Accoucher-босанудағы көмек



бет37/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Асқынулары:
1. Нәресте қолдарының орынсыз көтерілуі (қолдары желкеге, құлақ тұсына, бетке көтеріледі).
2. Қағанақ суының мезгілсіз кетуі.
3. Босанудың ауытқуы.
4. Кіндік баудың және майда мүшелердің қынапқа түсуі
5. Жатыр мойын өзегінің тарылып, нәресте тұлғасын немесе оның мойнын қысып қалуы.
6. Нәресте басының шалқаюы.
Цовьянов әдісі. Нәресте мүшелерінің қалыпты жағдайда сақталуына негізделген және келесі асқынулардан - бастың шалқаюынан, қолдың орынсыз көтеріліп бүгілуінен алдын ала сақтандырады. Нәресте мүшелерін қалыпты жағдайда сақтау үшін, босану кезеңінде оның аяқтарын дене тұлғасына жақындатып басып ұстау қажет.
Цовьянов әдісінің техникасы (нәресте бөксесімен орныққанда).
Нәресте бөксесімен түгел туылғаннан кейін, екі қолдың бас бармағы тұлғасында созылып жатқан нәрестенің аяқтарына, ал қалған төрт саусақты сегізкөздің үстіне қояды. Қолдың осылай орнығуы нәресте аяқтарының күні бұрын түсіп және денесінің төмен салбырауынан сақтандырады. Туылып келе жатқан нәресте тұлғасын жамбастың өткізгіш бағытына сәйкестендіріп жоғары көтереді. Кеудесі туылған сайын акушер қолдарын жыныс ернеулеріне қарай жылжытып, бас бармақпен аяқтарын ұстап, қалған төрт саусақтарын нәрестенің арқасына біртіндеп жылжытады. Нәрестенің иық белдеуі туылғанша, оның аяқтарын ұстап тұрған жөн. Иық белдеуі туылғаннан кейін нәрестенің қолдары бірден туылады. Егер нәресте қолдары өз бетімен туылмаса, иық белдеуін жамбастың тік өлшеміне сөйкестеңдіріп, нәресте тұлғасын төмен және жоғары көтереді. Осыдан кейін нәресгенің иегі мен бет бөлігі туылады. Егер толғақ қатты болса, нәрестенің басы өз бетінше туылады, бұл жағдайда нәресте кеудесін жоғары бағыттау керек. Егер нәресте қолдары, басы өз бетінше туылмаса, қолмен жәрдем беру және Морисо-Левре әдістемелерін қолданады.
Цовьянов әдісі – нәресте аяқпен орныққанда.
Нәресте жамбас қуысында аяқпен жатқан кезде босану ағысы жиі асқынады. Бұның негізгі себебі - жамбас қуысындағы нәресте аяқтары, нәрестенің иық тұлғасы (басы кедергісіз өтетіңдей босану жолдарын кеңейте алмайды осының салдарынан нәрестенің қолдары жоғары көтеріліп бүгіледі де, басы шалқайып жатыр мойны қысып қалуы мүмкін. Сондықтан босану ағысы асқынбау үшін, жатыр мойны түгел ашылғанға дейін, нәресте аяқтары қынап көлемінде жату керек (Цовьянов әдісі). Қынаптық зертгеу арқылы нәрестенің аяқтарын анықтап, жатыр мойны толық ашылғанша, сыртқы жыныс мүшелерін салфетка арқылы алақанымен түгел жауып тұрады. Жатыр мойны толық ашылған кезде, алақан астынан нәресте аяқтары тепкілеп, өздері шыға бастайды және нәресте бөксесі де анықталады (толық түрі) пайда болады, босануы нәрестенің бөксесімен босанғанындай.
Қынаптан шыққан екі немесе бір аяқты екі қолмен бірдей ұстап, үлкен бармақты балтырдың алдыңғы жағына қойып, төмен қарай тартады. Аяқтары төмен түскен сайын, қолыг жыныс ернеулеріне қарай жылжытады. Алдымен алдыңғы жақтағы бөксе жыныс ернеуінен шығады, содан кейін артқы бөксесі туылады. Бірден үлкен бармақты сегізкөзге қойып, қалған саусақтарды нәресте ішінің төменгі жағына орналастырады, сөйтіп жайлап төмен қарай тартады - нәресте арқасымен алға қарап, кіндік, иық белдеуіне дейін туылады, одан соң қолдары, басы шығады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет