Абулкасова Д. Б



бет8/10
Дата05.06.2017
өлшемі1,43 Mb.
#17871
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тірек сөздер: Қазақ ағартушылары, қазақ ғылымы, қазақты ұлы философ-ақыны, қазақ елі.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Қазақ ағартушылығы және оның көрнекті өкілдері.

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ қауымының зиялылары мен олардың жанқиярлық еңбектері.

Қазақтың мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғалымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов едң. Шоқан Уәлиханов сыртқы әлемге «дала адамын» түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, дін мен тілін зерттейді. Шоқан жазған «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері», «Қазақтардағы шамандық іздер», «Қашғария туралы жазбалар», «Сахарадағы мұсылмандық туралы» және т.б., ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.

Қазақ мәдениетінің кемелдеуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбрай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педагогикалық оқулық «Қазақ хрестоматиясы» және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды.

Қазіргі қазақтың рухани мәдениетінің негізін салушы – ұлы философ-ақын Абай Құнанбаев. Қазақ мәдениетінің ғасырлар бойы қалыптасуында осы процеске саншыл көзбен қауып, осы ақыл және жүрек таразысынан өткізетін тұлға тым қажет еді. Абай, міне осындай тұлға болды. Абай өз шығармашылығында қазақ елінің белгілі тарихи тұйыққа тіреліп (бодандыққа түсіп), одан қалай шығуды білмей, болашағы туралы күдіктенген жағдайын суреттеді. Осындай шым-шытыранда ғұлама ақын таза уайым мен зарлау дәстүрлерін арылып, халық өмірінің кем-кетігіне ашық көзбен қарап, оны емдеудің жолдарын көрсете білді.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының бастауында тұрған көрнекті ғалым, лингвист, ағартушы, «Қазақ» газетінің редакторы кім? 2. Қазақтардың наным-сенімдерін, әдет ғұрыпын, аңыздарын, эпостарын тұңғыш зерттеген ғалым кім?3. «Зар заман» мәдениеті қай ғасырда көрініс тапты? 4. Қазақ алфавитінің реформаторы кім болды? 5. «Қара сөздердің» авторы кім? 6. «Жоңғар очерктерін» кім жазды? 7. Революцияға дейінгі қазақ халқының музыка мәдениетін терең зерттеген ғалым. 8. Қазақ мәдениетінің қай өкілі Крыловтың, Лермонтовтың, Пушкиннің шығармаларын алғашқы болып қазақ тіліне аударды? 9. «Манасты» бірінші көшірген кім? 10. Атақты күйші, композитор «Сарыарқа», «Адай» күйлерінің авторы. 11. Қазақтың ұлттық опера өнеріне еңбек сіңірген алғашқы композитор. 12. Қазақ ұлттық ғалым академиясының бірінші академигі.13. Қазақстанның халық суретшісі, қазақ пейзажының жыршысы. 14. «Біржан-Сра» операсын кім жазды? 15. «Менталитет» ұғымы қандай мағына береді?16. Көрнекті ғалым Ш. Уәлихановтың еңберін атаңыз?17. Ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің алғашқы педагогикалық оқулығын атаңыз?18. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесі қандай?



Әдебиеттер:

1. Ғабитов Т., М. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану. А., 2004.

2. Самосознание европейской культуры ХХ в. М., 1991.

3. Габитов Т.Т. Типология казахской культуры. А., 1998.

4. Назарбаев Н.А. Казахстан на пороге ХХІ в. А., 1996.

1.1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алды. 1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңес одағының құрамына кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесіне ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1991 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар кірді, Халықаралық валюта қорының, Дүниежүзілік бакнтің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыныра ұйымдарға кірді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасын жүзден аса ел таныды, олардың көбімен дипломатиялық қатынас орнатылды.

2.Тәуелсіздік алған соң Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлері қайта түледі, ұлттық сана бұрынғысынан да бетер өсті. Қазақ ұлты топта бастады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болды, қазақ халқының таңдаулы өкілдерінің есімдері ана дүниеде орала бастады, тарихи топонимика қалпына келтірілді, ұлттық мәдениеттің гүлденуі үшін жағдай жасалды. 1992 ж. күзде Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы өткізіліп, оған 10 миллион қазақ халқының өкілдері жиналды.

3.Абайдан басталған қазақ мәдениетіндегі тың сарын ХХ ғасырдың бас кезінде ары қарай жалғасты. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 14 жылдай ғана болды. Бұл аз уақыттың ішінде, әрине, жаңа мәдениет қалыптасты деу асығыстық болар. ХХІ ғасырдың қарсанына қарай мәдениеттердің ұлы тоғысуы, тұтастануы басты тенденцияға айналды. Бұл шынында да бір тектес адамдық мәдениеттің аймағына ене бастадық. Нәсілдік, отаршылдық, саяси-деологияның жікшілдігінен «бүкіл адамдық үйге» көшу басталды. Бұл мәселе қазақ мәдениеті үшін де ол өте актуалды болып табылады. Тәуесіз Қазақстанда бұл мәдениет шешуші қызмет атқарады әрі басқа этникалық топтардың және субмәдениеттердің дамуына және бір-бірімен келісімді болуына жауапты.

Қазақ жеріндегі диаспоралардың тарихын таразыға салып, ғылыми тұжырымдар жасасақ «диаспора дегеніміз – халықтың белгілі бір бөлігінің өзі қалыптасқан елден тыс жерде отанымен бір іздену сезімін сақтауда болатындар». Қазақстанда ұлттық-мәдени орталықтар құрылып, диаспоралардың жан-жақты дамуына мемлекет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ этносы құрайды, 28 пайызы орыс диаспорасының еншісінде. Басқа ұлт өкілдерінің еншісіне 16 пайыз ғана тиеді. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде қазақстандық ұйғырлар бізбен бірге өмір сүруде.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. «Менталитет» ұғымы қандай мағына береді?2. Алғашқы қазақ драма театры қай жылы және қайда ұйымдастырылды? 3. Қазақ фольклорын жан-жақты зерттеген әйгілі ғалым. 4. «Аз и Я» кітабының авторы. 5.Ш.Аймановтың еңбегіндегі мәдени тамырларынан айырылған адамдар тобы қалай аталады? 6. «Көшпенділер» трилогиясының авторы, жазушы. 7. Кеңестік Қазақстандағы «мәдени революция» болған жылдар. 8. Қазіргі заманғы қазақ ақыны, қоғамдық саяси қайраткер, «Цивилизацияның адасуы» шығармасының авторы. 9. Ленфильм киностудиясы түсірген алғашқы қазақтың көркем фильмі. 10. Республикада тұңғыш ұлттық қазақ театры қай жылы, қай жерде ашылды? 11. Ұлттық қазақ театрының басқарушысы және тұңғыш қойылған пьесса. 12. Тұңғыш қазақ педагогикалық жоғары оқу орны ашылған жыл. 13. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры қашан ашылды? 14. «қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтың авторы кім? 15. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы слды?16. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дипломатиялық қатынас жасаған елдерді атаңыз.17. Дүниежүзі қазақтарының құрйлтайында қанша миллион қазақ өкілдері жиналды? 18. Көрнекті ғалым Ш. Уәлихановтың еңберін атаңыз?19. Ағартушы-педагог Ы. Алтынсариннің алғашқы педагогикалық оқулығын атаңыз?20.. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіне қосқан үлесі қандай?



Әдебиеттер:

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999

4. Ш. Нағымұлы .Мәдениеттану.Астана,2007

5.Қайрат Затов Мәдениеттану оқу құралы. А.2005



6. Тәжірибелік сабақты жүргізу жоспары.



Тақырыбы.

Тәжірибелік сабақ мазмұны.

Апта.

Әдебиет.

1.

Мәдениет және өркениет


1. Мәдениет түсінігі

2. Мәдениет құрылымы, міндеттері(функциялары)

3. Өркениет түсінігі, оның белгілері

4. Әлемдік мәдениет және өркениет ерекшелігі, арақатынасы




1

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2..Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999

4. Ш. Нағымұлы Мәдениеттану.Астана,2007

5.Қайрат Затов Мәдениеттану оқу құралы. А.2005


2.

Негізгі мәдениеттанулық теориялар.


1.Мәдениеттің ағартушылық түсінігі және И.Канттың сынауы.

2. Мәдениет туралы Ф.Ницше ілімі.

3. Мәдениет және психоанализ: З.Фрейд,К.Юнг

4. Мәдениеттің әлеуметтанулық концепциялары: Э.Дюркгейм, М.Вебер, П.Сорокин.




2

1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000

2.Шаповалова. Культурология. М,2004

3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001

4.Борзова.История мировой культуры. М,2004

5. Ерасов.Социальная культура.М,1996


3.

Мәдени-тарихи типология.

1. Мәдениеттің «типология», «типі» түсініктері.

2.Мәдени-тарихи типологияның принциптерімен критерийлері

3. Мәдениеттің тарихи түрлері.


3

1.Ғабитов Т.Х., Құлсариева А, Мүтәліпов Ж.Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999


4

Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.

1.Адам мәдениет объектісі ретінде, оның даму әдістерімен жолдары.

2.Адам мәдениетті жасаушы.Қызмет, шығармашылық және мәдениет.

3. Тіл ұғымы және оның қызметі.Тілдер классификациясы.


4

1.Торосян В.Т.Культурология М,2005

2. Под ред. Драча . М,2000

3. Культурология.Маркова М,1998

4.Тимошинов. Культурология.м,2001




5

Мәдениет формалары: өнер мен дін


1. Өнердің бейнелеу түрлері: кескіндеме, мүсін, архитектура.

2. Өнердің орындау түрлері: әуен, би, актерлік өнер.

3. Театр.

4. Әдебиет.




5

1.Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясының кейбір мәселелері. Сатершинов Б.М. А,2002.

2.Ұлттық мәдениеттің интернационалдық сипаты. Қарашин Ө.А,1976

3.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. Ардақ Нұрғали,А, 2000


6

Мәдениет формалары: мораль, құқық

1.Моральдың мәні, құрылымы және қызметі.

2.Адамгершіліктің негізгі түсінігі.

3.Мораль түрлері: тәжірибелік, кәсіби, рухани. Өнеркәсіп этикасы.


6

1.ҒабитовТ.Х., Құлсариева А,Мүтәліпов Ж. Мәдениеттану.А,2004

2.Құлсариева А.Ғарифолла Есім, Ғабитов Т.Х. .Мәдениеттану.А,2006

3.Төкенов Ө. С. Жаңақұлов А. Мәдениеттану негіздері А,1999


7

Архаикалық мәдениет. Алғашқы мәдениеттің ерекшеліктері.


1. Миф және оның мәдениетті қалыптастырудағы ролі.

2. Алғашқы қауымдық діннің феномені. Культ және салт, олардың алғашқы қауымдық адамдар өміріндегі ролі.

3. Өнердің шығуы және алғашқы қауымдық өнердегі ерекшеліктер.





Арсеньев В.Ф.Звери. Боги. Люди.М.,1991.Боев Ю. Эстетика. М.,1998.

Выготский .С.Психология искусства. М.,1968.

Бахтин М.М.Эстетика словенсного творчества.М.,1979.

Васильев Л.С.История религий Востока.М.,1998.

Кислюк К.В.,Кучер О.Н.Религиоведение. Ростов-на Дону, 2003.

Кимелев Ю.А. Философия религии.М., 1998.



8

Ежелгі Шығыс елдерінің мәдениеті. Көне Шыгыс өркениеттері: Мысыр, Ваваилон, Үнді және Қытай.


1.Ежелгі Египет діні және мифі, олардың әлеуметтік идеологиялық мәні

2.Ежелгі Египет өнерінің ерекшеліктері

3. Ежелгі Үндістанның рухани мәдениеті.

4.Ежелгі Үндістанның діни және әлеуметтік бағыты.



8

1.Ренессанс.Петр Берк.А,1997

2.Батыс Еуропа өнерінің тарихы. Л.Любимов

3.Мировая художественная культура Емохонова

4.Лосев А.Ф.Эстетика Возрождения

5.Культура эпохи Возрождения иРеформация.М,1981.

6..Рутенберг В.



9

Ежелгі Қытай мәдениеті. Қазақ мәдениетінің қайнар көзі.

1.Ежелгі Қытай мәдениеті, оның салттық-этикалық нормалары.

2. Ежелгі Қытай мәдениетінің рухани құндылығының жүйесі.

3. Номадизм - мәдениет түрі ретінде.

4. Қазақ мәдениетінің қайнар көзі.

5. ХҮ-ХҮІІІғғ. Қазақ мәдениетінің дамуы.

6. Ресей империясы құрамында қазақ мәдениетінің дамуы.




9

1.Соколова. Мировая история искусств.М,2000

2.Шаповалова. Культурология. М,2004

3.Емохонова. Мировая художественная культура М,2001

4.Борзова.История мировой культуры. М,2004

1.Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясының кейбір мәселелері. Сатершинов Б.М. А,2002.

2.Ұлттық мәдениеттің интернационалдық сипаты. Қарашин Ө.А,1976

3.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. Ардақ Нұрғали,А, 2000


10

Антика дүниесінің мәдениеті.

1. Ежелгі Грек мен Римнің аңызы мен діні: салыстырмалы талдау.

2. Ежелгі Грек өнері мен әдебиеті.

3. Антикалық театр.

4. Ежелгі Рим өнері мен әдебиеті, оның ерекшеліктері.





10

1.А.Боннар Грецеская цивилизация.В3-х т. М., 1992.

2.А.Боннар Культура Древнего Рима.М., 1985.

3.Н.А.Дмитриева Античное искусство.

4.Н.А.Дмитриева Краткая история искусств.М.,1990.

5.Искусство Древней Греции.

6.Искусство Древней Италии.

7.Н.Кун Легенды и мифы Древней Греции


11

Араб-мұсылман өркениетінің қалыптасуы. Ислам діні.


1.Ортағасырлық Араб Шығысының мәдениет ерекшелігі.

2.Араб шығысының рухани жүйесінің құндылықтары.

3.Ортағасырлық Араб Шығысының өнері, әдебиеті және ғылымы.


11

Бертольд В.В. Ислам и культура мусульманства. М., 1984.

Персидско-таджикская лирика. М., 1987.

Философия и история культуры. М.,1985.


12

Ортағасырдағы Батыс Европа елдерінің феодалдық-христиандық мәдениетінің қалыптасуы

1.Еуропа мәдениетінің дамуының және қалыптасуының факторы ретінде христианшылдықтың шығуы және оның ортағасырлардағы ерекшеліктері 2.Ортағасырлық Еуропаның әдеби мәдениеті.

3.Қайта Өрлеу мәдениетіндегі адам және гуманизм идеалдары.

4.Реформация және оның мәдени мәні.


12

1.Ренессанс. Петр Берк.А,1997

2.Батыс Еуропа өнерінің тарихы. Л.Любимов

3.Мировая художественная культура .Емохонова

4.Лосев А.Ф.Эстетика Возрождения

5.Культура эпохи Возрождения иРеформация.М,1981.

6..Рутенберг В.



13

Жаңа заман кезіндегі Европа елдерінің мәдени дамуы.


1.Ағарту ғасыры мен абсолютизм дәуіріндегі Батыс Еуропалық мәдениет.

2. ХҮІ-ХҮІІғғ. Ғылыми революция және оның философия мен мәдениетке тигізетін әсері.

3.Ағарту заманының гуманизмі және олардың өкілдері.

4.Франция-ағартушылық отаны.

5. Италия-классикалық музыка өнерінің атасы. Итальяндық опера.

6. Орыс архитектурасы, музыкасы, кескіндемесі, әдебиеті



13

Габитова Р.М. Философия немецкого романтизма. М., 1989.

Гуревич П.С. Философия культуры. М., 1995

Культура эпохи Просвещения. М., 1993.

Семенов В.С. Массовая культура в современном мире. СПб., 1991

Ортега–и-Гассет Х. Восстание масс. М., 2003

Ортега–и-Гассет Х. Дегуманизация искусства. М., 2003

Ренессанс. Барокко. Классицизм.Проблема стилей в Западноевропейском искусстве. ХҮ-ХҮІІв. М.,1986.

Швейцер А. Упадок и вырождение культуры. М., 1993



14

Қазіргі мәдениет: қайнар көзі, факторлары, тенденциялары


1. ХХғ. мәдениетінің негізгі құндылықтары мен қайшылықтары.

2. Классикалық мәдениеттің дағдарысы.

3.Бұқаралық мәдениет, оның бастаулары, формалары және үрдістері.

4. Қазіргі мәдениеттің спецификасы және оның дамуындағы факторлар.



14

1.Дмитриева Н.А. Краткая история искусства. М., 1990.

2. Зомбарт В. Буржуа. М., 1994.

3. Культура: теории, проблемы. М., 1995


15

ХІХ – ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті.

1.Кеңес дәуіріндегі қазақ мәдениетінің тағдыры.

2.Кеңес дәуіріндегі өнердің, білімнің ғылымның Қазақстанда дамуы.

3.Қазақ Республикасының мәдениеті, мәселері мен болашағы.


15

1. Ғабитов Т., М. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану. А., 2004.

2.Самосознание европейской культуры ХХ в. М., 1991.

3.Габитов Т.Т. Типология казахской культуры. А., 1998.

4. Назарбаев Н.А. Казахстан на пороге ХХІ в. А., 1996.




7. ПӘНДІ ОҚЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Теориялық материалды оқытуға байланысты әдіснемелік нұсқаулар.

Тәжірибелік сабақ №1

Тақырыбы:Мәдениет және өркениет

Мақсаты:Мәдениет және өркениет түсініктеріне толық мазмұнын ашу

Сұрақтары:

1. Мәдениет түсінігі

2. Мәдениет құрылымы, міндеттері(функциялары)

3. Өркениет түсінігі, оның белгілері

4. Әлемдік мәдениет және өркениет ерекшелігі, арақатынасы

Әдістемелік нұсқау: Семинар түрі ашық әңгіме – тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу, әртүрлі көзқарас пен концепциялардың бар екеніне назар аудару, семинарда шығармашылық талқылау жағдайын туғызу.

Мұғалім семинар барысында студенттердің жауаптарын олардың осы тақырып бойынша қаншалықты материал игергеніне байланысты бағалайды. Семинар соңында оқытушы сабақты қорытындылап, бағаларды жариялайды.



Тәжірибелік сабақ №2

Тақырыбы: Негізгі мәдениеттанулық теориялар.

Мақсаты: Мәдениетану ғылымындағы негізгі теорияларды салыстыра отырып, сәйкестіктерін анықтау

Сұрақтары:.

1. Мәдениеттің ағартушылық түсінігі және И.Канттың сынауы.

2. Мәдениет туралы Ф.Ницше ілімі.

3. Мәдениет және психоанализ: З.Фрейд,К.Юнг

4. Мәдениеттің әлеуметтанулық концепциялары: Э.Дюркгейм, М.Вебер, П.Сорокин.

Әдістемелік нұсқау:Дөнгелек үстел түрінде. Кеңейтілген әңгіме түрінде ұйымдастырып, ол дәріс материалына негізделуі керек. Нақты фактіге сүйеніп, сурет, баяндама пайдалану. Өзекті мәселеге кеңінен тоқталу.

Тәжірибелік сабақ №3

Тақырыбы: Мәдени-тарихи типология.

Мақсаты: Мәдениеттің тип, типологиясын, оның критерийлерін талдау

Сұрақтары:

1. Мәдениеттің «типология», «типі» түсініктері.

2.Мәдени-тарихи типологияның принциптерімен критерийлері

3. Мәдениеттің тарихи түрлері.



Әдістемелік нұсқау: Пікір-сайыс түрінде. Пікір сайыс дәріс материалына және студенттің өзіндік жеке семинар сұрақтарына байланысты тапқан жауаптарына байланысты өткізіледі. Топ екіге бөлініп, екі түрлі көзқарасты ұстанады. Біреулері жақтайды, екіншілері қарсы шығады. Бұл сабақта студенттер нақты фактіге сүйеніп, өз позицияларын жан-жақты талқылап, дәлейді. Және соны шешу жолдарын көрсете білуі тиіс.

Тәжірибелік сабақ №4

Тақырыбы: Мәдениет адамзат әлемінің айнасы.

Мақсаты: Адамның мәдениеттің негізгі объектісі ретінде ролін ашып көрсету, тіл қызметін, классификациясын талдау

Сұрақтары:

1Адам мәдениет объектісі ретінде, оның даму әдістерімен жолдары.

2.Адам мәдениетті жасаушы.Қызмет, шығармашылық және мәдениет.

3. Тіл ұғымы және оның қызметі.Тілдер классификациясы.



Әдістемелік нұсқау: Пікір талас түрінде. 6-7 студенттер аудитория ортасына отырып мәселені талқылайды. Ал қалған студенттер оқытушымен бірге олардың айналасына отырып, олардың жауаптарын бағалайды. Пікір талас 20 минутты қамтуы тиіс. Пікір талас арнайы жоспарға байланысты жүргізіледі. Сабақ соңында студент- бақылаушылар өз ойларын білдіріп, әр қатысушының пікіріне баға береді.

Тәжірибелік сабақ №5

Тақырыбы: Мәдениет формалары: өнер мен дін

Мақсаты: Мәдениеттің негізгі формалары туралы түсінік бере отырып, өнер мен діннің қызметтерін анықтау

Сұрақтары:

1. Өнердің бейнелеу түрлері: кескіндеме, мүсін, архитектура.

2. Өнердің орындау түрлері: әуен, би, актерлік өнер.

3. Театр.

4. Әдебиет.

5.Дін


Әдістемелік нұсқау: Топтық сабақ. Сабақта басты тақырып етіліп жоғарда сұрақтар алынады. Топ екіге бөлініп, әр топтан бір студент мини-докладпен шығады. Тақырыптың мазмұнын ашу. Әр топқа өзекті мәселені шешуе байланысты сұрақ беріледі. Әр топ сол мәселені шешудің технологиялық әдісін көрсетуі тиіс.

Тәжірибелік сабақ №6

Тақырыбы: Мәдениет формалары: мораль, құқық

Мақсаты: Мәдениеттің негізгі формалары туралы түсінік бере отырып, мораль мен құқықтың қызметтерін анықтау

Сұрақтары:

1.Моральдың мәні, құрылымы және қызметі.

2.Адамгершіліктің негізгі түсінігі.

3.Мораль түрлері: тәжірибелік, кәсіби, рухани. Өнеркәсіп этикасы.



Әдістемелік нұсқау: Топтық сабақ. Сабақта басты тақырып етіліп жоғарда сұрақтар алынады. Топ екіге бөлініп, әр топтан бір студент мини-докладпен шығады. Тақырыптың мазмұнын ашу. Әр топқа өзекті мәселені шешуе байланысты сұрақ беріледі. Әр топ сол мәселені шешудің технологиялық әдісін көрсетуі тиіс.

Тәжірибелік сабақ №7

Тақырыбы: Архаикалық мәдениет. Алғашқы мәдениеттің ерекшеліктері.

Мақсаты: Алғашқы мәдениеттің ерекшеліктерін анықтай отырып, талдау

Сұрақтары:

1. Миф және оның мәдениетті қалыптастырудағы ролі.

2. Алғашқы қауымдық діннің феномені. Культ және салт, олардың алғашқы қауымдық адамдар өміріндегі ролі.

3. Өнердің шығуы және алғашқы қауымдық өнердегі ерекшеліктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет