Accoucher-босанудағы көмек



бет36/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Босану ерекшеліктері:
Босанудың I кезеңінде - қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсіздігі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.
Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасын толық қысып ұстай алмағандықтан, қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып қағанақ қуығының тез жарылуына өсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойыны түгел ашылмай тұрып), кіндік баудың, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсуі, босанудың асқынуына және нәресте гипоксиясына душар етеді. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезенде сақтаудың маңызы зор; ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жақка қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет ыдысына отырғызады. I кезеңде нөрестенің жүрек соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Нәресте гипоксиясының алдын алу үшін: оттегін, 40% - 20,0 мл глюкозаны + 1,0 мл сигетинді 3 сағат сайын және 1,0 мл АТФ, 100 мл кокарбоксилазаны, 0,01 гр метионинді, 0,02 гр фолий қышқылын, 400 мл реополиглюкинді қолданады.
Босанудың екінші кезеңін ұқыпты жүргізу қажет. Әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғуын және толғақтың қарқынын қадағалайды. Екінші кезеңнің басында толғақтың әлсізденуінің алдын алу үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылаып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшы жиілігін толғақтың қаркынына қарай қадағалайды). Нәресте бөксесі жыныс ернеуінен туылған кезде оның басы жамбас қуысына түседі, жатыр мойнының өзегі тарылып, нәресте басын қыспау үшін 2% - 2,0мл но-шпа немесе 2% - 4мл папаверин, 1мл атропин сұйықтығын бұлшық етке енгізеді.
Нәресте бөксесімен туылғанда босану жолдарының, нәрестенің жарақаттануы жиі кездеседі. 
Биомеханизм ерекшеліктері. Нәрестенің жамбаспен туылуының биомеханизмін бес кезеңге бөледі.
1. Бірінші кезең - жамбастың кіреберіс жазықтығына нәресте бөксесі, бөксеаралық сызығымен (linea intertrochanterica) сол не оң қиғаш өлшеміне сәйкес орнығады. Алдыңғы түрінде нәресте арқасы алға (шатқа) қарай; артқы түрінде артқа (сегізкөзге) және жатыр қабырғасының оң немесе сол жағына сол қиғаш өлшемінде, ал II позицияда - оң қиғаш өлшемінде өтеді. Осы қиғаш өлшемде нәресте бөксесімен жамбас қуысына жылжиды, алдыңғы жағына (қасағаға) бағытталған нәресте бөксесі - жетекші нүкте артқа (сегізкөзге) бағытгалған бөксемен салыстырғанда төмен орныққан.
2. Екінші кезең - нәресте бөксесі ішкі бұрылыс жасап, біртіндеп жылжып, жамбас қуысының түбіне түседі, бөксеаралық сызық жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді. Нәрестенің алдыңғы бөксесі қасағаға, артқы бөксесі сегізкөзге тіреледі.
3. Үшінші кезең - бірінші нәрестенің қасағаға бағытталған бөксесі туылады, оның мықын сүйегі қасаға доғасына тіреліп, бекіту нүктесін құрайды. Осы бекіту нүктесінің аймағында, нәресте тұлғасымен бір бүйіріне қарай қатты бүгіледі (жамбастың өткізгіш бағытына сәйкес). Нәресте тұлғасы бүгілген кезде, артқа (сегізкөзге) бағытгалған нәресте бөксесі туылып, содан кейін оның жамбасы түгел туылады. Осыдан кейін нәресте тұлғасы түгелімен түзеледі де, әйел бірнеше рет күшенгеннен кейін, ол кіндік түбіне; содан кейін жауырынның төменгі бұрышына дейін; арқасымен шамалы алға бұрылып туылады.
4. Төртінші кезең - нәресте иығының көлденең өлшемі жамбастың кіреберіс жазықтығының қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Ал жамбастың шығаберіс жазықтығында иықтың көлденең өлшемі оның тік өлшеміне сәйкес келеді. Бұл жағдайда алдыңғы иық қасағаның астына орнығады, артқы иық жамбас қуысынан шығады, нәрестенің екі қолы өзі туылады.
5. Бесінші кезең - нәресте басы бүгілген күйінде жамбастың қиғаш өлшемінен (нәресте бөксесі және иығы өткен өлшеміне қарама-қарсы) өтеді. Жамбас қуысында нәресте басы ішкі бұрылыс жасап, желкесімен қасағаға, бетімен сегізкөзге қарай бұрылады. Сөйтіп, шүйде ойығы қасаға доғасына тіреледі (бекіту нүктесі), жыныс ернеуінен алдымен иек, сосын бет, маңдай, самай және желке көріне бастайды. Сонымен нәресте жамбаспен жатқан кезде, оның басы жамбас қуысынан кіші қиғаш өлшемінің айналымы арқылы өтеді, бастың пішіні еш өзгермейді. Нәресте аяқтарымен жатқанда, биомеханизм ерекшеліктері оның жамбаспен жатқанындай.
Айырмашылығы: жыныс ернеуінен бірінші бір немесе екі аяғы көрінеді. Шатқа бағытталған аяғы, алдыңғы аяқ, аяқ тізеге дейін туылғанда, нәресте бөксесі жамбас қуысына түседі. Ары қарай босану ағымы нәресте жамбаспен жатқандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет