Accoucher-босанудағы көмек



бет32/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Емдеу жолдары. Босанудың мұндай ауытқуы түрінде емдеу тәсілдері жатыр етінің ретпен жиырылуына және әйел ағзасын босандыруға дайындауға бағытталады.
1. Егер жатыр мойны ашылуға дайын болмаса, ретсіз толғақты «акушерлік демалыс» наркозын беру арқылы тоқтатады.
«Акушерлік демалыс» наркозының құрамы:

  • Натрий оксибутираты (50-60 мг /кг)

  • Промедол сұйықтығы (1%-2,0 мл).

  • Пипольфен (50 мг). Бұл құрамды әйелге тек дәрігер- анестезиолог береді.

2. Ал, егер, жатыр мойны жұмсарып, ашылуға дайын болса, ретсіз толғақты әрі қарай реттеу керек. Ол үшін димедрол, пипольфен, промедол, эстроген гормондарын қолданады.
3. Жатыр мойны пісіп-жетілген, бірақ қағанақ қуығы жазық болса, қағанақ суын мезгілінен бұрын жіберіп, толғақты қоздыру үшін окситоцин, простагландинді қолданады.
Әлсіз толғақ деп толғақ күшінің азайып, қысқарып сиреуін айтады. Осының салдарынан жатыр мойнының ашылу қабілеті төмендеп, нәрестенің босану жолдарымен жылжуы бәсеңдеп, босану мерзімі ұзарады. Бұл асқынудың жиілігі 10 % шамасында.
Әлсіз толғақ үш түрге бөлінеді:
1. Бірден басталған әлсіз толғақ.
2. Кейіннен басталған әлсіз толғақ.
3. Күшену толғағының әлсіздігі.
1. Бірден басталған әлсіз толғақ босану әрекетінің басынан басталып, соңына дейін созылады. Толғақ әлсіз, сирек, қысқа болады және күшею қарқыны болмайды.Толғақтың бұл түрі көбіне жасы 18-ге толмаған, 30-дан асып тұңғыш босанатын әйелдерде кездеседі, жасанды түсікті көп жасаған әйелдер арасында жиі болады.
2. Кейіннен басталған әлсіз толғақта толғақтың басталу күші, жиілігі, реттілігі ұзақ уақыт күшті болып, бірақ кейін күші азайып, ретсізденіп сирейді. Бұл толғақтың түрі көбіне көп босанған, жамбас қуысы тар, нәрестесі ірі не алып болғанда, нәресте жатырда дұрыс жатпаған жағдайда кездеседі.
3. Күшену толғағының әлсіздігінде толғақ босанудың ІІ кезеңінде сиреп, қысқарып әлсізденеді.
Әлсіз толғақты анықтау. Дәрігер толғақты бақылағанда, оның күшін, қайталануын және ұзақтығын анықтауы керек, себебі жатыр мойнының ашылу қабілеті толғақтың күш-қуатына тікелей байланысты.
Қалыпты физиологиялық босануда жатырдың мойны біртіндеп жұқаланып барып ашылады. Ашылу жылдамдығы тұңғыш босанған әйелдерде 1 сағатта 1 см, көп босанған әйелдерде 1 сағатта 2 см ашылады. Дәрігердің есінде болатын жағдай ­ бұл көрсетілген ұғымдар тек қана орта мөлшермен алынған. Әрбір әйелдің босану қабілетінің өзіне тән ерекшелігі болады, бірақ босану құбылысының әр түрлі өзгерістерімен кездескенде, бұл мөлшерді еске ұстап, бағдар ету қажет. Ал, егер, толғақ әлсіз, қысқа немесе сирек болса, жатыр мойнының ашылуы бәсеңдесе, жатыр еттерінің жиырылу қабілетін күшейтетін дәрілерді қолдана отырып, босану әдісін анықтау керек. Сонымен қатар, қынаптық зерттеу жасау қажет (әрбір 3-6 сағат сайын).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет