Accoucher-босанудағы көмек


Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер



бет38/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Нәресте жамбаспен жатқанда кесар тілігіне көрсеткіштер
1. Асқынған акушерлік анамнез (бедеулік, нәрестенің жарақаттануы т.б.), жатыр миомасы, тар жамбас, гестоз, ұзаққа созылған жүктілік нәрестенің жамбаспен жатуымен бірлесіп келгенде.
2. Жатыр тыртығы.
3. Ірі нәресте.
4. Кіндік бауының төмен орналасуы.
5. Плацентаның төмен орналасуы.
6. Жүктілік гестозының ауыр түрлері.
Тар жамбас. 
Жамбас сүйектерінің аномалияларына тар жамбас жатады. Акселерация процесіне байланысты халықтың салмақ-бойлық көрсеткіштерінің ұлғаюына байланысты, тар жамбас аралас формаларының және жаңа туған балалардың массасының ұлғаюына байланысты өзектілігін жоғалтпады.
Себептері: Инфантилизм; Мешел; Сүйек,буын туберкулезі; Жамбас сүйегінің сынуы; Жамбас сүйегінің ісігі; Жамбас-бел буынының ауруы немесе шығуы; Жамбастың туа пайда болған ақаулары; Омыртқа деформациясы (кифоз, сколиоз, құйымшақ деформациясы)
Тар жамбастың жіктелісі:анатомиялық және клиникалық тар жамбас.
Анатомиялық тар жамбас (1,04-7,7%):

  1. Жамбастың барлық өлшемдері немесе бір өлшемінің қалыптымен салыстырғанда 1,5-2 см- ден аз қысқаруы.

  2. Жамбастың тарылуының негізгі көрсеткіші - шынайы конъюгата, егер ол 11 см-ден кіші болса, онда тар жамбас болып саналады.

  3. Анатомиялық тар жамбас диагнозы жамбасты өлшеу арқылы қойылады.

Клиникалық тар жамбас (1,3-1,7%):

  1. Босанушы әйел жамбасы мен нәресте басының арасындагы сәйкессіздіктің барлық түрін жатқызу керек.

  2. Клиникалық тар жамбастың дамуына әкелетін факторлар көбейді (себептері: ірі нәресте, бұл акселерация нәтижиесі болып есептеледі).

  3. Клиникалық тар жамбас диагнозы туу барысында босану қарқынымен, нәресте басының жылжуын анықтау нәтижесінде койылады.

 Анатомиялық тар жамбастың жіктелуі:
I – шынайы конъюгата (Conjugata vera) 11-см ден аз немесе 9-см ден көп.
II – шынайы конъюгата 9-см ден аз немесе 7,5-см ден көп.
III– шынайы конъюгата 7,5-см ден аз немесе 6,5-см ден көп.
IV– шынайы конъюгата 6,5-см ден аз.
Анатомиялық тар жамбастың формасы және тарылу деңгейіне байланысты классификациясы: Тар жамбастың жиі кездесетін түрі; Тар жамбастың сирек кездесетін түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет