Тыныс алу жүйесі. Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелері едәуір өзгерістерге ұшырайды, олар ұрықты өттегімен қамтамасыз етеді. Жатыр көлемі үлкейген сайын, іш перде қуысының мүшелері жылжымайды(диафрагма экскурсиясы ұлғаяды), бұл өкпенің вентиляциясын қиындатады. Әйелдің тыныс алуы терең, жиі болады(10%).
Асқорыту жүйесі. Жүктілік кезінде әйелдің дәм сезімдері өзгеріп, тамақ талғайды (қышқыл тағамдарға әуес келеді). Жүктіліктің соңғы айларында асқазан жоғары көтеріліп, оың қызметі төмендейді. Сонымен қатар, ішектің де қызметі төмендейдеп, үлкен дәретке отыру сирейді, бұл жағдай вегетативті жүйкенің өзгерістеріне де байланысты.
Зәр шығару жүйесі. Бүйрек қан айналымы жүктіліктің І триместрінде ұлғаяды, содан жүктілік ағымында біртіндеп төмендейді (бұл бүйректің бейімделу реакциясы, жүктіліктің соңында басқа мүшелерді қосымша қанмен қамтамасыз етеді). Жүктілік кезінде бүйректің фильтрациялық қызметі өседі. Бүйрек қызметінің өзгеруі бірден тұз-су зат алмасуына әсер етеді; организмде жалпы сұйықтық көлемі өседі, жүктіліктің сңында сұйықтық мөлшері 7л-ге дейін көбейеді. Кейде ортостатикалық протеинурия байқалады(буйрек венасын жатырдың басып қалуына байланысты.)
Жүйке жүйесі. Жүктілік пайда болуымен, ананың ОЖЖ көп толқындар ағымы тусе бастайды, бұл ми қыртысында жергілікті жоғары қозу ошағының пайда болуына әсер етеді - гестациялық доминанта. Жүктіліктің физиологиялық ағымында вегетативті жүйке жүйесінің тонусы өзгереді, осыған орай жүкті әйкл ұйқышыл, ашуланшақ, шаршағыш келеді, кейде басы айналады. Бұл көбінде жүктіліктің тұнғыш айларында болады.
Эндокрин жүйесі. Жүктіліктің қалыпты дамуы жаңа ішкі секреция безінің – «жүктілік сары денесі» қызметіне байланысты. Сары денеде жыныс гормогдары (прогестерон және эстрогендер) өндіріледі, оның имплнатацияға және жүктіліктің дамуына әсері зор. ІІІ – ІV айлдан бастап сары дене кері дамып, оның қызметін түгел плацента алады, ол ана қанына гормондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарылады. Гипофиздің алдынғы бөлігі жүктілік кезінде 2-3 есе ұлғаяды және ФСГ және ЛГ гормондарының түзілуін басады, ал пролактиннің түзілуі артады. Сонымен қатар ТТГ қанда жүктілік барысында және босанар алдында көбейеді. Көп әйелдерде қалқанша безі көлемі өседі, қалқанща маңы безі қызметі төмендеп, кальцийдің зат алмасуы бұзылады. Жүктілік дамуында бүйрек үсті бездері глюкокортикоид гормондарының түзілуін арттырып, зат алмасу мен босану барысына үлкен әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |