Макрос МБ-ның нақты бір операциясын орындауды программалаусыз автоматтанды-рады.
Макрос МБ-ның нақты бір операциясын орындауды программалаусыз автоматтанды-рады.
Модуль МБ-ны баптау, түрлендіру және толықтыруға керекті Visual Basic тіліндегі программадан тұрады.
Кестелер, сұраныстар (запросы), формалар, басылымдар (отчеты), макростар және модульдер — жалпы файлдар базасында сақталатын тәуелсіз өзіндік объектілер.
5. Мәліметтер базасын жобалау кезеңдері
МБ кестелерін, формаларын және басылымдарын жасаудан бұрын олардың жобасын құрып алу керек. Жобаның басты қызметі – оны орындау барысында белгіленген жолдан ауытқымау қажет. Мәліметтер базасы — күрделі объект, оны жоспарлауға жұмсалған уақыт жалпы жұмыстың орындалуын тездетеді. Мәліметтер базасының құрылымы алдын ала жасалмаса, оның объектілерін жиі-жиі қайта құрастырып уақыт жіберуге тура келеді.
Мәліметтер базасын жобалауды оның нәтижесін алуға керекті объектілердің эскизін құрудан бастайды. Сонан соң объектілер арасындағы байланысты анықтап, сол байланыстарға қойылатын талаптарды да жазып шығу керек.