) Үнді
D) Корея
E) Жапония
32. Ұлы Қытай қорғанын салдыруды бастаған Қытай императоры:
A) Хань
B) Цинь
C) Тан
D) Мин
E) Инь
33. Буддизм этикасының негізгі түсінігі:
A) рахат
B) бақыт
C) қасірет
D) пайда
E) жақсылық
34. «Политеизм» термині нені білдіреді:
A) жалғыз құдайға сену
B) жануарларды құдай деп тану
C) табиғат құбылыстарын жандандыру
D) әртүрлі құдайларға сену
E) құдайларды теріске шығару
35. Көне грек мифологиясының қай кейіпкері Минотаврды женді?
A) Геракл
B) Тесей
C) Персей
D) Ясон
E) Эгей
36. Жазудың қай түрі көне болып есептеледі?
A) иероглиф
B) пиктография
C) буындық
D) руникалық
E) әріптік – дыбыстық
37. Өз заманындағы ең бай кітапханасы болған Ассирия патшасы:
A) Навуходоносар
B) Саргон
C) Хаммурапи
D) Ашшурбанипал
E) Набопаласар
38. Өнер тақырыбына «Канон» атты теориялық еңбек жазған мүсінші:
A) Мирон
B) Поликлет
C) Пракситель
D) Скопас
E) Фидий
39. Грек сәулет өнеріндегі ордер:
A) ионика ордері
B) этрус ордері
C) тоскан ордері
D) перистілдік ордері
E) романдық ордер
40. «Трагедия атасы» аталған драматург:
A) Софокл
B) Кратин
C) Аристофан
D) Еврипид
E) Эсхил
41. Ұлы Көне Рим шешені, грек философиясын уағыздаушы:
A) Катулл
B) Цицерон
C) Катон
D) Овидий
E) Вергилий
42. Әйелдің тән сұлулығын көрсете білген грек мүсіншісі және оның туындысы:
A) Пифокриттің «Самофракия Никасы»
B) Скопастың «Менадасы»
C) Агесандрдың «Милос Афродитасы» («Милос Венерасы»)
D) Праксительдің «Афродитасы»
E) Кіші Кефисодот пен Тимархтың «Венерасы»
43. Әлемнің жеті кереметіне жататын көне мәдениет ескерткіші:
A) Геракл мүсіні
B) Афины мүсіні
C) Олимпиядағы Зевстің мүсіні
D) Кора
E) Курос
44. Христиан діни қағидаларын (теологиясын) жасауда шіркеу иелері философиялық ойларын пайдаланған грек ойшысы:
A) Пифагор
B) Демокрит
C) Зенон
D) Сократ
E) Платон
45. Колхида қай жерде:
A) Аттикада
B) Критте
C) Египетте
D) Қырымда
E) Кавказда, Қара теңіз жағасында
46. «Алтын жамбыны» алған грек батыры:
A) Ясон
B) Геракл
C) Персей
D) Тесей
E) Одиссей
47. Атом ілімінің негізін қалаған грек философы:
A) Сократ
B) Пифагор
C) Демокрит
D) Платон
E) Аристотель
48. «Теогония» поэмасын жазған грек ақыны:
A) Гомер
B) Гесиод
C) Феогнид
D) Солон
E) Алкей
49. Кентавр мен лапифтың, амозонкалардың мүсіндерін жасаған ел:
A) Парсы
B) Карфаген
C) Спарта
D) Рим
E) Афины
50. Христиан дінінің пайда болған кезі:
A) б.з.д. І ғ.
B) І ғ.
C) IV ғ.
D) X ғ.
E) XІ ғ.