Кілт (ключ) немесе түйін – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасындағы байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер. Олардың бір мәні кесте ішінде екінші рет қайталанбауы тиіс. Түйінді өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндері қолданылатын негізгі өріс. Түйінді өріс ретінде көбінесе нөмір (санауыш) қолданылады.
Бірінші реттегі кілт немесе түйін (первичный ключ)
Кестедегі әрбір жазбаның бірінші реттегі түйінді өрісі (кілті) болуы тиіс, ол идентификатор (немесе адрес) болады. Кілт бір немесе бірнеше өрістерден тұрады. Бірінші реттегі кілттің әрбір мәні бұл кесте ішінде қайталанбауы тиіс (д. б. уникальным). Бұдан бөлек кестенің қарапайым (екінші реттегі) кілттері де бола береді.