Жатыр жыртылуы - оның қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы. Жиілігі, жалпы босану санынан 0,015-0,1% аралығында кездеседі.
Этиология:
q асқынған акушерлік анамнез орын алғанда,
q босану қызметінің қасарған /қайтпайтын әлсіздігінде немесе
q бұрын жатырда болған операциялардан кейін байқалады,
q бұл жағдай барлық жатыр жыртылуының 17 ден 60%-н құрайды.
Классификациясы (по Л.С. Персианинову):
I. Болған мерзімі бойынша.
1. Жүктілік кезінде жыртылу.
2. Босану кезінде жыртылу.
II. Патогенетикалық белгі бойынша.
1. Жатырдың өздігінен жыртылуы:
а) механикалық (қалыпты жатыр қабырғасы және босануға механикалық кедергілер орын алғанда);
б) гистопатиялық (жатыр қабырғасының патологиялық өзгерістерінде);
в) механикалы-гистопатиялық (жатыр қабырғасының өзгерулері мен механикалық кедергілер қатар орын алғанда).
III. Клиникалық ағымы бойынша.
1. Жыртылу қаупі.
2. Басталған жыртылу.
3. Болған/Іске асқан жыртылу.
IV. Жарақат түрі бойынша.
1. Жарық (сызат).
2. Жартылай жыртылу (іш қуысына өтпеген).
3. Толық жыртылу (іш қуысына өткен).
Классификация (по Л.С. Персианинову ). (3)
V. Орналасуы бойынша.
1. Жатыр түбінің жыртылуы.
2. Жатыр денесінің жыртылуы.
3. Төменгі сегменттің жыртылуы.
4. Жатырдың күмбезден жұлынуы.
Диагностика:
1. Жыртылу қаупі - төменгі сегменттің барынша созылуы, оның қысымы және ауырсынуы, контракциялық сақинаның жоғары деңгейде болуы, қарқынды босану қызметі, жатыр мойны және сыртқы жыныс мүшелерінің ісінуі.
2. Басталған жыртылу - жаңа белгілердің қабаттасуы: толғақ өте ауырмалы, тырыспалы түрде, жыныс жолдарынан қан кету, қасаға үстінің ісінуі, зәрде қанның пайда болуы, жүрек соғысы әлсіз, ұрықтың екпінді қозғалуы.
3. Болған/Іске асқан жыртылу - өте қатты кесіп ауыру (жыртылу сәтіне тән). Босану қызметі тоқтайды. Босанушы әйел: апатиялы, тері қабатының бозарып, ағаруы, тахикардия, салқын тер, жүрек айну, құсу, ықылық ату, метеоризмнің жедел күшеюі (ішек атониясына байланысты), қынаптан қан кету. Ұрық шетінейді. Ұрықтың іш қуысына өтуінде іш дұрыс емес пішінді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |