Accoucher-босанудағы көмек


Әлсіз толғақтың асқынулары



бет33/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Әлсіз толғақтың асқынулары. 1. Босану кезеңдері ұзаққа созылып, 16-20 сағатқа дейін ұзап кетеді, мұндай босануды ұзаққа созылған босану деп атайды. Ұзақ толғақ әрқашан фето- плацентралық байланысты, әсіресе, оның қан айналымын бұзады, оттегінің жетіспеушілігінен жатырдағы нәресте тұншыға бастайды.
2. Баланың қағанақ суы мерзімімен бұрын кетсе, жатырға инфекция тарай бастайды, осының салдарынан ана да, бала да қабыну ауруына шалдығады.
3. Баланың басы кіші жамбас қуысының жазықтарында ұзақ тұрып қалса, миына зақым келіп, қан құйылуы мүмкін. Сонымен қатар, ананың босану жолдары да зақымдалады.
4. Әлсіз толғақ кезінде операциялық тәсілдер жиі қолданылады (акушерлік қысқаш және кесар тілігі ).
5. Босану кезінде нәресте өлімінің көрсеткіші жоғары болады. Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдерде қанның кетуі артады.
Емдеу жолдары. 1. Жатыр бұлшық еттерінің қозу қабілетін күшейту үшін төмендегідей гормондар мен дәрумендер қолданылады: синестрол, фолликулин, эстрадион, «В» дәрумені және «С» топтары, хлорлы кальций, глюкоза.
2. Жатырдың жиырылғыштығын күшейтетін дәрілер: окситоцин, простогландин, простенон энзапрост, питуитрин. Окситоцинді босану тәжірибесінде өте жиі қолданады, оны көк тамырға тамшылатып құяды (1 мл окситоцинді 500 мл 5 %-тік глюкозаға қосады). Қолдану әдісі: ең алдымен 8-10 тамшыдан бастап, әрбір 5-10 минутта тамшының санын 5-тен көбейтіп отырады. Толғақ күшейген кезде тамшының санын азайтады, 35-40 тамшыдан артық құюға болмайды. Простагландинді, простеноидті де осы әдіспен қолданады.
3. Босанып жатқан әйел шаршап, әлсізденгенде «акушерлік демалыс» берген жөн. Ол үшін промедол, седуксен, димедролды көк етке жібереді немесе ГОМК 40 мл 20% глюкозаға қосып көк тамырға жібереді. Сонымен қатар, электроанальгезияны да қолданады. Акушерлік демалыстың ұзақтығы әр түрлі болады, ол 2-3 сағаттан аспауы керек.
4. Жатыр мойнының түйілуіне қарсы спазмолитиктер қолданылады.
5. Фето-плацентарлық байланыстың қан айналымын жақсарту үшін оттегі, глюкоза, сигетин, дәрумендер, реополиглюкин, кокарбоксилаза, АТФ сияқты дәрілерді кеңінен қолданады.
6. Толғақты қоздыру нәтижесіз болса (8-10 сағаттан асырмай), өз мезгілінде кесар тілігі арқылы ананы босандырып алу керек.
Тым күшті толғақта толғақ керісінше аса күшейіп, жиіленіп, ұзарады. Кейде толғақтар бірінің артынан бірі басталып, анаға демалыс бермей шаршатады, ал нәресте жатырда тұншығып өліп те кетуі мүмкін (жиілігі 0,8% шамасында).
Тым күшті толғақтың пайда болу себептері:
1. Көбіне жүйке жүйесінде ауруы бар, жеңіл мінезді, абыржығыш әйелдерде жиі кездеседі.
2. Босану жолдарында кедергі болса, жатырдың ісігі (төмен орналасқан), бала басының үлкендігі (гидроцефалия), ірі немесе алып бала, жамбас қуысының тарлығы.
3. Толғақты күшейтетін дәрілерді қолдану ережелерін бұзса. Тым күшті толғақ екі түрде кездеседі ­ шапшаң және қарқынды босануда.
Шапшаң босануда тұңғыш босанатын әйелдерде босану ұзақтығы 3-5 сағатқа, ал көп босанған әйелдерде 2-4 сағатқа созылады. Қарқынды босану да тұңғыш босанатын әйелдерде 1,5-2 сағатқа созылады.
Клиникалық белгілері: толғақ кездейсоқ, қарқынды басталады, жатыр мойны тез ашылып, қағанақ суы кетісімен, 1-2 рет күшенгеннен кейін әйел бірден тез босанады, көп кешікпей бала жолдасы бөлініп шығады.
Асқынулары. 1. Нәресте жатырда тұншығуы, босану кезінде зақымдануы, миға қан кетуі, жұлыны үзілуі мүмкін
2. Әйелдің босану жолдары жыртылып, шат сүйектерінің қосылған жері алшақтап, айырылып кетуі мүмкін.
3. Босану кезіндегі нәрестенің өлім көрсеткіштері жоғарылайды.
4. Қалыпты орналасқан плацента мезгілсіз жатыр қабырғасынан бөлінеді.
5. Үшінші және босанғаннан кейінгі кезеңдерде қанның кетуі артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет