Accoucher-босанудағы көмек



бет34/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Емдеу жолдары:
1Босанатын әйелді қырынанжатқызып тез әсер ететін наркоз беру керек. Промедол, седуксен, баралгин сияқты дәрі-дәрмектерді қолдануға болады.
2. Егер толғақты қоздыру дәрілері қолданылып жатса, оны тоқтату қажет.
3. Егер толғақ реттелсе, жатыр мойнын жұмсартып, ашылуына әсер ететін но-шпа, платифилин, баралгинді қолдануға болады.
4. Ал егер қолданған ем нәтижелі болмаса, нәрестенің өмірін сақтап қалу үшін кесар тілігі арқылы ананы босандырады.
Ретсіз толғақ. Қалыпты жағдайда жатыр толғақ кезінде өзініңретімен (координациясымен) жиырылады. Жатырдың жиырылғыш толқындары ең алдымен оның оң не сол бұрыштарынан басталып, түбіне қарай көшеді, содан соң денесіне тарайды, ең соңында төменгі бөлігіне (сегментіне) келіп тарайды.
Кейде көптеген себептерден бұл реттілік бұзылып, жатырдың жиырылғыш толқындары ретсіз, қалай болса солай болады, оның кез келген бөліктерінен басталып, тарай береді. Толқын жатырдың бұрыштарынан емес, денесінен, түбінен, төменгі сегментінен басталуы мүмкін, мұндай босанудың ауытқуын (дискоординациялық) дейді.
Себептері. Жоғарыда әлсіз күшті толғақтардағы айтылған себептер ретсіз толғаққа да себепкер болады.
Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы.
Нәрестенің ұзынша білігі жатырдың ұзынша білігімен тік бұрыш жасауын ұрықтың көлденең орналасуы деп атайды. Нәрестенің ұзынша білігі мен жатырдың ұзынша білігі бір-бірімен үшкір бұрыш жасауын ұрықтың қиғаш орналасуы деп атайды.
Қиғаш орналасуда ұрық білігі мен жатырдың білігі өткір бұрышта жанасады. Нәрестенің позициясы деп оның арқасының жатырдың оң және сол жағына қатынасын айтады. Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы да нәрестенің басының орналасуымен анықталады: егер нәрестенің басы солға қараса – ол бірінші айқындама, егер нәрестенің басы оңға қараса – ол екінші айқындама. Айқындама нәрестенің арқасының орналасуымен анықталады. Айқындаманың алдыңғы және артқы түрлері бар. Егер нәрестенің арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасына қарап орналасса ­ алдыңғы, артқы қабырғасына қарап орналасса артқы түрі дейді.
Нәрестенің көлденең және қиғаш орналасуы дұрыс емес болып аталуы мына жағдайға байланысты ­нәрестенің білігі жатырдың және жамбастың білігіне сәйкес келмегенде, әйел өз бетінше босана алмайды, оған міндетті түрде медициналық көмек бетінше керек, өйтпеген жағдайда ана мен нәресте өміріне қауіп төнеді.
1. Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуының пайда болуы көп жағдаймен байланысты. Осындай жағдайларға мыналар жатады: судың көп болуы, көп ұрықты жүктілік.
2. Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуы тар жамбаста, бала жолдасының жатуы жатырдың төменгі сегментінде орналасқан жағдайда болғанда және басқа нәресте басының жатырдың төменгі сегментіне түсуіне кедергі болатын жағдайларда қалыптасады.
3. Жатырдың дұрыс емес формасы, мысалы, ер-тоқым іспеттес жатыр да ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуының себебі болады.
Көп жағдайда ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуын диагностикалау қиынға соқпайды. Жалпы қарағанда, жатыр пішіні назар аударады ­ ол сопақ емес, көлденең не қиғаш созылыңқы болып келеді. Сипап байқау кезінде ұрықтың басы мен жамбас бөліктері бүйірлерде орналасқаны, жамбастың кіреберісінде жатқан бөліктің жоқтығы анықталады. Ұрықтың жүрек қағысы басы орналасқан жағындағы кіндік тұсында жақсы естілетін болады.
Жүктілік кезінде және босанудың басындағы қынаптық зерттеу нәрестенің көлденең (қиғаш) орналасқаны туралы нақты мәлімет бермейді. Сондықтан, ұрықтың көлденең орналасуын диагностикалау қиындыққа соққан жағдайда рентгенография әдісін қолданады. Босану кезінде ұрық қабығы жарылғаннан кейін нәрестенің көлденең (қиғаш) орналасқанын қынаптық зерттеу арқылы тексеру ең негізгі әдіс болып саналады. Жатыр мойны арқылы ұрықтың иығын, қабырғаларын, бұғанасын (артқы түрінде) немесе жауырынын, омыртқаның өсінділерін (алдыңғы түрінде) сипап сезуге болады.
Ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасуындағы босану ағымы патологиялық болады. Сирек жағдайда ұрық босану алдында көлденең не қиғаш орналасуынан өз бетімен ұзынша орналасуына ауысады. Әдетте, босану кезінде ұрықтың көлденең (қиғаш) орналасу сақталады, осыған байланысты ана мен ұрыққа қауіпті асқынулар пайда болады.
Су кеткеннен кейін жатыр жиырылып, ұрықты қаптап алады да, нәресте қозғалыссыз қалады; соның салдарынан плаценталық қан айналым бұзылып, асфиксия туындауы мүмкін.
Босану күшінің әсерінен көлденең (қиғаш) орналасқан нәресте жатырдың тым созылған төменгі сегментіне түседі; нәрестенің омыртқасы, әсіресе, мойын бөлігінде қатты майысады, иығы жамбасқа тіреліп, қынапқа түскен қолы ісініп, көгере бастайды.
Нәрестенің қозғалыссыз болуы, иықтың жамбасқа кірігуі, төмен түскен қолының ісініп, көгеруі көлденең орналасудың асқынған белгісі болып табылады.
Ұрықтың жамбасымен орналасуы.
Нересте жамбаспен жаткан кезде босану барысы көбінесе нәресте асфиксиясымен, жаракаттануымен, шетінеумен аскынады. Кейде босану калыпты жағдайда өтуі мумкін. Көп жағдайда кесар тілігін және қолмен көмектесу – Цовьянов әдістерін қолданады. Сондықтан нәрестенің жамбаспен туылуын калыпты және патологиялық, босану аралығындағы шекара деп есептейді.
Жүктілер арасында нәрестенің жамбаспен жату жиілігі 2-3,5%, кейбір авторлардың мәліметі бойынша 2,7-5,4 % аралығында.
Жіктелуі:
1. Бөксемен (бүгілген);
2. Аяқпен (жазылған).
Нәрестенің жамбаспен жатуының екі түрі бар: жартылай түрі (тек бексемен); толық түрі (нәрестенің бөксесі аяктарымен бірге жатады).
1. Жартылай түрінде - жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек бөксесі орналасады, екі аяғы тұла бойында созылып жатады.
2. Толық, түрінде - жамбастың кіреберіс жазықтығында, нәрестенің бөксесі аяқтармен бірге орнығады.
Нәресте аяқпен жатқанда жамбас қуысында нәрестенің аяқтары анықталады. Бұның екі түрін ажыратады (толық және жартылай):
1) Толық түрінде жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас сан тізе буындарында сәл жазылып жатады;
2) Жартылай түрінде жамбас куысында нәрестенің тек бір аяғы жамбас сан тізе буындарында бүгіліп, екінші аяғы тұла бойында созылып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет