Адам іс-әрекетінің философиялық, психологиялық және педагогикалық негіздері



бет18/18
Дата29.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#12507
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

3. Уақыт балансының талдамасы.

1) Жұмыс күнінің көрсеткішін анықтау



2) Жұмысшыға байланыстыжұмыс уақыты шығынын анықтау


3) Жұмысшыға байланысты уақыт шығынын анықтау


4) Жұмысшыға байланысты уақыт шығыны жойылған жағдайлардағы еңбек өнімділігін анықтау



5) Жұмысшыға байланысты емес уақыт шығындары жойылған жағдайдағы еңбек өнімділігі

6) Барлық уақыт шығындары жойылған жағдайдағы еңбек өнімділігі

22,2%+ 16,3% = 38,5%


Бүгінгі күннің негізгі талабы - жан-жақты білімді, өз ісінің майталманы, қолынан іс келетін азаматтар даярлау. Нарықтық қатынастар барысында экономиканың нақты заңдарын байланысты адамдар өз мамандығын әлденеше рет өзгертулеріне тура келеді. Бұл қоғам дамуында кездесіп жатқан қатардағы құбылыстардың бірі болып қалады. Сондықтан технолог сабақтарында мамандықтарға бағдарлау, олардың ерекшеліктерімен таныстырып отыру ең қажет шаруа деп санауға болады. Әр бір тақырыпты қарастыру барысында оқушыларды белгілі бір іске, шығармашылыққа, кәсіпке, кәсіпкерлікке қарай икемдеп отыру ең негізгі міндеттер қатарынан орын алады десек ағаттық болмас еді.

Технология сабақтарында оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, оның кәсіптік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, оқушыны шығармашылық жолға түсіретін амал – айлаларды пайдалану, кәсіпкерлікке бейімделу, оқушының теориялық білімімен іскерлігін шыңдайды, білім сапасын жақсартады, ол өз қажеттігін өтей білуге жаттығады өмірге дайындалады. [18,19]

Мектептердің материалдық тенхникалық базасының төмендігі теорияны практикамен байланыстыруда едәуір қиындықтар тудырады, алайда қоғамның өскелең талабына сай көптеген оқушылар ағаштан, металдан көптеген бұйымдар жасауға қызығады. Республиканың көптеген мектептерінде оқушыларды шығармашылық жұмыстарға икемдеу қызу қолға алынған [20,37] Алыңғы қатарлы оқытушылар оқушылар бойына үлкен ізденіс, еңбекқұмарлық, өнерсүйгіштік сияқты сапалық қасиеттер қалыптастырып оларды шығармашылық іс - әрекеттердің қыр сырына қанықтыруда. Оқушылардың қолымен жасалған тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыруға қабілетті сәндік бұйымдарға ауыл, қала тұрғының сұранысы байқалған кейбір жасөспірімнің шығармашылық еңбектері ауданық, облыстық, республикалық көрмелерге қойылып жүлдегерлер болуда[ 35]. Демек, оқушылармен жүргізілген шығармашылық жұмыстардың тиімділігін одан әрі қарай дамыта беру жұмыстары тәрбиелеуге көп септігінтигізері сөзсіз. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарға көзқарасы, қызығушылығы, кәсіпкерлік іс- әрекеттер жөніндегі түсінігі технология сабақтарында қалыптасатыны белгілі.Қандай да тақырып бойынша өткізілетін сабақтарда тақырыпты түсінуге қажет ұғымдар қайталанады, оқушылардың есіне түсіріледі, бұйым жасалатын материалдардың қасиеттері түсіндіріледі, технологиялық картасы дайындалады.

Осындай іс - әрекеттер арқасында бұйымды өнер туындысының деңгейіне көтерудің амал айлалардың жиынтығы жасалады. Нәтижесінде оқушылар бұйымды жасау барысында үнемділікке, тиянақтылыққа көркемдеп өңдей білуге үйренеді, қоғамға өзіне пайдалы еңбек ету амалдарына төселеді, шығармашылық, кәсіпкерлік жұмыстардағы адалдыққа, жауапкершілікке, іскерлікке жаттығады.

Технология сабақтарында эстетикалық жағынан дамыған, ойлау қабілеті кең жеке тұлға тәрбиелеуде өнерді еңбекпен байланыстырып, қазіргі заман дизайн талаптарына сай әсемделген шығармашылық жұмыс нәтижесінде оқушылар ағаштан, металдан тұрмысқа қажетті сәндік бұйымдар жасау тәртібін үйренеді.Міне осы мақсатқа бағдарланған « шығармашылық жоба» бөлімі бойынша 5 сыныпта өткізілген сабақ жоспарын келтірейік

Сабақ негізінен төиенднгідей мақсаттарды көздейді:

1. Білімділік мақсаты – бұйымды жасау технологиясының негізгі кезеңдерімен, онда орындалатын еңбек амалдарының қыр – сырларымен, бұйфмның технологиялық картасын жасаудың жолдары және оған қойылатын талап түрлерін үйрету.

2. Дамытушылық мақсаты: оқушыларды алдынала ойлана білуге, шығармашылық қабілетін өткірлей түсуге, бұйымды жасай білуге есеп – қисап жүргізе білуге баулу, шеберлікке талпыныстарын ұштау.

3. Тәрбиелік мақсаты: тазалыққы, еңбек қауіпсіздігін сақтауға, эстетикалық талғамының деңгейін жоғарылатуға, тыңғылықты жұмыс атқара білуге, еңбек нәтижесін көруге қызығушылыққа, бұйымды кқркемдеп әрлей білуге баулу.

( Ескерту ! сабақ жоспарын толық келтірмей оның негізгі ойларын, сабақтың логикасын баяндауды жөн көрдік автор)

* Әуелі шығармашылық жоба бойынша оқушылардыңбілімдері тексеріліп бағаланады, тол үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

1) Шығармашылық жоба деген не? ( шығармашылық жоба әр оқушының жыл бойы мұғалімінің көмегімен лрындайтын өзіндік жұмысы)

2) Жобаның сапасы неге байланысты? ( жобаның сапасы оқушының біліктігіне, біліміне, тақырып бойынша материалды меңгеруіне байланысты)

3) Шығармашылық жобаның І бөлімі қалай аталады? ( Мәселені болжау және негіздеу)

4) Мәселені болжауға және негіздеуге қандай талаптар қойылады?

Жауап: Мәселені болжауға және негіздеуге төмендегідей талаптар қойылады:

а) Жасалатын бұйымның пайдалылығына, әрі сұранысқа ие болатынына көз жеткізу, құрастыру амалдарының қисындылығын, тиімділігін анықтау.

б) Қазіріг заман дизайн талаптарына сай әсемдеу. Тұтынушы талғамын, талаптарын, сұранысын ескеру.

в) Жасалатын бұйымға лайық жарнама дайындау

5) ІІ бөлім қалай аталады?

( Материалдарды таңдау және өлшемдерін жобалау)

* Бұдан кейін оқушылар ІІ бөлім тақырыбы бойынша тест сұрақтарына жауап қайтарды.

1) Ағаш материалдарын өңдеу үшін оның қандай табиғи ерекшеліктерін ескеру керек?

жауап нұсқалары: а) жұмсақ қаттылығы, ылғалдылығы, түр – түсі

ә) түр – түсі, тығыздығы, жұмсақтығы, жылу мен ылғал өткізгіштігі, текстурасы, ылғалдылығы.

б) текстурасы, ылғалдылығы




Қорытынды

Тақырып бойынша психологиялық, философиялық, педагогикалық әдістемелік, экономикалық және арнайы әдебиеттерді, ғылыми- әдістемелік басылымдарды оқып, талдап төмендегідей қорытындыға келдік:

1. Жеке адам қоамнан тыс дами алмайды.Сондықтан адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өзіне ғана тән қасиеттері әлеуметтік жағдайға, нақтылы кәсібіне, іс- әрекетіне, білім қабілетіне байланысты анықталады. Адам тек іс- әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетітеді, ал қызмет ету барысында қабілеті, іскерлігі, дағдысы дамиды, шеберлігі артады.

2. Адамның іс - әрекетінің негізгі формаларына ойын, білім алу, ақыл ой еңбегімен шұғылдану, өнермен, шығармашылықпен, кәсіпкерлікпен, т.б. айналысу жатады.

3. Адам көздеген мақсатына жету үшін түрлі құралдарды, аспатпры мәліметтерді, әртүрлі амал тәсілдерді қолданады, міне осыларды кәдеге жарату үшін, оның белгілі іскерлігі дағдысы болуы қажет.

4.Іс-әрекет психологиялық, әлеуметтік категория оның бірлік бөлігі амал, ал амал белгілі бір істі жүзеге асырудың тәсілі.

5. Іс- әрекет күрделі құрылымды әлеуметтік категория, ал оның құрылымдық құраушылары:

1) Жеке адамның өзіндік бағыты, өзгелерге қатынасы, моральдық бейнесі;

2) білімі, іскерлігі, белгілі бір қалыптасқан дағдылары;

3) ойлауы, қабылдауы, түйсігі, сезімі, есте сақтау қабілеті;

4) адамның жеке басының темпараменттік қасиеттері болып табылады.

6. Адамның жан- жақты үйлесімді дамуы келтірілген құрылымдық факторларға тәуелді. Олардың бірінің әлсіз дамуы, адамның жеке басындағы олқылықтарды кемшіліктерді тудырады.

7. Зерттеулеріміздің барысында іс- әрекеттің нәтижесі адамның жеке басының ерекшклік сипаттарына немесе тиянақтылық, тындырымдылық, аңғарымдылық, ойлы,ойсыз, айқын мақсатты,мақсатсыз қызба, ұшқалақ, салмақты, салқынқанды еліктегіш, еме, әсершіл, ұяң, тұйық, жалтақ, көнбіс, төзімді, шыдамсыз, биязы, кішіпейіл, адал,шыншыл, намысшыл, алғыр, шешімді, отар, дөрекі т.с.с қасиеттеріне байланысты екндігіне көз жеткіздік.

8. Адамның қабілеттілігі іскерліктің қалыптасуына сәйкес дамиды. Қабілеттілік пен іскерлік өзара тығыз байланысты. Адамның қабілеттілігі мен іскерлігін, оның шығармашылық жұмыстарға бейімділігін дамытуда зеректік, аңғарымпаздық, ұйымдастырушылық, есте сақтағыштық, белсенділік қасиеттері ерекше орын алады.

9. Ғылымдардың, әдіскерлердің зерттеулеріне сүйене отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға оладың төмендегідей іс- әрекеттеріне қолда көрсетіп, көмектесудің нәтижелі болатынына көз жеткіздік

- оқушылардың анализ және синтез сияқты ой әдістеріне машықтануы;

- негізгі қосалқы нәрседен ажырата білу;

- құбылыстар мен процестердің мән- жайына түсініп талдай алуы;

- әдеттегі, үйреншікті оқиғалар, фактілер арасындағы қарама- қайшылықтарды байқай білуі ;

- мәнді, мағыналы, шешім қабылдауы т.б.

10. Адам іс- әрекеттері арқылы қоршаған дүниені, әлемді, табиғатты таниды, оны өзгертеді, өзінің ыңғайына бейімдейді, заттардың қасиеттерін зерттейді, жаңа қасиетті жаңа заттар өңдіреді, оларды өз мұқтажына жаратады.

11. Іс- әрекет процесінде адамнвң ойлау, ой түю, ойлана білуге төселу сияқты қабілеттері дамиды, ал ойлау нәтмжесінде іс- әрекет түрлері жетіледі, тиімділігі артады, уақыт, күш қуат, қайрат, материалдық шығын үнемділеді, іс- әрекет нәтижесінде шығармашылық жұмыстардың туындылардың, өндірілетін материал игіліктердің сапасы жақсарады.

12. Адамға әлі шешімі табылмаған мәселелер мен міндеттердішешуге мүмкіндік беретін танымдық процестер, бұрын қолданыста болмаған ұғымдар мен логикалық амалдарды табу, жаңа бейнелер, мағыналар жасау болмыстың жаңа қасиеттерін табу, болмысты өзгертудің тың әдістенрін дүниеге келтіру шығарманың іс- әрекеттер қатарынан орын алады деп түйіндеу ағаттық болмаса керек.

13. Оқу процесінде бұрын ашылған ғылыми жаңалықтарды, ізденістер арқылы қайта ашу іс- әрекетін оқушы үшін шығармашылық жұмыс деп түсіну жөн.

Мұндай іс- әрекеттер арқылы оқушылар сыншылдыққа, сенім іздемей дәелдеуге анықтамалар, ережелер, тұжырымдар іздемей олардың жасалу жолын, амалын үйренеді.

14. Ғылыми өнер табуда қадам сайын кездесетін әдеттегі, дәстүрлі ойлауда, тіпті қарапайым мәселенің шешімін таба білуге кедергі келтіретін бөгеттерді айналып өту, басқаша ойлау, тың жол табу, оқушыны шығармашылық жолға икемдейді.

15. Оқушыларды щығармашылық жұмыстарға икемдеу де оларды осы іс- әрекеттерге бейімдейтін жаттығулар, тапсырмалар орындау көп көмектеседі.

16.Адамның көптеген іс- әрекеттерінің бір түрі кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікте шығармашылық іс- әрекеттер сияқты білімге, ой -өріске байланысты.

17. Кез- келген шығармашылық іс- әрекет сияқты кәсіпкерлікте де қандай да бір туындаған, мәселелермен тығыз байланысты, кәсіпкерлік идеясының адам ойында оянуына, өнімді іске айналуының нәтижелі болуын ең негізгі түрткілеріне материалды және рухани игіліктерге деген қажеттілік деп түсінеміз.

18. Кәсіпкерлік идеяны табуға мотивация, рыноктың жай –күйі, ғылым мен техниканың жетістіктері,қанағаттандырылмаған сұраныс және тағы басқа факторлар өте күшті ықпал етеді.

19. Идеяның( кәсіпкерлік) құндылығына, плтенциалына талдау жүргізуді, оны жүзеге асырудың шарттары, әлеуметтік, техникалық, экономикалық мүмкіндіктері қарастырылды.

20. Кәсіпкерлік идеяда тәуелділік түрлері анықталды, олардың пайда болу көздері, қаржы шығындарын мейлінше азайту шаралары белгіленді.

21. Бизнес жоспарға қоятын талаптар, ондағы көзделген мақсаттарға жету амалдары, қолданылатын техника, технология, ресурстар, басқару процестері белгіленді.

22. Кәсіпкерлік іс- әрекеттің негізгі мақсаттары, болашақтағы жұмыс түрлері, қанша, қандай көлемде пайда табудың амалдары, экономикалық жағдайларды жақсарту әдістері, ғылыми техникалық потенциалды ұлғайту жолдары көрсетілді.

23. білім сапасын көтеруге және технлногиия пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін, бизнес жоспарды жасау жолдарын түсіндіру үшін бизнес жоспардың (шартты) үлгісі келтірілді.

24. Технология сабақтарында оқушыларды шығармашылық пен кәсіпкерлікке икемлеу әдістемелері жасалды. Мұнда мектеп оқушыларын ғылыми- техникалық әлеуметтік прогресс талаптарына сәйкес жалпы білім беру, оқушылардың танымдық қабілеттерін өздігінен толықтыра білу іс- әрекетінің түрлері анықталды.

25. Оқушыларды өнер тапқышқа, рациопализаторлық іс- әрекеттерге жұмыс орнында іс- қимылды тиімділендіру, жұмыс орнын ғылыми негізде ұйымдастыру, өнімнің өзіндік құнын есептеу, уақытты, энергияны, материалды үнемдеу, бұйымның сапасын жақсатру жолдарын оқытудың, үйретудің айла амалдары көрсетілді.

26. Оқушыладың білім сапасын жақсартуға бағытталған білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыру және бағалауға арналған бұйымның технологиялық картасын жасаудың әдістемелері анықталды.

27. Бұйымды және оның бөлшектерін өңдеуді әрлеу, безендіру, өңдеу жұмыстарының рет тәртібін көрсетуге арналған сабақ жопспары жасалынды.

28. Бұйымдарды жасауға кеткен шыындарды бұйымның өзіндік құнын есептеудің қарапайым әдістері көрсетілді.

29.Анықтаушы және қалыптастырушы және педагогикалық эксперименттерді өткізу әдістемесі жасалынды, оның нәтижелерін, тиімділігін есептеу және анықтаудың матенриалдық жолдары көрсетілді.

30. Педагогикалық экспериментті өткізуге қажетті сұрақтар, тестер оларды тексеру әдістері келтірілді, эксперимент нәтижесін көрнекілеу әдісі жасалынды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975 с. 238

2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.- М., 1946

3. Менчинская Н.А. Психологические вопросы анализа развивающего эффекта обученя // Вопросы организации и методов исследования знаний, умений и навыков учащихся: С. Науч. Тр.- 1973- 130 с.

4. Жұмабаев М. Педагогика – Алматы 1977 – 277 бет

5. Аймауытов Ж. Педагогика - Алматы 1977 – 277 бет

6. Дулатов М . Педагогика – Алматы 1977 – 277 бет

7. Менчинская Н. А. Проблемы учения и умственного развития школьника. – М; 1989

8. Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы ред. Басқарған Петровский А.В. Алматы: - Мектеп 1988

9. Щукина Г. И. Роль деятельности в учебном процессе: Кн. Для учителя. – М. : просвешение, 1986 – 144 с

10. Гальперин П.Я Введение в психологию – М., 1976

11. Человек: Психология: Кн. Для учащихся старших классов. – М.: Просвешение, 1980 – 224 с.

12. Педагогика : Учебное пособие для студентов педагогических институтов. Под ред. Ю.К. Бабанского. – М.: Просвещение, 1983. – 608 с

13. Құдайқұлов М. Ә. Қабілеттілік, дағды, шеберлік Алматы: Қазаұстан, 1986

14. Платонов К.К. Проблемы способностей . – М., 1972

15. Гнедина Т.Е. Физика и творчество в твоей профессийи М.: Просвещение Кн. Для учащихся ст. Классов. – М.: Просвещение, 1988- 159с

16. Методика трудового обучения и общетехнических дисциплин. – М.: просвещение, 1982

17. Методика трудового обучения под ред. Тхоржевского Д.А. М.: просвещение, 1981

18. Қосанов Б.М. 2 – сынып математика курсындағы шығармашылық жаттығулар және оларды орындау әдістемесі. Алматы, 2002

19. Горемыкин В.А. богомолов А.Ю.

Бизнес план: методиеа разработки , 25 реальных образцов бизнес плана. – м.: Ось 89 2000 – 576 с

20. Организация производства на предприятии.

Учебник для технических и экономических специальностей вузов

Под ред. О.Г. Туровца и Б.Ю. Сербиковского Ростов на Дону издательский центр « МарТ » 2002

21. Зайцев Н.А.

Экономика организация и управление предприятием: Учебное пособие. – м: ИНФРА – М, 2004-491 с

22. Усова А.В. Бобров А.А.

Формирование учебных умений и навыков учащихся на уроках физики – М.: Просвещение 1988

23. Сыздықов О. Оразбаев Б. Нысанбаев Ғ.

Конструкцмялық матнрмалдар технологиясы Алматы: республикалық баспа кабинеті 1993 290 бет

24. Борисов И.Б. Обработка дерева. « Феникс » Ростов на Дону 2000

25. Технология учебник для 5 – го класса общеобразовательных учреждений ( Вариант для мальчиков ) под ред. В.Д. Симоненко Москва : просвещение 2000

26. Технология трудовое обучение. Учебник для учащихся 6 класса ( вариант для мальчиков ) общеобразовательной школы Под ред. В.Д. Симоненко. Москва. Издательский центр « Вентана – Граф » 1998

27. Самородский В.Д. Симоненко, А.Т. Тищенко Технология учебник для учащихся 7 класса общеобразовательных учреждений ( вариант для мальчиков) Москва. Издаиельский цнтр « Вентана – Граф » 2000

28. Остеміров К. Адамқұлов Н., Асанова С. Және басқалар – 58- Технология. Жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған оқулық Алматы « Атамұра » 2002

29. Өстеміров К, Адамқұлов , Шмекеева Г, Әлмағанбетова Д. Технология сыныбына арналған оқулық. Алматы: мектеп баспасы, 2004 -0276 бет

30. момынбаев Б, Адамқұлов Н т.б.

Технологтя: Жалпы білім беретін мектептің – сыныбына арналған оқулық. Алматы: « мектеп » баспасы, Москва: просвещение 1980

31. Қарапаев С.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу маңызы

// Бастауыш мектеп - № 1 – 2006

32. Оразов Т. Оқушыларды « Слесарьлық ісі » кәсібіне баулу.

// Мектептегі технология № 1 20006

33. Бопишев Б. Оқушыларды шығармашылық жоба арқылы өнерге қалай әкелуге болады?

// Мектептегі технология № 1 2006







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет