Адам іс әрекетіндегі ойлау мен сөйлеудің өзара қатынасы


І.1. Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы тусінік



бет2/2
Дата03.07.2024
өлшемі31,82 Kb.
#203526
1   2
Байланысты:
Б тапсырма

І.1. Ойлау мен сөйлеу туралы жалпы тусінік
Адам өзіне қоршаған ортадан келіп түскен ақпарат арқылы тек сыртқы дүние көріністерін нақтылап қоймастан, қабылданған заттың ішкі, мағыналық тараптарына да назар аударады, заттардың өздері жоқ болса да, олардың тұрқы мен қасиеттерін жобалап таниды, уақыт пен кеңістікке орай болмыс өзгерістерін болжастырады, ұшқыр ой қанатын ерттеп, әлем мен мәңгілікте шарықтайды. Мұның бәрі де ойлау процесіне байланысты адамзат мүмкіндігі. Жантану ғылымында ойлау - бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі.
Мысалы, айна сыртында ілулі тұрған термометрге қарап, күннің суықтығын байқаймыз. Адамның дүниетану процесі нақты қарапайым пайымдаудан бірте – бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады. Адам тек түйсік пен қабылдау арқылы дүниені толық тани алмайды. өйткені мұндайда заттар мен болмыстардың нақты мазмұнынан аспай олардың бір - бірімен қатынасын, байланысын біле алмайтын болады. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойға көшу керек. Адамның ойы ақиқаттықты тануға болмыстың өзара байланыстарын, қарым – қатынастарын ашуға бағытталған. Дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке дара ұшырамайды, олар бір – бірімен тығыз қарым – қатынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы байланыс, қарым – қатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді.
Егер адамның қабылдауы дүниедегі жеке – жеке нақты заттарды ғана қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасындағы қатынас, байланыстарды танып білуі керек. Сөйтіп ойлау деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатынастармен сәулелендіретін психикалық процесті айтады. Ойлау біткеннің барлығы дұрыс бола бермейді, кейде адамның ойы айналасындағы дүнені сәулелендіруде қателесіп отырады. Ақиқаттық дүниені объективтік түрде дұрыс сәулелендіретін ой ғана дұрыс болып шығады. Ондай ойды диалектикалық ой деп атайды. Диалектикалық ой – ойлаудың ең жоғарғы формасы. Адам ойының қандай категориясын, қандай операциясын алсақ та, түбінде олар объективтік дүниемен байланысып отырады, не болмаса сол дүниені қайта құруға, өңдеуге жұмсалады.
Диалектикалық ой дүниедегі заттарды, құбылыстарды жеке – жеке алмай, оларды барлық байланыстармен жан – жақтап, жалпылап танып отырады. Диалектикалық ой дүниедегі заттарды, болмыстарды бір орында тұратын деп санамайды, дүниедегі құбылыстарды дамуы мен өздігінен болатын қимылдармен бірге алып қарайды. Дүниедегі даму бір қалыпта, біркелкі жайбарақат эволюциялық жолмен ғана дамып отырмайды, даму жолында біртұтас заттың да ішкі күресі болады. Дамуда сандық белгілері жиналып, бара – бара жаңа сапаларға көшеді, ескі жойылады, оның орнына жаңа сапалар пайда болады. Диалектикалық ой дамудың осындай ерекшеліктерін сәулелендіріп отырады. Диалектикалық ой жай дүниені жай сәулелендірумен тынбайды, сонымен бірге сол дүниені өзгертуге, қайта жасауға әрекет етіп отырады. Міне, осылар болғанда ғана, диалектикалық ой болып табылады. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Ойлау - өзіндік ішкі қарама – қарсы қайшылықтарға толы процесс болып табылады. Бұл оның дамуының және іске асуының күтері деп есептелінеді. Заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды ашу – ойлаудың басты міндеті, осыдан – ақ ойлаудың болмысты тереңдей тануға бағытталған ерекше сипаты көрінеді. Ойлау қатынастар мен байланыстарды ғана емес, сонымен бірге қасиеттер мен мәнді белгілейді; бірақ қатынастар тек ойлаумен ғана көрініп қоймайды. Қабылдауда заттар мен құбылыстардың қасиеттері біздің санамызға жеке – дара кейде мәнсіз, кездейсоқ белгілермен келіп түсуі мүмкін. Осыдан, ойлаудың міндеті кездейсоқ сәйкестіктерден ажыратып, нақты заңдылықтарға негізделген мәнді, қажетті байланыстарды танып, аша білу. Қажетті әрі мәнді байланыстарды аша отырып, назарға алғандардан кездейсоқтарын бөлмей ойлау жалқыдан жалпыға өтеді. Кеңістік пен уақыт аймағында шектелген, жеке – дара жағдайлардың кездейсоқ тоғысынан құралған байланыстар жалқылық сипатқа ие болады, ал әрқандай мән кездейсоқ жағдайлардың өзгерісіне қарамастан жалпы сипатқа ие, ойлаудың қызметі осы мәнді байланыстарды ашумен, оларды қорытындылып, жалпыластыру; ойлау, осыдан, жалқыдан жалпыға, жалпыдан жалқыға бағытталған байланыстарды тану жолындағы психикалық әрекет желісі. Сондықтан да ойлау жанама байланыстар мен қатынастарға негізделген объектив шындықтың қорытындысы.ойлаудың танымның тікелей – сезімдік формаларынан – түйсік пен қабылдаудан айырмашылығы – оның негізгі бірлігі – түсініктің анықтамасында ашылады.
Біріншіден, түсінікте заттардың нақты қасиеттері емес және тіпті түтас заттардың өзі де емес (қабылдау образындай), заттардың қорытынды түсінік болып табылатын қандай да бір белгілері, ұқсастықтары бойынша нақты топтары белгіленеді.
Екіншіден, бұл белгі тіпті жүйелі тікелей бақылаудан ғана көрініс таппайды, ол адамның практикалық және теориялық құралдарды талап ететін таным объектісімен белсенді қарым – қатынасында көрінуі мүмкін. Үшіншіден, адамның осындай әрекеттестігінде заттармен арадағы қарым – қатынас және ұғымның (түсініктің) мазмұны болып табылатын, олардың мәнді қасиеттері ашылады. Адам ойлауының шынайы заңдары әлеуметтануда, биологияда, медицинада және кибернетикада зерттеледі және модельденеді. Ал психология нақты адамның ойлау қабілетін оның шынайы өмірінде және іс - әрекетінде зерттейді.
Ойлау психологиясының объектісі – интеллектісі оның мотивтерінен, эмоцияларынан, бағдарларынан, жалпы оның жеке – дара дамуынан бөлінбейтін шынайы адам болып табылады. Ойлау феноменологиясының әртүрлілігі әр қилы психологиялық анықтамаларды талап етеді. Осы феноменологияны тұтастай сипаттауға талпынуды психология ойлау анықтамасын кең мағынасында қолданады: бұл субъектінің қоршаған табиғи және әлеуметтік дүниеде толықтай бағдарлануы үшін қажет белсенді танымдық іс - әрекеті. Анағұрлым арнайы зерттеу міндеттерін шешуде, жоғары танымдық процестердің нақты психологиялық механизмдерін зерттеуде ойлауды – тар мағынада – тапсырманы шешу процесі ретінде айқындайды.
Ойлау – жаңа ой репрезентациясы қалыптасатын процесс; ол міндеттерді шешу және қиялдау, пайымдау, дерексіздену, пікір айту тәрізді ой атрибуттарының күрделі өзара әрекетінде қол жеткізілген ақпараттарды қайта жасау жолымен жасалады. Ойлау – ақыл – ой процесінен үш құрамдас бөлігінен құралған айтарлықтай мазмұнда элемент және ерекшелігінен гөрі бәрін қамти алатындығымен сипатталады.
Әдетте, ойлау үш негізгі кезеңмен сипатталады:
1. Ойлау когнитивті болып табылады, яғни іштей ақыл ойда өтеді, алайда оны мінез – құлық бойынша бағалайды. Шахмат ойнаушы жүріс жасағанда өзінің ойлауын көрсетеді.
2. Ойлау – ол процесс, онда когнитивті жүйеде білімдермен кейбір айлалы әрекет жасалады. Өзінің жүрісін ойластыра отырып, шахмат ойнаушы сол сәтте өтіп жатқан ақпараттармен бұрынғы есіндегілерді біріктіреді және жағдай жайлы өз білімін өзгертеді.
3. Ойлау бағытталған сипатқа ие, оның нәтижелері кейбір мәселелерді шешетін немесе оның шешілуіне бағытталған мінез – құлықта көрінеді. Шахматшының ойындағы әрбір келесі жүрісі жеңіске жетуге бағытталған. Барлық әрекет сәтті болмайды, бірақ та ойыншының ойында олардың барлығы шешуге бағытталған. Бір нәрсе туралы ойлағанда біз әрқашан да ұғымға сүйенеміз. Ұғым дегеніміз – зат немесе құбылыстың жалпы, сондай – ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. Ұғым – заттың бейнесі елестен ерекше. Мысалы, өзіміз тұратын үй жөніндегі түсінігімізде біз нақ сол үйді барлық ерекшеліктерімен (жаңа, қызыл кірпіштен, бес қабат) ойға келтіреміз.
Ал: үй адамның баспанасы деп ойлайтын болсақ, біз белгілі бір үйді айтпай, кез – келген үй, баспана жөнінде қорытылған ұғымды пайдаланамыз. Сондықтан ұғым елестен гөрі кеңірек келеді. Көрнекі бейнеде көз алдымызға елестете алмайтындарымызды ұғым жәрдемімен өрнектейміз. Мысалы, біз мың бұрышы бар геометриялық фигураны ойша көре алмаймыз, бірақ мың бұрыш деген ұғым бар, біз практикада мұндай фигураның болуы мүмкін екендігін мойындаймыз. Ұғымды сөзбен жеткізуге болады. Бірақ, ұғым мен сөз екеуі теңдес емес: 1. бір ұғымның өзін түрліше сөздермен айтуға болады. (самолет, аэроплан) 2. бір сөздің өзі кейде әр түрлі ұғымдарды білдіреді: Ат - есім, Ат - жануар. 3. бір ұғымның өзі әр тілде әрқандай сөздермен беріледі (орысша – хлеб, қазақша – нан).
Ұғымдардың мазмұны пікірлер арқылы ашылады. Мұнда нәрсе мен оның қасиет – белгілері арасындағы байланыстар ашып көрсетіледі. Мысалы, металдарды қыздырса, олардың көлемі ұлғаяды. Бұл пікірдің формуласын - S дегеніміз P, не S дегеніміз P емес деп жазып көрсетеміз. Пікірлер сапаларына қарай қостаушы, терістеуші болады. Мәселен, Жер Күнді айналады – S дегеніміз P; Су металл емес – S дегеніміз P емес. Пікірлер ақиқат және жалған болып келеді. Алматы – Қазақстанның астанасы (S дегеніміз P). Пікірлер сан жөнінен жалпы, ішінара, дара болып бөлінеді. Сапа мен сан жағынан біріктіріп, оларды мынадай таңбалармен белгілеуге болады: A, E,I, O. Пікірлер екі түрлі тәсілмен құралады: а) Тікелей қабылдау арқылы құралатын пікірлер. Мысалы, Мына бала сабақты нашар даярлады. ә) Жанама жолмен не ой қорытындысы, ой талқысы арқылы жасалатын пікірлер. Логика ғылымында пікірлер бұдан басқа да негіздерге сүйене отырып, түрлі – түрлі болып бөлінеді. Осыдан пікір дегеніміз ойлау формасы, мұнда бір нәрсе не мақұлданады, не теріске шығарылады. Бір немесе бірнеше пікір негізінде нақты бір қорытынды жасалады. Мысалы, біз екі пікір айтсақ: Құс жануар, жануарлар оттегісіз өмір сүре алмайды. Бірінші және екінші пікірлерге сүйене отырып, біз үшінші пікір айтамыз: демек – Құстар оттегісіз өмір сүре алмайды. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады. Ой қорытындыларының мынадай үш түрін ажыратамыз: 1. дедукциялық ой қорытындысы, оған металдардың электр тогін өткізетіні туралы айтуға болады.
Дедукция - латын сөзі, қазақша мағынасы – шығару. Ой қорытындысының бұл түрі бойынша ой жүйесі жалпы жағдайдан жеке, дара жағдайға қарай өрбиді. 2. индукциялық ой қорытындысы – ой қорытындысының жекеден жалпыға қарай дамып отыратын түрі. Мысалы, Алматыда өткен жетіде дүйсенбі күні ауаның тампературасы 200С – тан асқан жоқ. Жұма, сенбі күндері 18 – 190С болды. Жексенбі күні 190С болды. Демек, ауа температурасы өткен жетіде Алматыда 200С – тан асқан жоқ. 3. традукция деп аталатын ой қорытындысының үшінші түрі болып табылады. Оған аналогия арқылы жасалатын ой қорытындылары жатады. Бұл – жеке – дара жағдайдан жекеге қарай өрбіп отыратын ой қорытындысы. Дедукциялық ой қорытындысының кең тараған түрі силлогизм. Формальдық логикада зерттелетін мәселелер – дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары. Ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндірледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Парапар ойлаудың нормативтік ережелері мен заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы ойлау туралы тарихи алғашқы ғылым болып табылады. Адамның өзінің ойлау әрекетінде қолданылатын логикалық заңдар ең алдымен алдын ала жазудың жиынтығы болып табылады. Логикада ойлаудың негізгі формалары көрсетіледі: а) түсінік дегеніміз – объектілердің мәнді және ерекше белгілері бойынша топтарға жинақтау; б) осы объектілер туралы белгілі бір көзқарастарды талқылау және оларға кейбір қасиеттерді жатқызу: в) ой қорытындысы (силлогизм) үлкен тұжырым – жалпы пайымдау және кіші тұжырым – сонымен байланысты жеке пайымдау және осы байланысқа негізделген қорытындыға тікелей байланысты. Ой әрекеті барысында адам қоршаған дүниені танып, білу үшін ерекше ақыл қазметтерін орындайды. Бұл нақты қызметтер өзара байланысқан, бір – біріне ауысып отыратын ойлардың әрқилы әдістерінен құралады. Бұлардың негізгілері: талдау, біріктіру, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау және қорытындылау.
Талдау – бұл оймен бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның қырларын, әрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу. Қарапайым формадағы талдау - әрқандай затты практикалық қажеттікке орай құрама бөлшектерге ажырату. Мысалы, балаларды қандай да өсімдікпен таныстыруда оның құрамын көрсетуден байқаймыз (тамыры, сабағы, жапырағы). Талдау тәжірибелік (ойлау – сөйлеу процесінде жүріп жатады) және ақылдық (теориялық) болып бөлінеді. Егер талдау жоғарыда аталған ой операцияларына ұштаспаса, онда ол қате, механистік сипат алады. Мұндай талдау эксперименттері жас балаларда көптеп кездеседі: бала ойыншығын тез бұзуға ғана шебер, оны құрастыру, бөлшектерін салыстырып, қандай да қорытынды шығару – сәбидің ойына да келмейді. Біріктіру – бұл әрқилы бөлшектер, қасиеттер мен әрекет- қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Біріктіру операциясы талдау әдістеріне қарама – қарсы. Бұл қызмет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қарастырылады. Әрдайым біріктіру бөліктердің қарадүрсін жиынтығын не қосындысын аңдатпайды. Мысалы, автокөлікті жүздеген бөлшектерін құрастырғандағы мақсат металл үйіндісін шығару емес, пайдалы әрекетке келетін машина тұрғызу. Ой процесіндегі талдау мен біріктіру әрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие. Бала жекелеп талдаумен әріптерді тануға қол жеткізеді, ал кейін сол игерген әріптердің басын біріктіріп буын құрайды, буыннан – сөз, сөзден – сөйлем, сөйлемдерді біріктіріп – мәтін мазмұнын шығарады. Талдау мен біріктіру ажырамас бірлікте жүріп жатады. әрдайым біртұтас бүтіндік сипатқа ие болған зат қана талдануы мүмкін. Біріктіру де талдауға негізделеді: қандай да бөліктер мен элементтерді бір бүтінге келтіру үшін, осы бөліктердің өзін және олардың белгілерін талдаудан танимыз. Ойлау барысында талдау мен біріктіру бірін – бірі ауыстырып, кезекпен алғы шепке шығып тұрады.
Салыстыру – бұл әрқандай заттар мен құбылыстардың не ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой әрекеті. Күнделікті тұрмыстық салыстырулар бір затты екіншісіне беттестіру арқылы жеңіл – ақ орындалады. Кеңістіктегі өлшеу мен салмақты таразылау да осы салыстырудың көрінісі. Салыстырудың түрлері келесідей: 1) бір жақты (бір белгісі бойынша, толық болмаған); 2) көптарапты (толық, барша белгілерін ескерумен); 3) үстірт және тереңдей; 4)тікелей және жанама. Салыстыру белгілі бір байланыс не қатынас бойынша жүргізілуі шарт (форма, түс – түр, салмақ, ұзындық немесе уақыт). Іс - әрекетті терең әрі дәл тану үшін аса қажет ойлау қасиеті – бұл ұқсас әртүрлі заттардың айырмашылығын, өзара бөлек заттардың – ортақ, ұқсас тараптарын сезіне білу.
Дерексіздендіру – бұл зерттеліп жатқан нысанның қандай да бір белгісін бөліп алып, қалғандарын елемеу. Мысалы, біз көзге жағымды әсер еткен жасыл түсті ғана назарға ала отырып, ол түстес заттардың өзіне мән бере бермейміз. Бұл процестегі нысаннан бөліп қаралған түр – түс белгі заттың басқа қасиеттерінен оқшау қарастырылып, ойлаудың дербес элементіне айналады. Дерексіздену, яғни бір сапаның заттық негізінен бөлініп қаралуы талдау нәтижесінде жүзеге келеді. Дәл осы дерексіздендіру арқылы ұзындық, ендік, сандық, теңдік және құндылық т. б. түсініктері қалыптасқан.
Дерексіздендіру – танылуға қажет нәрсенің ерекшелігі және оны зерттеуде қойылған мақсатқа тәуелді күрделі процесс. Сонымен бірге абстракция сезімдік ақпаратқа негізделеді, түйсіктерден келген әсерлер болмаса, абстракт ой мазмұнынан жұрдай болып, мәнсіз баянның көзіне айналады. Дерексіздендіру түрлерінің арасында – тікелей іс - әрекетке қосылған тәжірибелік, сезімдік немесе сыртқы түсініктермен берілген ең жоғары, жанама абстракциялауды бөліп қарастыруға болады. Нақтылау – ойдың жалпы және дерексіз күйден мазмұн ашуға керек болған көрнекі зат пен деректі мысалға ойысуы. Адам әрдайым нақтылауды айтылған пікір басқаларға түсініксіз болса, жалпыланған қасиет, белгілі бір нәрсенің мысалында дәлелдеу қажеттігі туындағанда пайдаланады.
Қорыту – заттар мен құбылыстарды ортақ және мәнді белгілеріне орай ойда біріктіру. Мысалы, алма, алмұрт, өрік және т. б. ұқсастықтан олардың бәрін бір жеміс деген түсінікпен арнайы топтық категорияға қосамыз. Ой әрекеті қандай да нәтиже топшылауға бағышталады. Қорытындылауда заттардың ерекше, жалқылық белгілерін шектемей, оларды мәнді, жалпыланған байланыстарды ашуға пайдалану қажет.
Қарапайым қорытындылау нысанның жеке – дара, кездейсоқ белгілеріне негізделеді. Объектінің әр түрлі тараптары бойынша жан – жақты қорытындылануы біраз күрделірек. Ең күрделі қорытынды тек және түр белгілерінің нақты ажыратылып, заттың белгілі бір түсініктер жүйесіне келтірілуімен байланыста. Аталған ой әрекеттері өзара байланыссыз, дербес іске аспайды. Бұлардың негізінде жоғары деңгейдегі топтастыру, жүйелестіру қызметтері жатыр. әрбір ойлау әрекеті өзіне сәйкес ақыл қызметіне арқау болады да адам ойының белсенділік, әрекетшең, шығармашылық жаңғырту қабілетінің сипатын баса танытады.
Психологияда ойлау түрлері мен оларды топтастыру проблемасы бірнеше бағытта шешімін табуда. 1. көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері – дискурсивтік: өз кезең, кезегімен өрістей дамыған ойлау процесі; интуитивтік: желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процесі. 2. шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл және қайта жаңғыртушы болады. Шығармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді.
Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс - әрекеттің төркін, ішкі мән – мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой – пікір құрылымдары пайда болады. Бұл арада іске асатын жаңалықтың екі түрін айыра білу қажет: 1. жалпы болмыс заңдылықтарына бейімделген, ғылымда бұрын болмаған объективті жаналық; 2. нақты тұлға ой - өрісінен бастау алған субъективті жаңалық. Шығармашыл ойлаудың дамуына кедергі болатын факторлар: 1. шектен тыс сыншылдық; 2. шешім іздеудегі асығыстық; 3. ішкі шек қоюшылық (цензура); 4. регидшілдік (ескі білімдерді) қолдануға әуесқойлық); 5. конформизм (сырт көзге мазақ болу қаупінен туындаған тартыншақтық). Қайта жаңғыртушы ой әрекетінің шығармашылдықтан айырмашылығы – дайын білімдер мен ептіліктерді қолданып, ескі сүрлеумен жүре білу. 3. шешілетін мәселенің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және тәжірибелік болып бөлінеді.
Психологияда көп уақыттарға дейін нысандардың заңдылықтары мен қасиеттерін ашуға арналған теориялық қыры ғана ескеріліп, зерттеліп келді.
Теориялық ақыл – ой әрекеттері іске асырылуы тиіс практикалық іс - әрекеттердің бастауы, негізі деп түсіндірілді. Әрқандай теориялық оймен ұштаспаған әрекет ақылдық емес, тек дағдылық, одан әрі тума біткен деп сипатталады. Осының нәтижесінде бір – біріне тікелей қарсы екі ой әрекеті жөнінде көзқарас бекіді: 1. әрқандай ақылдың қатысынсыз орындалатын әрекет; 2. теориялық ойлау негізінде жүзеге келетін әрекет. 4. ойлау түрлерін классификациялауға байланысты психологияда кең тараған бағыттардың бірі – шешілуі тиіс болған мәселенің мазмұнын негізге алу, осыдан ойлау: 1. затты - әрекетік; 2. көрнекі – бейнелі; 3. сөзді – логикалы болып түрленеді. Затты - әрекеттік ойлаудың көрініс сипаты: қалыптасқан жағдайды жаңалай өзгертудегі ой ісі белгілі затқа тікелей бағытталған нақты әрекетпен бірге жүреді. Бұл ой формасы 3 жасқа дейінгі сәбилерге тән. Бұл кезеңде бала заттарды бірін – біріне беттестіре салыстырады; ойыншығын бөлек – бөлек сындыра, бұзып талдайды; таяқшалары мен кубиктерін бір ортаға үйіп, біріктіреді; ойыншықтарын түр – түсіне орай қосып, қорытындылайды. Көрнекі – бейнелі ойлау заттар мен құбылыстардың тікелей өздері емес, олардың есте қалған елес, тұрпаттарын пайымдаумен орындалады. Мұндай ойлауда заттың тұтастай сипаты толық әрі жан – жақты көрініс береді.
Бұл тұрғыдан көрнекі – бейнелі ойлау қиялдаумен жанасып кетеді. Қарапайым формада көрнекі – бейнелі ойлау 4 – 7 жастағы балаларға тән. Бұл кезеңде таным тікелей әрекетпен емес, белгіленген нысанды қабылдап, көрнекі – бейнесін еске, көз алдына келтірумен байланысты.
Көрнекі – бейнелі ойлау арқылы өзі жоқ не көрінбейтін заттың кескін бедері тұрғызылады. Осындай жолмен ғылымда атом ядросының схема сызбасы, жер шарының ішкі құрылымы танылған.
Сөзді – логикалы ойлау қызметі тілдік құралдарға сүйеніп, ойлау процесі өзінің тарихи және онтогенездік дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған.
Сөзді – логикалы ойлау тікелей бейнеге ие болмаған түсініктерді, логикалық құрылымдарды пайдаланады. Осы ойлау түрінің арқасында адам жалпы заңдылықтарды ашып, қоғамның даму желісін алдын ала болжап, сан алуан көрнекі материалды жалпыланған, қорытынды күйіне келтіреді. Сонымен бірге ескеретін жәйт, ойлау қаншама дерексізденгенімен, ол көрнекі – сезімдік тәжірибеден бөлектенбейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет