Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі



бет6/8
Дата07.02.2022
өлшемі355,5 Kb.
#92140
түріПрограмма
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Мәліметтер базасы

7. Мәліметтер типтері:

    • мәтіндік (текстовый);
    • сандық (числовой);
    • ақшалық (денежный);
    • санауыш (счетчик);
    • дата/уақыт (дата/время);
    • логикалық (TRUE немесе FALSE);
    • MEMO өрісі;
    • OLE объектісі өрісі (бұл өрістің мәні – МБ-ға енгізілген OLE объектісі; мұндай өріс мультимедиялық мәлімет сақтай алады)
    • Гиперсілтеме (Гиперссылка)
    • Алмастыру шеберлері (Мастер подстановок)
  • Мәтіндік өрістер Өріс аты енгізілгенде, келісім бойынша (по умолча-нию) MS Access мәліметке бірден мәтіндік тип тағайындап, өріс енін 50 символ сиятын етіп алады.
  • Өріс енін өзгерту үшін, «Өріс қасиеттері» бөліміндегі Өріс мөлшері жолына оның жаңа еніне сәйкес бүтін сан (1-ден 255-ке дейін) енгізу керек. Мыс., егер өріс ені 25 болса, онда бұл өріске ұзындығы 25 символдан аспайтын сөз тіркесін енгізуге болады. Төменде мәтіндік типі бар өрістерге енгізілетін сөз тіркестерінен мысалдар келтірліген:
  • Музыкальный центр
  • ЦКБ "ЦИКЛОН"
  • 123-34-78 (үй)
  • Дәулетұлы Серік
  • Сандық өрістер
  • Сандық мәндер енгізілетін өріс типтерін пайдалану ережелері мынадай:
  • 1. Сандық типтегі мәлімет енгізілісімен автоматты түрде ол тексеріледі. Егер мәлімет ішінде мәтіндік немесе арнайы символдар болса, MS Access қате болғанын хабарлайды және мәлімет енгізілмейді.
  • 2. Тек сандық өрістер мәліметтерімен математикалық операциялар орындалады.
  • Өріс мөлшері жолының қасиеттерін пайдаланып, сандық типтегі өрістер үшін мынадай типтер орнатуға болады:
  • Мәні
  • Сипаттамасы
  • Үтірден кейін-гі бөлшегі
  • Мөлшері
  • Байт
  • 0-ден 255-ке дейінгі сандар (бөлшексіз)
  • Болмайды
  • 1 байт
  • Бүтін
  • -32768-ден 32767-ге дейінгі сандар (бөлшексіз)
  • Болмайды
  • 2 байт
  • Ұзын бүтін
  • (Келісім бойынша алынған мән). 2147483648 бен 2147483647 -ге дейін-гі сандар (бөлшексіз)
  • Болмайды
  • 4 байт
  • Жылжымалы нүктелі (4 байт)
  • -3.402823*1038 ден 3.402823*1038 -ге дейінгі сандар
  • 7
  • 4 байт
  • Жылжымалы нүктелі (8 байт)
  • -1.79769313486232+10308 -ден 1.79769313486232*10308 -ге дейінгі сандар
  • 15
  • 8 байт
  • Репликация коды
  • Уникальды глобальдыидентификатор (GUID)
  • Анықталмаған
  • 16 байт
  •  Өріс мөлшерін тағайындаудан бұрын, онда қандай мәліметтер сақталатынын ойлау қажет. Ең тиімді мәнін таңдап алсақ, оларды сақтайтын орындарды да үнемдеуге болады.
  • Үтірден кейінгі ондық таңбалар санын көрсету үшін Число десятичных знаков өрісінің қасиеттерін пайдалану керек. Ол 0-ден 15-ке дейінгі мәндерді қабылдай алады. Осы өрістің Авто атрибуты үтірден кейінгі бөлшек таңбаларын автоматты түрде таңдап ала алады.
  • Ақшалық типтегі өрістер
  • Ақшалық өріс сандық өріске ұқсайды. Одан айырмасы - ақшалық өріс үшін Формат поля өрісі автоматты түрде Денежный мәнін қабылдайды. Ал Число десятичных знаков жолы үтірден кейін екі таңба қабылдайды, бірақ оны өзгертуге де болады. Ақшалық типтегі сандармен - бүтін сандар үшін 15 таңбамен, бөлшек үшін 4 таңбамен арифметикалық операциялар орындай беруге болады. Бұл өріс ені 8 байт болып тағайындалған.
  • Санауыш (счетчик) типіндегі өрістер
  • Санауыш типіндегі өрістер мәні автоматты түрде жаңа жазба енгізілген сайын бірге өзгеріп отыратын реттік нөмір болып табыла-ды. Олар қайталанбайды және өзгертілмейді, көбінесе кестелерді бір-бірімен байланыс-тыру үшін қажетті өріс болып табылады.
  • Дата/уақыт өрістері
  • Дата немесе уақыт, әйтпесе осы екеуі қатар енгізілетін өріс. Оның арнайы форматын алдын ала таңдап алу керек. Бұл өрістің ерекшеліктері:
  • 1. MS Access датаны енгізіп көрсетуді бірнеше форматта орындай алады. Оның нақты нұсқасы Кесте конструкторы-ның Формат поля қасиеттерінде көрсетіледі. Мәліметтерді сақтау кезінде бұлар автоматты түрде ішкі бейнелеу форматтарына айналып кетеді.
  • 2. Датаны енгізу кезінде MS Access оның форматын тексеріп, тек дұрыс форматтағы даталарды енгізеді.
  • Бұл өрісте кез келген дата мен уақыт 1 қаңтар 100 ж. бастап 31 желтоқсан 9999 ж. дейін енгізіле береді Бұлар сақталу кезінде 8 байт орын алады.
  • Логикалық өрістер
  • Логикалық өрістер (Yes No) - мүмкін екі мәннің бірін қабылдайды (ақиқат/жалған; иә/жоқ; қосылған/қосылмаған, ұл/қыз). Формат поля жолы арқылы логикалық өріс арнайы форматты немесе ішкі үш мәндердің бірін қабылдайды: Истина/Ложь, Да/Нет немесе Вкл/Выкл. Мұндағы Истина, Да және Вкл логикалық True мәніне, ал Ложь, Нет және Выкл мәндері логикалық False мәніне сәйкес келеді.
  • Егер ішкі формат таңдалып, сонан соң логикалық мәннің бірін енгізсек, енгізілген мән ішкі форматқа сәйкес өзгереді. Мыс., егер біз True (немесе Вкл) мәнін енгізсек, ал Формат поля жолында оның ішкі форматында Да/Нет көрсетілсе, онда енгізілген мән бірден Да мәніне ауысып кетеді.
  • Арнайы логикалық формат нүктелі үтірмен (;) бөлінген үш компонентке дейін мән қабылдай алады.
  • Ұзындығы айнымалы мәтіндік өріс
  • Ұзындығы айнымалы мәтіндік өріс (MEMO өрісі) жай мәтіндік өріс сияқты мәндер қабылдайды. Олардың айырмашылығы -MEMO өрісінің көлемі 255 символ емес, 65 535 символға дейін мәтін сақтай алады.
  • OLE объектісі өрісі
  • MS Access кестелеріне суреттер және де басқа екілік форматтағы мәліметтер (мыс., MS Excel электрондық кестесі, MS Word құжаты, графика, дыбыстық жазба) жазыла береді. Осындай мәліметтер үшін OLE объектісі өрісі қолданылады. Мұндай өріске енгізілетін мәлімет көлемі компью-тердің қатты диск көлеміне (1 Гигабайтқа дейін) ғана байланысты болады.
  • Гиперсілтеме өрістері
  • Мұндай тип әріптер мен цифрлардан тұратын гиперсілтеме адресін сақтайды. Гиперсілтеме адресі үш бөліктен тұра алады:
  • Оның сипаттамасы
  • Мәтін
  • Өріске немесе басқару элементіне шығарылатын мәтін
  • Адрес
  • Файлға (UNC форматында) немесе параққа баратын жол (URL адресі)
  • Қосымша адрес
  • Файл немесе парақ ішінде орналасуы
  •  
  • Әрбір бөлік 2048 символға дейін мөлшерде бола алады. Өріске гиперсілтеме адресін енгізу үшін, Вставка | Гиперссылка командасын орындау керек.
    • Өрнектердің операндалары (компонеттері) ретінде мыналар пайдаланыла алады: өріс аттары (олар тік жақшаға алынып жазылады); сандық литералдар; мәтіндік литералдар (қостырнақшаға алынып жазылады); функциялар.
    • Мысалы: [Цена]*[Количество]
    • [Номер]<=25 And [Номер]>=10
    • [Код]=2 Or [Код]=4 Or [Код]=6
    • 456.74
    • "Мир"
  • Алмастыру шебері мәліметтерінің типі
  • Бұл типті таңдағанда, тізім ішінен бір жолды таңдап алуға болатын Алмастыру шебері іске қосылады (мастер подстановок).
  • Бұл өрістің көлемі алмастыру үшін қолданы-латын түйінді өрістің (ключевое поле) көлемі-мен бірдей болады (әдетте, 4 байт).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет