Accoucher-босанудағы көмек


Босану әрекеттерінің ауытқуы



бет31/39
Дата11.10.2022
өлшемі396,81 Kb.
#152605
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39
Байланысты:
Accoucher-áîñàíóäà?û ê?ìåê

Босану әрекеттерінің ауытқуы деп жатыр көкеттерінің жиырылу қабілеттерінің бұзылып, өзгеруін айтады. Жатырдың жиырылу қабілеттері төмендеп, әлсіреуі немесе күшейіп, жиіленіп ұзаққа созылуы не болмаса өзінің дұрыс реттілігінен айырылып, ретсіз болуы мүмкін.
Босану әрекеттерінің ауытқуы төрт түрге жіктеледі:
1. Патологиялық прелиминарлық кезең;
2. Әлсіз толғақ;
3. Күшті толғақ;
4. Ретсіз толғақ.
Негізгі себептері: ағзаның жоғарғы жүйке, нейрогуморалдық, гипоталамус-гипофиз жүйелері мен жыныс мүшелері пісіп-жетілгенде және орталық жүйке жүйесінде «босану доминанты» қалыптасқанда ғана әйел дұрыс босана алады. Осы айтылған «босану доминанты» пісіп-жетілмесе, ойдағыдай қалыптаспаса, босану әрекеттері өзінің физиологиялық дұрыс жолынан асқынып, бұзылады. «Босану доминантының» дұрыс қалыптаспауына әсер ететін жағдайлар:
Ø Қыз баланың жас кезінде жыныс мүшелері мен жүйелерінің дұрыс қалыптаспауы, етеккірінің кеш басталуы және ауырып келуі;
Ø Көп түсік тастаған, көп туған, ағзалары қабынған, көп жылдар бойы бедеу болған, түрлі операция жасатқан әйелдер, т.б.;
Ø Жүйке жүйесінің (абыржу, ренжу, қайғыру салдарынан) бұзылуы, тозуы;
Ø Гормоналдық әр түрлі бұзылыстар, әсіресе, зиянды семіру;
Ø Жүктіліктің асқынуы (гестоз, қан аздық, ұзаққа созылған жүктілік, баланың ірілігі, қағанақ суының көптігі, егіз жүктілік);
Ø Жатырдың және жатыр мойнының аурулары;
Ø Тұңғыш босанған, жасы 18-ге толмаған, 30-дан асқан әйелдер;
Ø Жыныс мүшелерінен тыс жүрек, бауыр, өкпе, бүйректері ауыратын әйелдер;
Ø Дәрі-дәрмектерді орынсыз қолдану.
Қазіргі кезде акушерлік салада босану әрекеттерінің жаңа түсінігі енгізілді – ол босануға дайындық және прелиминарлық кезеңдер. Осыған байланысты босану ауытқуының жаңа түрі ­ патологиялық прелиминарлық кезеңі енгізіледі.
Босануға дайындық кезең ­ жүктіліктің қорытынды кезеңі (37 аптадан босанудың бастапқы кезеңіне дейін). Бұл кезеңде «босану доминанты» қалыптасады, қандағы гормондардың мөлшері, аралық қатынасы өзгереді, жатырдың «төменгі сегменті» қалыптасып, жатыр мойны пісіп-жетіледі, нәрестенің басы жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына тіреліп, жатырдың жиырылу қабілеті артады, жыныс жолдарынан «шырышты зат» ағады, жатырдың түбі төмендейді. Ал, прелиминарлық кезең босануға дайындық кезеңінің соңғы сатысы, жүйелі босану толғағының алдындағы кезеңі.
Прелиминарлық кезең физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді.
Физиологиялық прелиминарлық кезеңде жатыр бұлшық еттерінің қозу қабілеті күшейіп, әлсін-әлсін жиырылып, жүйесіз, ретсіз толғақ басталады. Нәрестенің басы төмендейді, жатырдың мойны жұмсарып, аузындағы шырышты зат сұйылып, аға бастайды. Жүйесіз толғақтар аз (30-45 мин) болады. Әйелдің мазасын алмайды, ол оны онша байқамайды да, ұйқысы бұзылмайды, шаршамайды. Бұл толғақты бұрын «алдамшы», «өтірік» толғақ деп те атаған. Физиологиялық прелиминарлық кезеңнің ұзақтыгы 4-6 сағат. Содан кейін жүкті әйелдің жүйелі босану толғақтары басталады.
Патологиялық прелиминарлық кезеңде жүйесіз, ретсіз толғақ ұзаққа, 6 сағаттан 1 тәулікке дейін созылады. Жүкті әйелдің әлсін-әлсін белі, ішінің төменгі жағы ауырып, мазасызданып, шаршайды, ұйқысы бұзылады. Нәрестенің басы төмен жылжымайды, жатыр мойны ашылмайды, шырышты тығын сұйылмайды. Бұл кезең көбіне босану әрекеттерінің ауытқуының бір түрі деп есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет