Әрбір кесте бекітілген бағаналар санынан және бірнеше (айнымалы) жолдар санынан тұрады. Макет – алдын ала жасалған бағаналар сипаттамасы (ені, мәлімет типі, келісім бойынша мәні, т.с.с.).
Кестенің әрбір жолы жазба (запись - record) деп аталады. Жолдар рет-ретімен нөмірленіп отырады.
Әрбір бағана өріс (поле - field) болып саналады, онда нақты мәлімет болады. Алдын ала өрістің қайталанбас аты; өрістің типі ; қосымша сипаттамалары (ұзындығы, форматы) бекітіледі. Өрістің санын, олардың аттарын және типтерін өзгертуге болады, бірақ бұл кестенің макетін өзгерту деген сөз.
Бір өріс бірнеше кесте ішіне кіре алады.
4. MS Access объектілері :
Кесте – мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, бір тақырыпқа берілген нақты мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Форма – кесте мәліметтерін экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, форма мәліметті енгізу, көру және толықтыру үшін қолданылады.
Сұраныс (запрос) – керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Сұраныс беру арқылы берілген өрістерден немесе басқа кестеден алынатын өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады.
Басылым (отчет) – мәліметтердің керекті құрылымын баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі.