Ежелгі дамуы Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.
Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.
Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.
19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.